Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы. 1 Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»


Астананы Алматыдан Астанаға көшіру



бет4/6
Дата13.12.2021
өлшемі38,84 Kb.
#125788
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық
Критериалды бағалау қағидаттары, Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану пәнінде талдау, Дшс 20-03 Акт
4. Астананы Алматыдан Астанаға көшіру.

Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі астананы ауыстыру туралы шешімді 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылдаған болатын. Осыдан кейін дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. Құрылыс қарқынын арттыру әрі инфрақұрылымын дамыту мақсатында 1997 жылы Ақмола қаласында (қазіргі Астана) Ақмола арнайы экономикалық аймағы құрылды. Ол белгілі бір деңгейде жаңа елорданың дамуына өз септігін тигізді. ҚР Президентінің астананы көшіру туралы Жарлығы жарыққа шыққаннан кейін Алматыда Ақмолаға мемлекеттік органдарды қоныстандыру жұмыстары басталды . 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы бойынша, Ақмола атауы Астана болып өзгерді. Астана қаласының қазақ елінің жаңа астанасы ретінде халықаралық таныстырылымы 1998 жылы 10 маусымында өтті. Астана күні 6 шілде күні аталып өтіледі. Өйткені дәл осы күні Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі астананы Алматыдан Ақмола ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл күн мемлекеттік мереке болып саналады. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. 1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар. Бүгінде Астана түрлі халықаралық деңгейдегі шараларлы өткізетін орталыққа айналып үлгерді. Мәселен, 2010 жылы елордада 11 жылдық тоқыраудан кейін ЕҚЫҰ саммиті ұйымдастырылып, өте жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар өткен жылы 7-ші қысқы Азиада ойындары да жоғары талапқа сай ұйымдастырылды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі де тұрақты өткізіліп келеді. Астана алдағы уақытта да осындай жоғары деңгейдегі шараларды өткізу орнына айналады. Бұдан бөлек, Астана 2017 жылы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені жоғары деңгейде өткізуге барын салатын болады.



5. Елбасының Қазақстан халқына жолдауларындағы тарихи сабақтастық («Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» стратегиялары, «Нұрлы жол-Қазақстандық даму жолы», «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет