Тестирование 1 (Раздел «Экология»)


Қоршаған ортаға әсерді бағалау міндеттілігi



бет18/37
Дата04.01.2022
өлшемі113,16 Kb.
#109262
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Байланысты:
Экологиялық нормалау негіздері және сараптама

Қоршаған ортаға әсерді бағалау міндеттілігi

1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлері үшін міндетті болып табылады.

2. Қоршаған ортаға әсер ететін шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерін бағаламай әзірлеуге және іске асыруға тыйым салынады. Әсерді бағалау нәтижелерін жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады.

3. Жобаланып жатқан және жұмыс істеп тұрған объектілердің перспективалық қызметі осы Экологиялық Кодекстің талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады.

4. Жобалардың тапсырыс берушісі (бастамашысы) мен әзірлеушісі қоршаған ортаға әсер етуге жүргізілген бағалау нәтижелерін ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтіретін нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет