ТӘуелсіз қазақстанның тмд мемлекеттерімен қарым-қатынасы алматы,2008 мазм ұ н ы кіріспе


Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы



бет2/5
Дата31.01.2018
өлшемі1,31 Mb.
#37128
1   2   3   4   5

Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы


ЕурАзЭҚ - қүрамына Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей жэне Тэжікстанды енгізе отырып, Кедендік одақты дамыту үшін үлкен мақсатты - ортақ экономикалық кеңістік пен ортақ рынокты қалыптастыруды, саяси одақ құруды көздеді. Украина, Молдова және Армения бақылаушы мәртебесін алды. 2003 жылдың 19-20 ақпанында ЕурАзЭҚ-ның "Бірінші экономикалық форумында" ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қауымдастықты құрудың бастамашысы ретінде 2011 жылға арналған негізгі міндеттерді атап көрсетті. Соның бірі біріккен мемлекеттердің ортақ ақша бірлігін енгізу. Аз уақыттың ішінде дайындалып, 2003 жылдың 23-ақпанында Белоруссия, Қазақстан, Ресей жэне Украинаның Біртүтас экономикалық кеңістігін (БЭК) құру туралы Келісімге қол қойылып, бекітілді.. БЭК-тің мақсаты: суперұлттық экономикалық реттеуші ұйым арқылы аймақтық интеграцияға қол жеткізу, сэйкесті заңнамалар мен экономикалық саясатты үйлестіру, сауда және тариф бойынша бірыңғай жүйелеп отыратын мемлекетаралық тәуелсіз комиссия құру.

Қазақстан, Ресей, Украина және Түркіменстан президенттері газ саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы ұсынысқа қол қойды. БЭК-ке қатысушы елдердің экономикалық әлеуеті ТМД-ның барлық әлеуетінен 96%-ға жетеді. Қазақстан, Ресей, Украина мен Белоруссия экономикалық реформалар қарқыны, ортақ байланыс тілі т.б. факторлар бойынша ТМД елдерінің ішіндегі нақты әріптестерге айналып, ал мұндай құрылым құру БСҰ-ға мүше болуға қайшы келмейді [83. 2003. 15 маусым].

БЭК ТМД кеңістігінде интеграциялық үдерістердің "локомотиві" бола алады деген қорытындыға келгенімен әр елдің сарапшылары бұрынғы тәжірибелерге сүйене отырып, жаңа ұйымға үстамдылықпен қарады. РФ-ның Мемлекеттік думасы комитетінің ТМД істері және отандастармен байланыс бойынша төраға орынбасары А.Лебедов ТМД-ның 70 мемлекетаралық органының басты кемшілігі - бюджетке үлкен салмақ салу деп көрсетті. ТМД балама ретінде БЭК-тік шеңберінде интеграцияға кірісті. Ал Х.Тиммерман (ғылым және саясат Қоры институты, Берлин) ТМД-ны мықты интеграциялык фактор ретінде танып, БЭК-ке оң баға бермеді. Ресей ғылым академиясының халықаралақ экономика жэне қүқық институтының директоры Р.Гринберг БЭК-тің болашағын жоққа шығарды, ҚР-ньщ әлеуметтанушы жэне саясаттанушы Ассоциациасының сарапшысы М.Сәрсенов те БЭК-тің декларативті-саяси сипатын атап көрсетті. "Төрт елдің экономикасьшың эр түрлі бағытта өріс алуы себепті экономикалық тұрғыдан ... әзірше сенімсіз. Қазақстан экономикасының бағыты -шикізаттық, төрт елдің заңнамаларында да қарама-қайшы түстар көп ...бірақ

Қазақстанның позитивті айқын мақсаты бар. Біз КСРО бойынша тағдырлас ағайындарымызға өз бағытымызды түсіндіре аламыз. Өйткені жарияланған көпвекторлық саясатымызға байланысты біз "түрік үлгісін", "оңтүстік корей", "қытайлық" үлгілерді құруға ұмтылып, біресе Батысқа, біресе Ресейге арқа сүйедік. Бүгінде Қазақстан басқа елдермен қатынасында тепе-теңдікті сақтайды - бұны көпвекторлы деп атауға болады. Сыртқы саяси бағыттың үйлесімділігі де сонда, біз өмір бойы көрші тұрған елдермен ынтымақтастықты нығайта береміз. ТМД-дағы ағайындармен кез-келген байланыстың түрі Қазақстан үшін тиімді, оның пайдасына шешіледі. Дегенмен экомикалық салада маңызды реформалар жасау керек. Құқықтық кеңістікте бір ізділікке қол жеткізу үшін бір-бірімізді қолдауымыз өте қажетті Іс...» /19,45/.

Мұндай тұжырым ҚР-нда және басқа да посткеңестік елдерде модернизациялық қайта құруларды дамыту шараларында анық болды. Түптеп келгенде еріктілік қана емес, өте-мөте темірдей қажеттілік оларды ынтымақтастыққа ұмтылуға мәжбүрлейді. "Төрттіктің" жақын мандағы мақсаты тауарлардың жылжу, капитал, қызмет көрсету және жұмыс күші жолындағы кедергілерді жою. Ынтымақтастық үлгісін жасауда ТМД мен ЕО тәжірибелері ескерілді. Яғни іс жүзінде әр түрлі аймақтарда интеграциялық күштердің өзара толықтыруларын қамтамасыз ету жэне бірыңғай кеңістікті қалыптастыру қажет.

Кедендік одаққа қарағанда ЕурАЭҚ қабылданған шешімдерді орындаудың механизмдері жэне нақты құрылымы бар халықаралық ұйым мәртебесіне ие. Ерекше құндылығы - әр қатысушыға көбірек кеңістік беретін әр түрлі деңгейдегі және әр түрлі қарқындағы интеграция ұстанымы болуы; бұрынғы қол жеткен келісімдерді, олардың табыстарын, қаралған нақты мақсаттар мен қабылданған шешімдердің орындау мерзімі туралы келісімдер сабақтастығы. Елдер экономикалық әлеуетіне сай интеграциялық комитеттің қызметін қаржыландырып, дауыс береді. Бүл жерде бірінші рет ТМД кеңістігінде "ойластырып дауыс беру" жолы арқылы шешім қабылдау жүйесі қолданылады, мәселен, 2006 жылы Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің шекараларында өткізу пункттерін жөндеу жұмыстарын жүргізу жэне 2010 жылы ЕурАзЭҚ-тың сыртқы шекарасының келісілген күзеттерін заңдастырып және толық жөндеуден өткізу қажет. Сонымен қатар кеден қызметінің біртұтас басқару жүйесін орнатып, мемлекеттер арасындағы шекараларда кедендік бақылауды алып тастау мәселесі күн тәртібінде түрса, 2015 жылы Қауымдастық мүшелерінің шекаралық қызметтерімен біртұтас басқару жүйесін құру жоспарға енгізілді.

Қатысушы елдердің көрсеткіштері іс-жүзінде өскендігін мына фактілерден көруге болады: 2000-2004 жылға ІЖӨ - нің өсуі ҚР-да 10,3%, ТР-да - 9,7%, БР-да - 6,5%, РФ-да - 6,2%, КР-да - 4,8 % көрсетті. Бұл турасында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "ЕурАзЭҚ -қа кіру барлық мемлекеттердің экономикасының өсуіне эсер етеді. Біз еркін сауда аймағын құру үшін барынша белсенді жұмыс істеуге, 1,5 млрд. долларға жинағы бар Мемлекетаралық банк қүруға, сонымен қатар біздің елдердің Кедендік тарифін бір жүйеге келтіруге келістік", - деуінің заңды негізі бар. Халықаралық еуразиялық қозғалыстың лидері, РФ-ның геосаяси сараптау Орталығының директоры А.Дугин " ЕурАзЭҚ - посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграцияның теориялық мінсіз жоспары, бүл қазіргі элемдік экономикадағы біртектілікке ұмтылушы әлемнің көпқырлы үлгісі» /19,78/.

Сонымен Қазақстанның ТМД елдерімен және басқа да мемлекеттермен өзара әрекеттІң барлық кешенінің ірге тасы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты құрайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей аймақтық интеграция жаһандануға үн қосатын басты құбылыс. Оның элеуетін ТМД елдері геосаяси және геоэкономикалық шынайылылыққа ортақ бейімделу жағдайында толық жэне нэтижелі пайдаланады. Жалпы әлемдік экономикалық проблемаларды шешуге үйлесімді қатысу, шаруашылық байланыстарды сақтап жэне тереңдетуге оның ішінде аймақтық деңгейде сақтауға қызығушылық, тарихи қалыптасқан өзара байланыстарға сүйенеді. Сонымен қатар әлемдік рыноктағы қатаң бәсекелестіктің өзі де ұлттық тауар өндірушіні нәтижелі сақтауды талап етеді. Бұл бірлестіктің қатысушы мемлекеттерінің сыртқы байланыстарының жағрафиялық кеңеюі ғана өзінен өзі-ақ оларға халықаралық еңбек бөлінісінде өздеріне тиісті орын алуын қамтамасыз етеді.

ЕурАзЭҚ кеңістігінде екі жақты сауда-саттық келісімдерге сүйенген еркін сауда тәртібі әрекет етеді. Заңды қүжатталған көп жақты ЕСА шаруашылық байланыстарды және өзара сауда-саттықты ынталандыруға, кедендік одақтың қалыптасуына алғышарттар жасауға қабілетті. Дегенмен де өзара сауда-саттықтың объективті теңсіздігі жағдайында ЕСА-ның қалыптасуы әлі аяқталған жоқ және барлық әріптестердің экономикалық мүддесін нақты есепке алуды талап етеді. Бүл түста әлемдік қауымдастықта жалпы қабылданған сыртқы саудадағы кедергілерді кезең-кезеңімен жою туралы БСҰ-ның заңдарын есепке алуды қамтамасыз ету керек. Ұлттық рынокта еркін бэсекелестікке кепілдік беретін сәйкесті кұқықтық базаны қалыптастыру қажет.

Келісілген валюталық саясат қауіп-қатерді азайтып, мемлекетаралық төлем төлеу жүйесін жетілдіріп, бірте-бірте төлемдік, одан кейін валюталық одақ күруға мүмкіндік береді. Бұл міндеттерді табысты жүзеге асыру өндіріс көлемінің ұлғаюына, үшінші ел рыногындағы қауымдастық мемлекеттерінің тауар өндірушілерінің арасындағы бәсекелестікті бір мезгілде жоюда өтім рыногын кеңейтуге, көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге эсер етеді.

Экономика - көлік құрылысының нақты секторын, байланыс қүралдарын дамыту үшін бірлескен күштерді бағыттап, отын-энергетика, азық-түлік және басқа да кешендерде халықаралық технологиялық тізбек құрудың маңызы зор. Мүдделі елдердің мемлекеттік қолдауының құралы ұлттық кэсіпкерлік құрылыммен халықаралық қаржылық институттар негізінде жүзеге асса, арнайы қорлардың өзегі бола алар еді. Еуразиялық интеграцияның маңызды бағыты - болашақта біртүгас көліктік кеңістік құрып, бұл салада келісілген тарифтік және кедендік саясат жүргізу. ЕурАзЭҚ және ТМД шеңберінде жүк жэне жолаушы тасымалында теміржол тарифі мәселесі бұрынғысынша күрделі күйінде қалып отыр. Мәселен, РФ-да халықаралық өтпелі темір жол тарифі ҚР-на қарағанда әлдеқайда жоғары. Қазақстан тауар өндірушісі Ресей территориясынан өз өнімін алып өту үшін Ресейлік тауар өндірушіге қарағанда 2,5 есе артық төлейді. Бұл келіспеушілік Қызмет көрсету саудасы туралы бас Келісім (ҚКСБК)-нің ережелеріне, өздері қатысушы болған 1998 жылғы 22 қаңтардағы Көлік одағын қалыптастыру туралы Келісімге қарама-қайшы болып тұр. ҚКСБК- нің негізгі талаптарын орындамау екі елдің БСҰ-на кіруінде басты кедергі болуы мүмкін /20,4б/.

Ресейдегі ВЦИОМ жэне ЦИРКОН, әлеуметтік-экономикалық зерттеу және болжау институты және ҚР-дағы ЦеССИ — Қазақстан, Белоруссия мен Украинадағы дәл осындай ұйымдар "Еуразиялық монитор" бірлескен жобасының аясында кезекті сұрақ-жауап жүргізді (қар. Қосымша 10). БЭК шеңберіндегі экономикалық интеграция мәселесі 2005 жылғы көктемгі мониторингтің басты ойыны болды. Мәселен, әлеуметтік бейімделу деңгейі барлық 4 елде ЕО елдеріндегі орташаға да жетпейді, ал оның шамасы 79 % құрайды

БЭК елдерінің әлеуметтік бейімделу динамикасы эр елде эр түрлі. 2005 жылы өмірге деген қанағаттылықты білдіру дэрежесі ҚР-да 79%, РФ-да 40%, Белоруссияда-39%, Украинада - 28% болды. Экономикалық жағдайы жақсы деп баға берілген жалғыз ел Қазақстан - 30%, 2005 жылдың күзіне қарай 42%-ға дейін өскен. Басқа елдерде орташа бағалар ауытқып тұрады, мэселен, Белоруссияда - 56 және 18% немесе Ресейде - 45 жэне 10%. 2005 жылдың күзінде Украинада - 2%, немесе жарамсыз және орташа бағалардың тең үлесі көрінеді. Қазақстанда анык позитивті динамика қалыптасқан. Ресейде тіпті экономикалық жағдайды бағалауда анық негативті вектор байқалады. Қазақстан мен Белоруссияда отбасының жеке материалдық жағдайы мен елдің экономикалық жағдайының бағасы теңге жақын, ал Ресей мен Украинада отбасының материалдық жағдайы тұтас елге қарағанда элдеқайда позитивті. Қазақстан халқы анағұрлым оптимист, 2005 жылдың күзінде ҚР-нда отбасының материалдық жағдайын жақсы деп жауап бергендер 32% көрсетті, Ресей мен Украинада - 11, Белоруссияда - 14%. Қазақстандағы әлеуметтік оптимизмнің динамика дэрежесі позитивті болса, Ресейде негативті, ал Белоруссия бір орында түр. Ал БЭК-ке көзқарасы мәселесіне келетін болсақ, жауап бергендердің 15% ғана өз болашақтарын осы бірлестікпен бірге көргісі келеді, Қазақстанда 27% немесе 23%. Бұл тұрғыда БЭК-интеграциялануға арқа сүйейді. Қазақстандықтардың тек 12% Еуроодақта өмір сүргісі келеді, КСРО-ның қайта қалпына келгенін 17%-ы қалайды /18,78/.

БЭК туралы акпараттандырудың дэрежесі Украинада ең жоғары, Қазақстан одан кейінгі орында, ал ең төменгі орында Ресей. Тауарлардың толық еркін рыногын 2005 жылы көктемде қолданушылар тек Белоруссияда - 51%, Украинада 44 жэне 45% еркін алып шығуды, шектеуді жоюды қолдайды.

Төрттіктің шеңберінде ашық экономикалық өзара әрекеттерді қолдай отырып қандай да бір шектеулер мен оқшаулануға қарсылықты білдіреді. БЭК-тің шын мэніндегі қолдаушылары эзірге көп емес, БЭК-тің барлық елдерінің көптеген респонденттері капитал мен еңбектің тауар рыногына біріктірудің базалық ұстанымдарын ауыр қабылдайды. Дегенмен де мұндай интеграция сияқты жаһандық императивке, Еуразиялык негіздегі бірлестікке төрт елдің азаматтары келісуге эзір. Бірақ интеграцияның нақты аспектілері, бірінші кезекті экономикалық аспектілері оларды қауіптендіреді, тіпті үркітеді. Яғни төрттіктің шеңберіндегі белсенді дайындалып жатқан келісімдердің пакеттерінде азаматтардың көңіл-күйіне қажетті элеуметтік-психологиялық база келтірілмеген. Экономикалық интеграцияның нақты мәселелері бұл БЭК елдері саясаткерлері жұмыстарының маңызды бағыты. Түптеп келгенде БЭК-тің барлық елдері азаматтарының арасында іс жүзінде негативті стереотивтер жоғары деңгейде болғанымен, БЭК шеңберіндегі нақты интеграциядан бас тартып кете алмайды.

Келелі міндеттердің бірі БЭК қалыптастыруды қамтамасыз етудің құқықтық бағдарламасын жасақтау. Оның қалыптасуы үлттық экономиканы дамыту дәрежесін жоғарылатуда кейбір себептерге байланысты олқылықтар бірден байқалды. Біріншіден, бұл аймақтық топтың құрылымы жағынан экономикалық мақсатқа лайық жэне экономикалық әлеуеті бойынша ТМД-ның ІЖӨ жиынтығының 90 % -ға жуығын күрайды. ТМД-ның барлық өзара сауданың 90%-ын және достастық халықтарының 80%-ын көрсетеді. Екіншіден, барлық қатысушыларды әлеуметтік - экономикалық өлшем бойынша салыстыруға келеді жэне олардың бірде біреуі "төрттіктің" интеграциясына кедергі келтіретін халықаралык және экономикалық үйымдардың алдында міндетті емес. Келесі маңызды мәселе, бұл әлдеқайда дамыған ғылыми-техникалык, өндірістік, қаржылық, кадрлық жағынан қуатты елдер. Бұларды толық және нәтижелі қолдану әлдеқайда кең рынокты талап етеді, ал төрттіктің рыногы — 230 млн. адаммен бай, табиғи ресурстары мол елдер. Бұлар іс жүзінде қатысушы елдердің экономикасының негізгі сұраныстарын толығьшен қамтамасыз етеді. Экономика интеграциясы бірінші кезеңнің өзінде-ақ көлік, энергетика, байланыс басқа да қызметтер саласында бір ізге келтіру мен үйлесімділікті қажет етеді.

БЭК-ті қалыптастыру мақсатында көптеген елдер бІрінші кезекте интеграцияның сауда - экономикалық аспектілерін қарастыратын нормативтік-құқықтық базаны қальштастыру қажеттігін түсіңді. БЭК бұл елдің кедендік территориясын біріктіретін экономикалық кеңістік ретінде қабылданады. Мұнда бірыңғай ұстанымдарға негізделген экономикалық реттеу механизмдері жұмыс істейді. Тауарлардың қызмет көрсетуін, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етіп, тең қүқылық бәсекелестікті қалыптастыруға қажетті бірыңғай сыртқы сауда келісімдері жүргізіледі. Макроэкономикалық тұрақтылық, салықтық, несиелік және валюталық-қаржылық саясат қолдау тауып отыр.

БЭК құру қатысушы елдердің нарық жұмысында экономикалык көрсеткіштерін нақгы жақсартуды қамтамасыз етер еді, әсіресе: ішкі сауда кедергілерін жою және кедендік тәртіпті реттеу, тарифтік реттеуді жеңілдету, валюталық реттеудің бірыңғай ережесін енгізу, инвестицшшың қосымша өзара кепілдігі, еңбек миграциясын жеңілдету, нақты монополиялардың қызметіне тариф белгілеуде бірыңғай тәртіпке өту, ортақ техникалык талаптар, стандарттар және дәстүрлі тұтыну арқасьшда дайын өнім рыногын кеңейту.

Сонымен қатар, бизнесті дамытудың жаңа құрылымдық алғышарттарь: қамтамасыз етіледі - бірігу жэне жұту барысында іскерлік кұрылымдар ірілендіру мүмкіндіктерін жасау, БЭК аймағындағы экономикалық саясатть: келісу үшін ортак құрылымдардың пайда болуы, даулы мэселелерді шеш} үшін тәуелсіз 4 жақты механизмдер қүру. БЭК құрудың халықаралық аспектілері косымша жеңілдіктер алудың мүмкіндігін туғызуды жәш аймақтық интеграциялық бірлестік құрамына кіретін ел ретінде дамыған елдердің рыногына ену үшін артықшылыкка қол жеткізудІ көздейді. БЭІ сияқты маңызды және кең масштабтағы жоба асығыстықты, жетілмеген шешімдерді қаламайды. Ортақ келісім мэтінінен кейбір мәселелерді, эсірес көліктік тариф мәселесін алып тастауға жэне соған сүйеніп екі жақті келісімді де бекітуге болмайды. Сондықтан да БЭК жобасының аясынд жұмыс күші жэне капитал, қызмет, тауар жөнінде 29 келісімнен тұраты құжаттардың бірінші пакеті туралы шешім қабылданды.

Ортақ валюта мәселесі ескерусіз қалды. Түптеп келгенде БЭК "төрттігінің" аясындағы бірде бір халықаралық келісімге қол қойылмады. Заңнамалық база тек қағаз жүзінде өмір сүріп, күрделі, көп қырлы келісімді талап етті. "Бірінші кезектегі" пакеттегі келісімдердің саны 15-ке кеміді. БЭК-тің кедендік одақ және болашақтағы біртүтас рынок сияқты бастапқы идеясын Украина позициясына байланысты жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан да жобаны ашық аймақтылық және функциональды интеграция тұжырымдамасы ағымында өзгерту ақылға қонымды болар еді. БЭК форматындағы ынтымақтастықтың мазмүнды толыгуы салалық жэне инфрақұрылымдық жобалар болуы мүмкін. Бүлар қызмет көрсету мен тауарлардың ортақ рыногын қалыптастыруға қол жеткізеді. БЭК-те ұлттық жэне мемлекетаралық ТМД елдерінің салалық кеңестерінде жэне бизнес-ассоциацияларында бар корпорациялардың тәжірибесін кеңінен қолдану керек.

ЕурАзЭҚ аясындағы экономикалық үдерістердің қосымша динамикасын қожайын субъектілер мен аймақтар арасындағы белсенді дамып келе жатқан ұзақ мерзімдегі көлденең, байланыстармен қамтамасыз ету қажет. Бұл іске іскерлік орталықтар, аймақтық ассоциациялар, сауда үйлерін және басқа да осындай қүрылымдар қалыптастыру оң эсер етер еді. Қазақстандық-Ресейлік шекаралық аймақта 300-ге тарта бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішінде мынадай ірі мемлекетаралық бірлестіктер бар: "Казросхром", "Консохим", Урал АЗ базасындағы автомобильді кешен және Қостанай дизель зауыты. ҚР территориясында шикізат өндіретін жаңа бірлескен кэсіпорындар құру туралы келіссөздер жүргізілуде. Мәселен, трансшекаралық өндірістік-технологиялық тізбекті қамтамасыз ететін объектілерді инвестициялау, Қазақстан шикізатын Ресей кәсіпорнынЕ тұрақты жеткізуді және Қазақстан электр энергиясы шикізатының негізінде шығарылғаң өнімді ҚР-на қайта жеткізуді колдау, мұндай қажетті шикізат өнімдері, құрал жабдықтары жэне т.б. тасымалдауда жеңілдетілген тарифтерге келісу /24,54/.

Қазақстан РФ көптеген шекаралық аймақтары ішінде бірден бір беделді серіктесі болып, Ресейдің 5-11 шекаралық субъектілерінІң арасында сыртқы тауар айналымында бірінші орын алады. Өз кезегінде ҚР аймақтық әріптес ретінде Челябинск және Орынбор облыстары алғашқы екі орынды тұрақты иеленді. Свердлов облысының (3-ші орын) айналымы - 379214,1 мы: доллар, Мэскеу (339551,6 млн. доллар) Омск облысынан кейінгі орындг Сайып келгенде РФ-ның шекаралық аймақтары Қазақстанның жетеки сыртқы сауда әріптестері болып отыр [165]. Бұл тұста РФ үлесі 36-да 80%-ға дейін өзгеріп тұрады. Ең аз үлесті (36%) РФ сыртқы саудада (оны 61% импортын, экспорттың тек-16% қосқанда) индустриалдық жағынан е жетілген Шығыс Қазақстанмен байланыстан алады /21,12/.

Экономика саласындағы алға басу тарифтік саясатын одан эрі жетілдіруді, қоғамдастық елдерінің инновациялық ынтымақтастығының тездетіп дамуын талап етеді. Оның ішінде ортақ ғылыми-техникалық жетістіктер арқылы көрсетілген мақсатқа жетуді көздейді. ТМД және ЕурАзЭҚ елдерін интеграциялауда Қазақстан мен оның серіктестері күшінің маңызды құрамы олардың жағрафиялық жағдайын, өтпелі әлеуетін әлемдік экономикада тиімді пайдалану болып табылады (қолдағы мәліметтерге қарағанда, ТМД-дан транзиттік жүкті тасымалдаудағы жылдық жиынтық тобы 2000 жылы 1 млрд. доллар қүрады, жэне жылына 15 млрд. долларға дейін өсу мүмкіндігі бар). Сонымен қатар энергетика саласындағы өзара әрекеттер мүмкіндігі де негізгі құрамдарының бірі. (ТМД мемлекеттеріне әлемдік мұнай қорының 18% жэне табиғи газдың 40%, электр энергиясын әлемдік өндірудің 10% тиесілі) /22,54/.

Ішкі рыноктың мүддесін қорғау қауымдастық елдерінен келісілген әрекетті талап етеді. Оның ішінде БСҮ қатысты мәселе де маңызды. Әсіресе ҚР-мен РФ-ның оған кіруіндегі дайындық әрекеттерін үйлестіріп отыру өте маңызды. Сондықтан да 2002 жылы ЕурАзЭҚ қатысушылар өз әрекеттерін келісе отырып жүргізу туралы арнайы шешім қабылдады. Атап айтсақ өз күштерімен өндіре алатын өнім түрлерін үшінші елдерден кіргізуді шектеу мэселесін қарастырып, үйлестіру қажет-ақ.

Қазақстан әлемдік стандарттарға өтуде ТМД-ның басқа да мемлекет-терімен белсенді ынтымақтастық қатынас жүргізеді. Стандарттардың ұлттық жүйесін реформалау Украинамен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, Грузиямен, Белоруссиямен, Армениямен, Әзірбайжанмен сертификаттау жэне метрология, стандарттау жөніндегі қазіргі тандағы эрекет етіп жатқан үкіметаралық келісімдер аясында өтеді. Стандарттардың мемлекеттік қоры шамамен 40 мың нормативтік құжаттардан тұрады, олардың 20 мыңы мемлекетаралық, шамамен 800-і ҚР-ның мемлекеттік стандарты, 4 мыңнан жоғары халықаралық жэне шетелдік, үлттық стандарттар шамамен 10 мың. ЕурАзЭҚ жэне ТМД шеңберіндегі серіктестік оның мүшелеріне ЕО-пен, басқа да аймақтық ұйымдармен, халықаралық қаржы институттарымен әлемдік экономикалық кеңістікке кіру мақсатында ынтымақтас-тықты дамыту әрекетіне қайшы келмейді. Қазіргі заманғы стандарттарға өтудегі басты проблема Қазақстандағы жоғары білікті, жаңа нормативтерді енгізу үшін тэжірибесі бар мамандардың жетіспеуі. Осы мақсатта ТАСИС ЕО бағдарламасы бойынша кеңес, семинар, тренингтер үшін 190 мың еуро бөлінді

1996 жылы БСҰ-ның бақылаушысы статусын алып, оның 135 мүше-сімен сауда-саттық қатынасты иемденіп, 2002 жылдан Қазақстан БСҰ-на кіру үшін келіссөз процесінің белсендІ кезеңіне аяқ басты. 2005 жылдың ортасында ҚР заңнамаларының 80% онымен сәйкестендіріліп, оған БСҰ жұмыс тобы мүшелерінің 16 елі қатысты. Жер қойнауын пайдалану, техникалық реттеу жүйесі мен санитарлық шаралар саласындағы заңнамалар ғана қалды. Елдің келіссөз позициясы қазіргі эрекет етуші импорттық тарифтің қала тұруына негізделеді. Қызмет көрсету рыногына ену үшін диалог 11 елмен жүргізіліп жатыр. Пәкістанмен, Грузиямен, Қырғызстанмен келіссөздер аяқталды. Дегенмен қызмет көрсету секторы бойынша мәлімет-тердің статистикалық базасы жоқтығы рынокқа жету жөніне сәйкесті жағдайлар жасауды және ырықтандыру бойынша ұсыныс жасауды қиындатады.

Банк сарапшыларының пікірінше, ҚР-на бұл салада бэсекелестіктен жүрексінбеуге болады. Бірақ келіссөз жүргізуші топ заңнамалық базаны жасау үшін келіссөздік кезең берілуін талап етеді. Сонымен қатар республика қызметтің сәулет жэне құрылыс секторын қорғауға тырысады, ауыл шаруашылығы бойынша экспорттық субсида, ауылшаруашылық тауарына импорттық кедендік салықты, ішкі қолдау шараларын сақтауды көздейді.

Сарапшылар БСҰ-на кіруге дайындықты талқылай отырып, сыртқы сауда серіктестерімен, БЭК жэне ЕурАзЭҚ интеграциялық бірлестігі бойынша Қазақстан серіктестерімен қатынастың күрделенуі мүмкіндігін болжауда. Негізгі проблемалар ҚР-ның сыртқы саудасының шикізаттық сипатында: шикізаттық емес сектордың әлсіздігі, әсіресе ауыл шаруашылығында және азық-түлік мэселесінде отандық өндірушілер мен. ішкі рынокты қорғау қажеттілігінде болып отыр. Мұндай мәселелерді реттеуге стратегияны жасау жэне бизнесті үйрену үшін өтпелі кезең қажет. Халықаралық сарапшылардың пікірінше Қазақстан БС¥-мен импорттық тарифтерді эсколациялаудың ең оңтайлы жағдайын талап етіп жэне сезімтал импорттық тауарлардың тізімін, импорттық кедендік салықты төмендетуі жөнінде саудаласуы керек. Бұл экономиканы диверсификациялау жолымен елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеттерімен тікелей байланысты. 2003 жылы қабылданған 2003-2015 жылдарға бағытталған ҚР-ның индустриалды-иновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған сервистік-технологиялық басымдылықтарға бірте-бірте өтумен де тығыз сабақтас /9,45/.

Сыртқы сауданың әрі қарай дамуы үшін жэне тиімділігін арттыру мақсатында сыртқы байланыстарда экономиканы диверсификациялау сияқты шаралар жүзеге асырылуда. Бұл салада басты жетістік болып кеден ауқымының интеграциясы болып табылады. Осының арқасында (ЕурАзЭҚ саясатына қайшы бір жақты протекционистік шаралардың қолданылуына қарамастан) ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымына жеңілдетілген жағдай жасалынып отыр.

1998 ж. Орынбор облысының экімшілігінің басшылығымен жасалын-ған "Меновой двор" ("Айырбас рыногы") жобасына сэйкес шекаралық облыстардың сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтуге талпыныс жасалынып, ол үшін РФ-ның Орта Азия мемлекеттерімен тауар айналымын және есеп операцияларын үйлестіріп отыратын белгілі бір қүрылымның құрылуы қажет болды. Оған сауда үйі, сақтандыру компаниясы, валюта биржасы, есеп-клирингілік палата және ақпараттық-маркетингілік орталық, арнайы кедендік тәртіп орнатудағы жеңілдіктер кІру керек. Сонымен катар бұл қүрылым кэсіпорынның ТМД елдерімен болған сауда операцияларынан түскен жиынтық ақшаның 70%-ға жуығын алуын қарастырады /9,57/.

Бұл жобаның жүзеге асырылуының ойдағыдай болмауының басты себебі шекаралас аудандардың мүмкіндіктерінің шектеулі болуынан және ынтымақ-тастықтың ірі субъектілерінің жаңа сапалы өзара байланыс механизмдеріне көшуге көп ынталылық танытпауынан, сол сияқты Қазақстан және Ресей валюталарының тең мүмкіндік жағдайының болмауынан болатын. Сонымен қатар көзге көрініп тұрған қаржы-валюталық жүйелерінің әлеуетінің әр келкілігі, шекаралас аудандардың экономикасының диверсификация деңгейінің әр түрлі болуы бұл жобаның іске асуына кедергі болып тұр.

Шекаралас аудандардың экономикалық байланыстарын дамытуда Кеңес өкіметі кезінде қалыптасқан технологиялық байланыстарды қайта қалпына келтіруге көп көңіл бөлініп отыр, атап айтқанда, Қазақстанның шикізатын Ресей Федерациясының кәсіпорындарында өңдеу. Осы схемамен жұмыс жасайтын Ресей аймақтары (Челябинск және Оренбург облыстары) Қазақстан Республикасымен ең көп тауар айналымына жетіп, соған байланысты шекаралас серіктестікті дамытуға арналған қүқықтық базаны жасауда біраз жетістіктерге жетті. Ал көтерме сауда жүйесінде, трансшекаралас инфрақұрылымның дамуында, өзара есептесу механизмін қалыптастыруда жетістіктер өте қарапайым десе де болғандай.

"Қоғамдық пікір лидерлері мен сарапшылардың ойынша посткеңестік кеңістікте интеграциялық процестердің қабылдануы" мемлекетаралық зерттеулердің Ресейлік бөлігіне қарағанда (Ресей, Украина, Белорус, Қазақстан 2005 ж., көктем) төмен нэтижелерге байланысты интеграцияның дамуында мәдени-саяси күрделі проблемалар орын алған. ЕурАзЭҚ ТМД сияқты тиімділігі шамалы бюрократиялық аппарат ретінде белгілі болып отыр. Сарапшылар ЕурАзЭҚ-тың интеграциялық құрылым ретінде әзірге көзге көрінер жетістігі жоқ деп есептейді: «ЕурАзЭҚ қалдық принципі бойынша қүрылған сыңайлы»; «бұл түсініксіз үйым, ... өте әртекті, ...экономикалық жағынан көзге түсетін тек Ресей мен Қазақстан белгілі бір деңгейде Белоруссия.» ЕурАзЭқ-тың дамуының басты шарты ТМД сияқты қатысушы-мемлекеттердің міндетті шешімдерді қабылдау және орындау мүмкіндігі.

27 тамызда 2005 жылы Қазан қаласында Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Украина мемлекет басшыларының кездесуін Қазақстан мен Ресей сенімдІ серіктес екенін бекіте түсті, осы серіктестік ТМД мемлекеттері арасындағы интеграцияның іргетасын қалады. Сол себептен бұл серіктестік уақытша саяси коньюнктуралық мүдделерден туындамаған, қайта керісінше ұзақ мерзімді стратегиялық даму үшін қажет /4,45/.

Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Е.М. Примаковтың айтуынша: "Қазақстан бүгінгі таңда Ресейдің басты одақтастарының бірі, бірінші кезекте БЭК құруда .... бізде Қазақстанмен біріккен кәсіпорындар саны Қытай, АҚШ, Англия, Германиямен біріккен кэспорындарының барлығын қосқандағы санымен тең. Бүл интеграциялық үдерістің біздің экономикамызға тереңдей түскендігінің айғағы. Бірақ интеграция тек мемлекетгік көлемдегі біріккен кәсіпорындар жолымен жүріп қана қоймайды. Ресей Федерациясыньщ 89 (қазір 88-87) субъектісінің 76-сы Қазақстанмен тікелей байланысуының маңызы зор. Бұл интеграцшшың айтарлықтай "жеңіс шеруі», экономиканың өзара араласуы. Тек макро емес, микро деңгейде де. Сонымен, "өркениеттік ажырасу" жылдарында Нұрсұлтан Назарбаев қойған мақсат-біртұтас, еуразиялық экономикалық кеңістік құру-бүгінде жүзеге асты...".

ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің Душанбедегі мәжілісі (2005 ж. қыркүйек) бірыңғай кеден одағын құру жұмысын жеделдете түсті. 2006 жылы мемлекеттердің салық және кеден заңнамаларын тиісті дәрежеде унификациялау жүмысы атқарылмақ. 2005 жылы ЕурАзЭҚ шеңберінде бұл үдеріс 62% құрады. Кеден одағын кұру кезінде интеграциялық процестерді жеделдету үшін мемлекетаралық орган құрылмақ. Ортақ кеден тарифтерінің базалық тізімі қабылданып, 25 құжатқа қол қойылды: ЕурАзЭҚ-тың көлік маршруттарының тізімі, сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруда лицензиялауды рэсімдеу тэртібі, ЕурАзЭҚ мемлекет-мүшелерінің қаржы-экономикалық саясат кеңесінің жарғысы және т.б. Кеңестің құрылымы бекітіліп, ЕврАзЭҚ біртұтас көлік кеңістігін күру жүмысын жеделдету туралы шешім кабылданды, сонымен қатар мүше мемлекеттердің жарналарынан қалыптасатын қауымдастықтың 2006 жылғы бюджет жобасын тездетіп аяқтау көзделді /23,30/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет