45
апарып, сабақты қорытындылауға болады. Теориялық білімді практика жүзінде
іске асырудың маңызы өте зор болар еді. «Мың рет естігеннен, бір рет көрген
жақсы» деген мақалдағыдай көзбен көру арқылы да шындықтың шырайы
ашыла түседі.
Әдебиетті оқытудағы ендігі бір ұтымды тәсіл-мәнерлеп оқу. Ең алдымен,
мұғалім мәнерлеп оқудың үлгісін өзі көрсетуі керек,шәкірттерге соның ұнамды
үлгісін беруі тиіс.Тек сонда ғана мұғалім шәкірттерін де мәнерлеп оқуға баули
алады.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытуда «Сыни тұрғыдан
ойлау» технологиясын қолдануда қазақстандық мұғалімдер біршама жақсы
тәжірибе жинақтап келеді. Көркем шығарманы талдаудың тәжірибеде кеңінен
тараған әдістемелік жолдары мыналар:
тұтастай (немесе автор ізімен) талдау;
образ бойынша талдау;
проблемалық-тақырыптық талдау.
Бүгінде оқытудың жаңа технологиялары кеңінен қолданылуда. Жаңа
стратегиялар мен оқытудың жаңа технологияларының көбі Қазақстанға «Сорос-
Қазақстан» қоры тарапынан ұйымдастырылған «Оқу мен жазу арқылы сыни
ойлауды дамыту» бағдарламасының жобасы арқылы жетті.
СТО жобасының инновациялық мүмкіндіктері негізінде оқушыларды
шығармашылыққа баули оқытудың мақсаты – ұлттық құндылықтарды бойына
сіңірген,
жаңашыл
көзқарастағы
шығармашылыққа
бейім
ортаны
қалыптастыру.
Көздеген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер шешілуі керек:
жоба элементтерін тақырыпқа сәйкеc түрлерін жүйелеу;
қазақ
әдебиеті
сабақтарында
«ББҮ»,
INSERT,
кубизм,
Венн
диаграммасы, «Концептуалдық кесте», т.б. стратегиялары арқылы оқушының
шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы орта жасау;
оқушылардың әдебиет сабақтарында сыни тұрғыдан ой қорытындысын
жасау, өзіндік пікір білдіру дағдыларын дамыту және шыңдау.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің
басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу;білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу»деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр
мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру,
өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынасқа өту
қажеттілігі туындайды.Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңарта
отырып,
оқушылардың
қызығушылығын
арттыру,
шығармашылық
қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру,
қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-
әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
46
«Қазақстан – 2050» стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан Республиксы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауында және ғылыми мақалаларында біліктілікті
жоғарлату, интеграцияланған орталықтар ашу, білімнің қажеттілігін арттыру,
жастардың бойына патриоттық, адамгершілік, заңға бағынушылық сияқты
қасиеттерді дарыту, отандық ғылымдарды жаңғырту, инновациялық әлеуетті
өсіру басты міндеттер ретінде аталған. «Өмір бойы білім алу әрбір
қазақстандықтың
жеке кредосына айналуы тиіс, білім беру жүйесін
ақпараттандыру жүйелі жүргізілуі қажет» деп атап көрсетілген Жолдауда.
Қазақстан әлемдегі елдер арасында бәсекеге төтеп беретін инновациялық
экономикасы тұрақты дамыған, білікті, білімді мамандары бар, мемлекетті
жаңаша басқаруда ерекше ойшыл басшылары бар ел болуы тиіс. Бұл – Елбасы
алға қойған мақсат.
Өздігінен ой толғай білу, күрделі даму жағдайында дәстүрлі емес шешім
қабылдай білу – қазіргі заман мұғалімінің кәсіби келбетіне тән қасиет. Бүгінгі
мұғалім балаларға тек білім беріп қана қоймай, олардың жаңа қалыптасып келе
жатқан ой-санасын жоғары рухта байыта білуге, ойы алғыр, қиялы ұшқыр
оқушы тәрбиелей білуге міндетті. Бұл – өмір талабы.
Әрине, сабақтың нәтижелі өтіп, алға қойған міндеттің орындалуы үшін
мұғалім
мен
оқушы
арасындағы
әрекеттің
келісімділігі,
сондай-ақ
оқушылардың сабаққа дайындығы анықтаушы рөл атқарады. Мұндай жағдайда
оқушылардың ойын сергітіп, миын шынықтыруға негізделген әдіс-тәсілдерді
пайдаланудың тиімді болатыны белгілі.
Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар
ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау жобасы» стратегиялары әдебиет пәніне арнап
құрастырылған десем, артық айтқаным болмас.
Сын тұрғысынан ойлау үш сипатқа ие:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып
табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта
беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керсінше терең
ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы мүмкін, тың идеялар
ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет
ететін мәселені анықтаудан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: