Дүниеге тәуелсіздік көзімен қарайтын әдебиет керек.
Нұрсұлтан Назарбаев
Кіріспе
Әдістемелік құрал тақырыбының өзектілігі. Қазақ әдебиетін мектепте
оқыту әдістемесінде «Тәуесліздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесі» мәселелерінің терең талдаулар негізінде жүйеленуі маңызды болып
табылады.
Тәуелсіздік – ғасырлар бойы аңсап келген ата-бабамыздың мұң-шері болып
қазақ әдебиетінде таңбаланып қалса, ендігі кезекте сол арман болған уақытты
ақын-жазушылар мақтанышпен жырлап жатса, ол мазмұн жас ұрпақтың рухани
дүниесінде дер кезінде өз орнын алуы керек.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Сонымен біз тәуелсіз мемлекет құрдық. Өз
тарихымызда тұңғыш рет осындай қалыпта, осындай аумақта құрдық. Біздің
уақытымыздың бұлжымас фактісі, міне, осы!» [1], –
деген сөздері ғалам
кеңістігінде уақыт бейнесінде таңбаланып қалған тарихи сөздер. Осылай паш
етілген Тәуелсіздіктің бейнесі қазақ әдебиетінде суреттеліп, ол құндылық дүние
өз кезегінде әрбір қазақтың, оның ішінде жас ұрпақтың рухани қазынасына
айналуы – тек ақын-жазушылар мен драматургтердің ғана міндеті емес, көп
ретте,
әдебиетті
жастарға
оқытатын
мұғалімдер
мен
оқытуды
ұйымдастыратындарға байланысты.
Қазақ әдебиетінің қазіргі дамыған болмысында тарихи тақырыптар да,
қазіргі уақытта өзекті болып отырған тақырыптар да, дүние жүзіне тереземізді
тең еткен Елбасымыз Н.Назарбаевтың тұлғасы да, Ата Заңымыз, қазақ деген
ұлттың «мәдени формуласына» айналған Мемлекеттік рәміздеріміз, Астана,
Бәйтерек бейнелері де жақсы дәрежеде өз орнын алып келеді.
Отаншылдық сезім, атамекенді қастерлеу – қазақтың тарихты сүю
(историясофизм)
ерекшелігінен
туындайтын
қасиет.
Тарихты
сүю
(историясофизм) – белгілі бір дүниетанымдық негіздегі тарихтың тұтастық
тұжырымдамасы [2].
Өз Отанын, туған жерін, елін, барлық қуанышы мен қасіретін таңбалайтын
тарихшылар мен әдебиеттегі ақын-жазушы, драматургтердің ерен еңбектері
назар аударуға лайық.
Қазақ әдебиетіндегі еркін, тәуелсіз елде өмір сүріп отырған азаматтың,
адамның бейнесі суреттелуін қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде сол
еркіндікті танытатын әдістермен оқыту жүйесін анықтау керек.
Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келіп жатқан көркем әдеби туындылар
қазіргі заман келбетін бейнелеп, замандастарымыздың жасампаздық ерлігін
паш етуде деп бағалаймыз. Әдебиеттанушы ғалымдардың қазақ әдебиетінің
жаңа кезеңін «сан салалы, көп мағыналы, күрделі өмір кешкен қазақ
әдебиетінің жаңа кезеңі, енді таптық әдебиет пішімін өзгертіп, ұлттық әдебиет
4
жалауын көтеріп, соны өріске бет түзеген» жаңа кезеңді «Тәуелсіздік
жылдарындағы қазақ әдебиеті» деп атаудың да болашақта «Қазақстанның жаңа
дәуір әдебиеті» деп аталуы мүмкін деп сенеміз[5].
Мектеп оқушыларына қазақ әдебиетінің қазіргі кезеңдегі қазынасын
меңгерту үшін қолда бар әдістемелік құралдарды және жаңашыл бағыттағы
инновациялық технологияларды танып-талдап, мектептегі білім мазмұнына
енгізу жолдарын айқындау керек.
«Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» атты
әдістемелік құралы – болашақта үлкен монографиялық зерттеулерге ұласатын
күрделі тақырып. Бұл тақырыптың сан қырлы мәселелері әдебиетті оқыту
әдістемесі саласындағы әдіскер-ғалымдардың, мұғалімдердің, болашақ жас
ғалымдардың етене араласуымен шешілетіні белгілі. Сондықтан тәуелсіздік
жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің болашағы да үлкен деп
санаймыз.
Әдістемелік құралды әзірлеудің мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы
қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін анықтау.
Әдістемелік құралды әзірлеудің міндеттері:
Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың
дидактикалық негіздерін сипаттау;
тәрбиелік аспектісін сипаттау;
әдістемелік жүйесін сипаттау.
Әдістемелік құрал кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Әдістемелік
құрал
мектеп мұғалімдеріне,
қазақ әдебиетін оқыту
мәселелерін зерттеуші ғалым-әдіскерлерге, магистранттарға, докторанттарға,
студенттерге арналады.
|