Тәуекел – бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі


Қаржылық залалдар деңгейі бойынша



бет10/14
Дата06.02.2022
өлшемі36,46 Kb.
#81131
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
тауекел

8.Қаржылық залалдар деңгейі бойынша:

  • Мүмкінді қаржылық тәуекел;


  • Сыни қаржылық тәуекел;


  • Апатты қаржылық тәуекел.




9.Болжай алу мүмкіндігі бойынша:


  • Болжанатын қаржылық тәуекел;


  • Болжанбайтын қаржылық тәуекел.




10.Сақтандыру мүмкіндігі бойынша:


  • Сақтандырылатын қаржылық тәуекел;


  • Сақтандырылмайтын қаржылық тәуекел.



Сипатталатын объекті бойынша қаржылық тәуекелдердің келесі топтарын бөледі:

  • Жеке қаржылық операция тәуекелі. Ол қандай да бір қаржылық операцияға тән барлық қаржылық тәуекел түрлерінің бүкіл спектрін кешенді түрде сипаттайды (мысалы, қандай да бір акцияны сатып алуға тән тәуекел);


  • Әр түрлі қаржылық қызмет түрлері тәуекелі (мысалы, кәсіпорынның инвестициялық немесе несиелік қызметінің тәуекелі);


  • Кәсіпорынының жалпы қаржылық қызметі тәуекелі. Кәсіпорынның қаржылық қызметіне тән қаржылық тәуекел түрлерінің кешені оның қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық формасының ерекшелігімен, капиталының құрылымымен, активтер құрамымен, тұрақты және өзгермелі шығындарының ара қатынасымен және тағы басқалармен анықталады.




Зерттелетін инструменттер жиынтығы бойынша қаржылық тәуекелдер келесідей топтарға бөлінеді:


  • Жеке қаржылық тәуекел. Ол жеке қаржылық инструменттерге тән жиынтық тәуекелді сипаттайды.


  • Портфелді қаржылық тәуекелОл портфелге біріктірілген бір функционалды қаржылық инструменттердің кешеніне тән жиынтық тәуекелді (мысалы, кәсіпорынның несиелік портфелінің тәуекелі, оның инвестициялық портфелінің тәуекелі және тағы басқа да тәуекелдер) сипаттайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет