Тәуелсіздігім тұғырым. Сайыс сабақ. Сыныптан тыс жұмыс Мақсаты



бет3/3
Дата09.04.2022
өлшемі377,12 Kb.
#138547
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
16 желтоқсан
дәстүрлер мен инновациялар, Серікбекова Ақерке
Ескерткіштер 10 — Қозы Көрпеш — Баян сұлу күмбезі қай жерде орналасқан? (Аягөздің оң жағасында, Таңсық деген ауылға қарсы салынған) 
Ескерткіштер 20 – 
Алтын киімді адамды қай жылы, қай жерден , кім тапты?(1969-1970 жылдары, Алматы қаласы, Есік қорғанынан, Кемал Ақышев)
Ескерткіштер 30 –




 Мына ескерткіш қашан, қай қалада,қандай оқиғаға байланысты қойылған? (2001 жылы 29 тамызында Семейдің «Полковничий» аралында Семей ядролық полигонының құрбандарына арналған «өлімнен де күшті» ескерткіші қойылды. Ескерткіш жобаның авторы Шота Уәлиханов).

Е
скерткіштер 40 – 

Мына ескерткіш қашан, қай жерде, қандай оқиғаға байланысты тұрғызылған және де бұл ескерткіш қалай аталады? (2006 жылы18 қыркүйек күні, Алматыдағы Желтоқсан және Сәтпаев көшелерінің қиылысында, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші)


ІІІ кезең. Кім тапқыр? Өлеңнің авторын атаңыз.



  1. Ғылым таппай мақтанба,
    Орын таппай баптанба,
    Құмарланып шаттанба,
    Ойнап босқа күлуге.
    Бес нәрседен қашық бол,
    Бес нәрсеге асық бол,
    Адам болам десеңіз. (А. Құнанбаев)
  2. Ең бірінші бақытым – Халқым менің,


    Соған берем ойымның алтын кенін.
    Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
    Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. (М. Мақатаев)

  3. Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық. (Ы. Алтынсарин)


  1. Арыстандай айбатты,
    Жолбарыстай қайратты –
    Қырандай күштi қанатты.
    Мен жастарға сенемiн! (М. Жұмабаев)



  1. Адамдық борышың –
    Халқыңа еңбек қыл.
    Ақ жолдан айнымай
    Ар сақта, оны бiл.
    Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
    Бiлiмсiз,
    Өнерсiз,
    Болады ақыл тұл.
    Мақтанға салынба
    Мансаптың тағы үшiн. (Ш. Құдайбердіұлы)

Соңғы кезеңнің ұпай санын және жалпы қорытындыны хабарлау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.


Әділқазылар шешімін шығарғанша концерттік номер.
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Сіздерге әрдайым биік белестер тілейміз!
Марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет