Тесттік бақылау сұрақтары



бет2/2
Дата12.02.2023
өлшемі26,39 Kb.
#168424
1   2
Байланысты:
Ñèòóàöèÿëû? åñåï, òåñò

Ситуациялық есеп №1:
Жедел жәрдеммен 5 жасар Евгений, мамасымен балалар стационарының қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Бала 5 күн ауырған: температура 37,7 дейін, мұрнынан шырышты бөлінділер бөлінген, түшкіру, құрғақ жөтел, тәбеті төмендеген, ұйқының бұзылуы. ЖРВИ-ға симптоматикалық ем жүргізілді. 6-шы күні баланың жағдайы нашарлады: дене қызуы 38,7 дейін жоғарылады, ылғалды жөтел жиіледі, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, 2 рет құсу болды.

  • Дәрігер баланың шұғыл және басты көрсеткіштердің бар болуына тексеріс жасайды.

  • Дәрігер баланы орап үстелге жатқызып, баланың ауырлық жағдайын бағалап, пальпация, перкуссия, аускультация, ЖЖЖ, ТЖ санайды.

  • Кенеттен қарау кезінде баланың тыныс алуы тоқтайды.

  • Дәрігердің шұғыл көмегі, тексеру жоспарын құрып, емін тағайындаңыз?



Ситуациялық есеп №2:
Қабылдау бөлімінің дәрігеріне 3 айлық Болаттың анасы температураның жоғарлауына 38,6, суықтауға, құрғақ жөтелге, жөтел жайлап жиілеуге шағымданып елді. Екі күн бойы ауырады. Баланың жағдайы таңертеңнен нашарлап, ентігу пайда болды. Бала мазасыз және анасының емшегін аз емеді.
1. Негізгі шағымдары: дене температурасының 38,6 дейін жоғарлауы, суықтау, құрғақ жөтел, ентікпенің өршуі, баланың мазалануы және емшектен бас тарту.
2. Өмір және ауру анамнезі: Болат 3 күн ауырады, жағдайының нашарлауы таңертеңнен байқалады. Алғаш рет ауырған, суық тигенмен байланыстырады. Емханадан дәрігерді шақырмаған, өз бетімен емделген: мұрынға емшек сүтін тамызған және кеудесіне құйрық маймен сылаған. Бала ентіге бастағаннан кейін, шұғыл түрде балалар ауруханасының қабылдау бөліміне келген.

  • Дәрігердің шұғыл көмегі, тексеру жоспарын құрып, емін тағайындаңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет