Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы. 1 Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»



бет6/6
Дата13.12.2021
өлшемі38,84 Kb.
#125788
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық
Критериалды бағалау қағидаттары, Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану пәнінде талдау, Дшс 20-03 Акт
"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.

ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері

Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі

Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы

Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы

Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция

Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы

Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі



Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы әдеттегідей «Нұр Отан» партиясының басты назарында болады. "Нұрлы жол", инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының жүзеге асырылуы пысықталған депутаттық фракция жиынында аталған мәселелерге айрықша көңіл бөлінді.Халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған бағдарламалар жергілікті атқарушы органдардың күн тәртібінде бірінші орында тұруы тиіс. Жұмыла көтерсе ғана, жүк жеңіл. Жобалардың сәтті іске асырылуы - барлық мемлекеттік органдарға ортақ міндет. Мемлекет басшысының шетелдерге ресми сапарларының аясында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде көптеген инвесторлар елге қаржы құюға құлшынып отыр. Енді әрбір өңір инвестициялық климаттың жақсара түсуіне, тартылатын шетелдік қаржылардың елдің нақты экономикалық секторына бағытталуына септігін тигізуі қажет. Бұл бағытта Қостанай облысында шаруа ширақ. Алдағы бес жылда бір жарым миллион шаршы метр тұрғын үй тапсыру жоспарланып отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде биыл Тобыл өңірінде 430 отбасы баспаналы болады. Бұл шамамен 30 мың шаршы метр. «Әуежай» шағын ауданында 2018 жылдың аяғына дейін қырық бір көпқабатты үй бой көтереді. Әлеуметтік нысандарға келетін болсақ, биылдың өзінде осы шағын ауданда 900 орындық мектеп құрылысы басталды. Мұның сыртында әрқайсысы 280 балаға есептелген екі балабақша бой көтермек. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында үлкен спорт кешені ел игілігіне беріледі. Жол жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат та уақтылы игерілгені айтылды жиында. Автокөлік жобаларына, логистикалық инфрақұрылымды дамытуға қомақты қаражат бөлінген.
«Бизнестің қатысушылары мен Еуразиялық экономикалық кеңістік үшін арнайы алаң құру өте маңызды. Бұл алаңда «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойылған тапсырма, яғни 30 дамыған елдің қатарына ену мақсаты талқыланады. Жолдауда қойылған тапсмырмалардың жүзеге асуына белсенді үлес қосуға ниеттіміз», - деді бизнес-форумның ұйымдастыру комитетінде.Айта кетерлігі, бағдарламада Қазақстан аймақтарында кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылған. Ол үшін өңірлердің қала және аудан әкімдері шақырылды.«Жолдаудың басты бағыттарының бірі шағын және орта бизнестің дамуы. Тапсырмаларды жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар берілді. Осы сынды маңызды сұрақтар, стратегиялар Еуразиялық бизнес форумда талқыланатын болады. Форумда әрбір делегат өз ұсыныстарын беруге, отандық шағын және орта бизнесті дамытуға қандай әрекеттер жасауға болатын кеңестерімен бөлісе алады», - ұйымдастыру комитетінде осылай хабарлады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет