сараптама бөлімшелерінің қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыруға;
экологиялық сараптама кеңестерін басқаруға, олардың қызметін
ұйымдастыруға;
сараптама жүргізу әдістерін белгілеуге;
экологиялық сараптама қорытындыларына қол қоюға;
сараптама жүргізуге қажетті қосымша материалдарды сұратып алуға;
экологиялық сараптама ұсынылған экологиялық нормалар мен ережелерге сай келмейтін материалдарды қабылдамауға;
заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерге құқықтар береді.
Мемлекеттік экологиялық сарапшыға белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген, сондай-ақ олар орындаған сараптама үшін жауап береді. Атап айтқанда, мемлекеттік экологиялық сарапшының сараптама үшін қажетті құжаттар мен материалдарды талап етуге, қосымша мамандар тартуға, жүргізілген сараптама жөнінде ерекше пікір қалыптастыруға және т.б. құқығы бар.
Экологиялық сараптамаға жататын құжаттамаға тапсырыс берушілер 35,36-баптарда көзделген белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болады, атап айтқанда мынадай құқыктарға:
— сарапталатын объектілерге қатысты немесе сараптама
объектілерінің жекелеген талдамалары мен негіздемелері бойынша жазбаша немесе ауызша түсіндірмелер, ескертпелер мен ұсыныстар беру;
— экологиялық сараптаманың алдын ала және түпкілікті қорытындыларымен танысу;
— қосымша, қайталап немесе бақылаушылық экологиялық сараптама жүргізудің орындылығы туралы мәлімдеу;
— егжей-тегжейлі зерттеулер мен есептеулерді талап етпейтіп
түзетулерді, өзгерістерді дер кезінде енгізу;
— Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары,
шарт ережелері не өздерінің құқықтары бұзылған жағдайларда қоғамдық сараптама қызметін көрсету кезінде шартты бұзу;
— экологиялық сараптама жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген зандарының бұзылуынан келтірілген зиянды өтеу туралы сотқа талап кою құқығына ие болады.