Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып жатқан кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдықтың тұтқынына түскен санамыз қайта жанданып, даму үрдісін бастан өткізуде
Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып жатқан кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдықтың тұтқынына түскен санамыз қайта жанданып, даму үрдісін бастан өткізуде. Кеңес үкіметі кезіндегі айтылмаған, айтылуға тыйым салынған көптеген тарихы құнды деректерімізді зерттеуге бет бұрып жатырмыз. Соның бір жарқын көрінісі ретінде ұлттық демографиямызда орын алып отырған өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары қазақ халқының демографиялық мәліметтерді білуге деген қызығушылығы артып, қазақ ұлты өз жерінде қалай азшылыққа ұшырады деген сауалдар әркімді де ойландырары сөзсіз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ Қазақстанда XX ғасыр ірі тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы — қазақ халқының өмірінде бетбұрысты кезең деп саналады. Әсіресе 20–30 жылдарындағы ашаршылық апаты немесе «Ұлы жұт» қазақ тарихының қасіретті беттерін айғақтайды. Зертеуші ғалымдар осы мәселемен айналысып, Қазақстанда халқы бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен және оны үш кезеңге бөліп қарастырады: —1919 — 1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам) —1931 — 1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам) —1946 жылдары болған аштық. Әрине, бірінші ашаршылық та сұмдық болды. Бірінші ашаршылық 1919–1922 жж. болған. Осы жылдары аштық кезінде 1,5 млн жуық адам шығыны болды. Ол көбінесе елдің оңтүстік аймақтарын қамтыды, нақ осы және басқа да деңгейде Қазақстанның барлық тұрғындары да зардап шекті. Екінші ашаршылық, әртүрлі мәліметтер бойынша, 1930—жылдарда 1,5 млн—нан 2,5 млн. адамға дейін болды. Ал, үшінші ашаршылық соғыстан кейінгі еліміздегі экономикалық ахуалдарға байланыты туындады. Бірақ та, бұл ашаршылық сол жылдары халықтан жасырын түрде ұстады. Осылайша, қазақтар іс жүзінде 15–20 жылдың ішінде халқының жартысына жуығынан айырылған. Әлемдік тарих мұндай кең ауқымды ашаршылықты білген емес. Сондықтан, осы қасіретті әрбір қазақ білуге міндетті және есте сақтап, ұмытпауымыз тиіс. Қазақ жерінде ашаршылық салдарынан демографиялық ахуал күрт төмендеп кеткен болатын. Оның айқын көрінісі ретінде тарих беттерінде қалған 1931–1933 жылдары қазақ халқының басына төнген ең бір қасіретті «Ұлы жұт» кесірінен күні бүгінге дейін қазақ халқы өз жерінде демографиясы жағынан азшылыққа ұшырап отыр. Батыстық немесе ресейлік ғалымдар ашаршылықтың болу себебі ауа райының қолайсыздығынан, құрғақшылық болып егіннің шықпай қалғанынан немесе жұқпалы аурулардың таралуынан деген сияқты асыра сілтеулерден іздейді. Ашаршылық кезінде қаншама қазақ қыршынынан қиылды. Оған дәлел мұрағат қойнауында сақталған көптеген ресми құжаттар. Ұлт зиялысы М. Тынышбаевтың есебі бойынша «Қазақстанда 1917 жылы 2 910 000 қазақ өмір сүрген болса, ал М.Г. Сириустың 1924 жылғы жүргізген санағы бойынша қазақтар саны 1965 443 әрең жетіп жығылған» — деген мәліметтер көрсетілген Ал, белгілі демограф—ғалым М. Тәтімовтің есептеуінше "1931–1933 жж. ашаршылық Қазақстанда өмір сүрген 2,5 млн адамның, соның ішінде 2,3 млн қазақтардың және 200 мың келімсектердің қайтыс болғаны анықталды. Отырықшы келімсектер арасында аштықтан өлгендер 10%—ға жетсе, көшпенді қазақтар арасында бұл көрсеткіш 52—53%—тен асып кеткен. Осыдан 17–18% жергілікті тұрғындардың Қазақстаннан біржола көшіп кеткен"—деген мәліметтерді есепке алсақ, қазақ халқының саны өз жерінде осы кезеңде 70% дейін кемігені көрінеді Бұл деректер осыған дейін жарияланған мәліметтердің орташа есебімен сәйкес келеді. Тағы бір естелігінде ағамыз М. Тәтімов: «1879, 1926, 1939 жылдардағы халық санағының нәтижелері жөніндегі мәліметтерді қолға түсіріргенмін. Көзімнің жеткені — 1939 жылғы санақта қазақ халқының санын айтарлықтай асырып жазғандығын аңғардым. Сонда, озбыр саясат «орыс емес» ұлттарды аяусыз қырып—жойғандығын жасырып қалғысы келген«,— деп пайымдаған болатын. 1879 жылғы санақта қазақтар 5 млн. болса, арада 42 жыл өткен соң 1939 жылғы санақта қазақтар 2 млн. 300 мың болды. Яғни екі есе азайды. Осыған қарап отырып, 42 жылда қазақтар азамат соғысы, байларды кәмпескелеу, жаппай колхоздастыру, 1932–33 жылдардағы аштық, 1937–38 жылдардағы репрессия салдарынан миллиондаған адамынан айрылған деуге әбден болады. Осы екі санақ арасында орыстар — 30, өзбектер — 24, қырғыздар — 16 пайызға көбейсе, қазақтар — 22 пайызға, украиндықтар — 21 пайызға кеміген. Қазақстандық тарихшы А.Н. Алексеенконың еңбектері Қазақстандағы ауыл тұрғындарының табиғи және көші—қон қозғалысын, халық санының өсу динамикасы және оның ұлттық құрамын зерттеуге арналған. Көптеген мұрағат деректері мен жарияланған материалдары негізінде ауыл тұрғындарының негізгі даму бағыттары анықталады. Сол сияқты 1920–1930 жылдардағы ашаршылық және оның демографиялық зардаптары, жаппай қоныс аудару, көші—қон, 1930–1940 жылдардағы қуғын—сүргінге ұшыраған халықтардың жер аударылуы мәселелер қарастырылған Яғни, бұл ғалымның зерттеуі бойынша әртүрлі есептеулер мен түзетулерге сүйенгенде, 1930—шы жылдарғы қазақ халқының аштан қырылуы 1 миллион 840 мың немесе қазақтың 47,3 пайызы құрайды. Бүкілодақтық халық санақтары бойынша әртүрлі авторлардың зерттеулерінде қазақ халқының сан жағынан кему көрсеткішінде шамалы айырмашылықтар байқалады. Мәселен, А.Н. Алексеенконың мәліметтерінде 1939 жылғы қазақтың саны 2 млн. 328 адам делінген. Төмендегі кестеден көре аламыз (1 кесте): 1926 — 1939 жж. Қазақстанның халық саны 1 кесте 1926 ж. 1939 ж. Халық саны, мың адам Үлес салмағы, % Халық саны, мың адам Үлес салмағы, % Жалпы халық саны Қазақтар Орыстар Украиндар Немістер Басқа ұлттар 6 230 3 628 1 275 860 59 408 100 58,2 20,5 13,8 1,0 6,5 6 395 2 328 2 636 677 85 669 100 36,4 41,2 10,6 1,3 10,5 ХХ ғасырдың 30—жылдар басында өткерген сол бір нәубет ашаршылықты жасаған, жаппай ұжымдастыру идеологиясының негізін салушы, сонымен қатар Қазақстандағы «Кіші Қазан» төңкерісінің негіздеушісі, Сталиннің ұртоқпағы — Ф. Голощекин болатын. Голощекиннің келе сала қолға алған ісі — жаппай кеңестендіру жүйесін енгізіп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығын өзгертуге бағытталған идеясы. Күштеп ұжымдастыру тәсілдері астық, ет дайындау науқанын көп мөлшерде орындау қажеттігіне қарамастан, қазақ көшпелі өмір салтын отырықшыға айналдыру стратегиясы 1929 жылдан бастап Қоныстандыру басқармасының әзірлеген шаралары негізінде жүзеге асырыла бастады. Ауылшаруашылық өнімдерін күштеп дайындау жоспарына қазақ қоғамы кеңестендіру саясатына мойынсұна қоймады, себебі ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі халықтың ұлттық дәстүрлі шаруашылығы жаңа таптық жүйені жылдам қабылдауға дайын емес еді. Большевиктік партияның жүргізген ұжымдастыру саясаты салдарынан қазақ жерінің көптеген аудандарында аштық жайлады. Ашыққан шаруалардың басым бөлігі туған жерін тастап қалаларға шоғырланды, шекара асып басқа елдерге қоныс аудара бастады. 1930–1933 жылдардағы жаппай кеңестендіру саясаты жергілікті халықтың наразылығын тудырып, алғашқы бастамасы күшпен ұжымдастыру аштық пен халықтың үдере көшуіне әкеліп соқты. Қазақ халқының үдере көшу көлемі туралы қазақтың белгілі ұлы тұлғасы Тұрар Рысқұловтың И. Сталинге, В. Молотовқа жазған (1933 ж. 9 наурыз) хатында: «...Қонысын тастап, Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен—жайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда: қазір Орта Еділде — 40 мың, Қырғызстанда — 100 мың, Батыс Сібірде — 50 мың, Қарақалпақстанда — 20 мың, Орта Азияда — 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар қалмақ жеріне, Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге де көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды... Бұл қазақтардың көші қоны емес, басы ауған жаққа кетуі.» — деген мәліметтерді көрсетеді , ]Сонымен қатар, аштық кесірінен елде әр түрлі жұқпалы аурулар етек жайып, өлім—жітім саны ұлғая түсті. Шаруалардың наразылығы халықтың басым бөлігін көтеріліске итермеледі. Қазақстандағы ОГПУ саяси құпия бөлімінің 1931 жылдың 1—желтоқсанындағы мәліметтеріне назар аударсақ, 1929–1931 жылдар аралығында халық наразылықтары аса белсенді көрініс берген кезең екен. Ресми деректерге сүйенсек, осы жылдары «Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулеріге, 80 мыңға жуық адам қатысты» «Жылдарға шаққанда олардың 54—і 1929 жылы, 241—і 1930 жылы, 77—сі 1931 жылы орын алды. Көтерілісшілер санын есепке алуы бойынша 1929 жылы Қазақстанда көтерілісшілердің 31 тобы әрекет етіп, оларға 351 адам қатысса, 1930 жылы 85 топ, 1925 адам, ал 1931 жылы 80 топ, 3192 адам. Яғни көрсетілген мерзімде көтерілісшілердің барлығы 196 тобы бас көтеріп, оларға 5468 адам қатысқан»
Халықтың мұндай ауыр хәлге душар болуының басты себебі, 1928 жылдан бергі ет салығының көбейіп кетуінен болды. Мәселен, Шұбартау ауданы орталықтағы өнеркәсіпті аудандарды ет өнімдерімен жабдықтайтын және Семей ет комбинатына мал өнімдерін өткізетін басты мал шаруашылығы аудандарының бірі болған еді. Оның үстіне, 1930 жылдың басынан кең өрістеген ауқатты шаруаларға қарсы кеңес үкіметінің жаулық саясаты олардың шаруашылықтарын түгелдей дерлік күйретіп үлгерді. Көтеріліс 1931 жылғы наурыз айының алғашқы жартысында басталды және оған (ОГПУ—дің ресми мәліметтері бойынша) 600—ге тарта адам қатысты [1, 241 б.]. Аудан басшылары қашқан орталықтарында шаруалардың мекемелерді жаппай тонаушылығы басталды. Аудан аумағына жазалаушы коммунистік әскери жасақтың келіп кіруі көтерілістің кең тарап кетуіне жол бермеді. Ауыл көтерілісшілері әскери күшке төтеп бере алмады. Көтеріліске қатысқандар қатал жазаланды. «ОГПУдің Ерекше үштігі өзінің 1931 жылдың 14 мамырындағы және 19 маусымындағы, сондай—ақ, келесі 1932 жылдың 19 маусындағы үкімдерімен 28 адамды, көтеріліс басшыларын атуға, 66 адамды 3 жылдан 10 жылға мерзімге еңбек түзету лагеріне қамауға, 17 адамды Қазақстанның өз ішінде 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімде жер аударуға кесті» «Жас тұлпар» ұйымының жетекшісі, әйгілі жазушы Мұрат Әуезовтің Алматыдағы ЖОО—дағы замандастарымен болған бір кездесуде: «1932 жылы миллиондаған қазақтар құрбан болды, олардың ішінде білімді азаматтар да кетті. Мұның бәрін, қазіргі біздің жастар білуі тиіс және есте сақтауы керек...» — деген болатын , Ал академик М. Қозыбаев «1930 — 1933 жылдардағы ашаршылықта халықтың 52%—ы қырылды» деп көрсетеді. Жалпы есептеулерге тоқталар болсақ, 1930–1933 жылдар аралығындағы қазақ халқының санының кемуін белгілі демограф Талас Омарбековтың есептеуі бойынша: «Қазақстанның Егіншілік Халық Комиссириатының (Наркомзем) мәліметтері бойынша 1930–1932 жылдары Қазақстандағы ауыл халқының кемуі 1млн 831441 адам деп көрсетіледі. Мұнда бірақ, 1933 жылғы мәлімет көрсетілмеген. Осы жылдары Қазақстанның санақ басқармасы (Казнархозучет) бастығының орынбасары Н. Мацкевичтің мәліметіне қарасақ, бір ғана 1933жылы қысқарған ауыл халқы 1 млн. 70,5мың адамды құрайды, яғни, барлығы, ауылда 1930—1933жылдары азайған халықтың саны 2 млн. 900 мыңнан асып кетеді» . Бұл тек қазақ халқының санының кемуі емес, сонымен қатар қазақ жеріндегі босқындардыңда кемуі көрсетілген. Жоғары да айтылғандай демограф Мақаш Тәтімовтің есептеуі бойынша сол жылдары 200 мың босқындар өлген болса, ал қазақ саны 2,3 млн.ды құрайды. Демек, қазақ халқы саны жағынан үлкен шығынға ұшырауы, демографиялық жағдайдың әлсіреуі, большевик партиясының жаппай отырықшыландыру саясаты кесапатынан, осы бір НӘУБЕТ жантүршігерлік ашаршылықтың белең алуынан... ХХ ғасырдағы болған алапат ашаршылық 7 миллион адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі. Сол уақытта ашаршылық тек қазақ жерін ғана емес, сондай ақ Ресей, Украина, Белорусь жерлерінде қамтыды. Бірақ та, қазақ осы жасанды саясаттың ең қатты зардап шеккендердің бірі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халықтың басына түскен бұл нәубетті көптеген зерттеуді қажет ететінін атап өтті. Президент қазақтың қолдан жасалған зауалдан ең қатты зардап шеккен халықтың бірі екенін айта кетіп: " Нәубет жылдары миллионнан аса қазақ аштықтан ажал құшты. Мұны әлі зерттеу керек, әрине. Біз сол уақыттағы басшылардың өзіне қолайлы етіп берген есебіне ғана сүйеніп отырмыз. Сол жылдары нәубетке ұшырамаған, аштық тауқыметін тартпаған қазақ қалған жоқ. Кейбір ауылдар түгелімен жоқ болып кетті. Көптеген ауданда неше түрлі жағдайлардан қырылған адамдардың есебі жоқ", — деген Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мұның барлығы сол кездегі Кеңестік биліктің, тоталитарлық саясаттың қолдан жасаған зұлматы екенін айтты. Ашаршылықтың алдындағы ұжымдастыру науқандары талай дәуірден бері қапысыз қалыптасқан көшпелі қазақтың шаруашылығын шайқап, тіршілік қалыбын бұзғанын да тілге тиек етті. Қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына тек 1970 жылдары ғана әрең қол жеткізді. "Егер де сол ашаршылық болмаған кезде, ендігі қазақтың саны қанша болар еді, өздеріңіз есептей беріңіздер«— дейді Нұрсұлтан Әбішұлы . Қорыта келгенде мамандардың айтуынша, ашаршылық басталған 1932 жылы туылған 10 қазақтың біреуі ғана аман қалып отырған. Халықтық жалпы қасіреті жадында сақталып қалған елін сүйген азаматтар Кеңестік биліктің қатаң бақылау саясатына қарамастан, тарихтың ащы шындығын болашаққа жеткізуге тырысып жатты. Әрбір қазақ шаңырағын шайқалатын ашаршылық тарихына қызығушылар саны жылдан—жалға артып келеді. Себебі, ашаршылық қасіреті елдің жадынан ешқашан ұмытылған емес және ұмытылмайды. Ал, бүгінгі ұрпақ кеңестік дәуірдегі әлеуметтік тәжірибелер, адам құқықтарын таптау және осы сияқты келеңсіз құбылыстардың қайталанбауы үшін өткен тарихымызды білуі тиіс. Шын мәнінде, бүгінгі жастар ашаршылық тарихын білуі керек және оның құрбандарын ұмытпауы тиіс. Өткен тарихтың ақиқатын халыққа жеткізу арқылы оның сабақтарын әрқашан есте сақтауымыз керек.