Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


  Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқыту әдістемесінің



Pdf көрінісі
бет14/46
Дата22.04.2020
өлшемі1,57 Mb.
#64185
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
2  Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқыту әдістемесінің

тәрбиелік негіздері

Елбасы  Н.Ә. Назарбаев:  «Елімізге  бойынаата-бабамыздың ел  мен  жерге



деген сүйіспеншілік қасиеті  дарыған,  егеменді  елімізге  аянбай қызмет

ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар

қажет», – деп атап көрсеткені белгілі.

Ол  азаматтар – бүгінгі  мектепте  білім  алып  жатқан  оқушылар  десек,

олардың жан-дүниесінің еліне  деген  сүйіспеншілікке  толы,  ой-өрісі  кең болуы

әдебиет  сабағына,  оның ішінде  тәуелсіздікті  жыр  еткен әдебиетті  оқытумен

тікелей байланысты.

Қазіргі мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың мақсатына айналған ерекше

парыз – тәуелсіз  елде  дүниеге  келіп,  тәуелсіздіктің саф  ауасымен  еркін

тыныстап өсіп келе жатқан, болашағын осы тәуелсіз елдің болашағымен тығыз

байланыстарған өскелең  ұрпақтың рухани-адамгершілік қазынасын  тәрбиелеп

қалыптастыру.

Бүгінгі  күні  мейірімділік,  мейірбандылық,

патриоттық,  қайтарымын

күтпейтін  жақсылықтар  жасау  деген  асыл қасиеттер  адам бойынан  көп  табыла

бермей,  оларды өзінің  өзінің  өмірлік  мақсатына  айналдырған  адамдардың

қоғамда  «қызық адам  екен»  дейтін  категорияға  түсіріліп  жатқаны  айқын

проблема.

Бірақ дәл  осы  айтылған  мәселенің шешілуі  немесе  күрмеле  түсуін  шешім

ету – барлық елдің болашағының  қандай  болатынынан  да  айқын  хабар

береді.Оқушыларға әдебиетті  оқыту  барысында  рухани-адамгершілік  тәрие

беру  туралы  айтардың алдында  «мұғалімнің тұлғасы»  туралы  мәселе  жайы  да

маңызды  болып  табылады.  Мұғалім өзінің болмысымен  оқушыларға өзі

үйрететін тәрбиелік құндылықтардың иегері болуы керек.

Әдебиет  мұғалімінің интеллектуалдық деңгейі  тек әдеби  туындылармен

қазақ


тілін  білуден

ғана  емес,

қазақ

халқының


тарихын,  мәдениетін,

«тәуелсіздік»  деп ғасырлар  бойы  аңсап,  соның жолында  күрескен  тұлғалар

туралы білімдік ақпараты мол болуы керек.

Осындай  мұғалім ғана  «Тәуелсіз Қазақстан әдебиеті»  жөнінде білім беріп,

оқушыларды  адамгершілік  отансүйгіштік,  патриоттық, сүйіспеншілік  деген

киелі  тәрбие  тұмаларынан  нәрлендіре  алады.  Бірақ тек  сабақтың барысында

тәрбиелік  мақсаттарға қол  жеткізе  алу қиын  екендігі  де  белгілі.  Сондықтан

әдебиетші  мұғалім  «Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиеті»  тақырыбында

факультативтік сабақтар жүргізіп, үйірме құруы керек болады.

Осындай жан-жақты жұмыстардың бір арнада жүйелі жоспармен жүргізілуі

арқылы оқушылардың өзінің туған  тілі  мен әдебиетіне,  мәдениетіне,  тарихына

дүниетанымдық көзқарасы қалыптастырылып,  жан-дүниесінің  қай  иірімінен

болса да, адамгершіліктің сәулесі табылатындай етіп тәрбиелеуге болады.

«Тәуелсіздік  жылдарындағы

қазақ  әдебиеті»  саласының  өте  жақсы

деңгейде оқытылуы арқылы оқушылардың жаңа, ерекше, болашаққа жол тауып




24

беретін  мәдени  аяны қалыптастыратынын әдебиетші  мұғалім әрдайым  есінде

тұтқаны дұрыс.

«Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетінің»  өкілдері  кімдер?  Олардың

көркем шығармаларының өзегі нені ту етеді?

Олардың мазмұнында неден арылып, нені қасиет етіп бойымызға сіңіруіміз

керек?  Тәуелсіздікті  жырлаға  көркем  шығармалардың кейіпкерінің асыл

қасиеттері қандай?

Жас құрақ өкілдер оларды оқыған кезде нені үйрене, неден жирене алады?

Тәуелсіздік  орнағанша құндылық болған әдеби қазынамыздан қайсысы

қазіргі заманның емес, өткен тарихтың еншісінде қалып қойды?

Әдебиетші 

мұғалімнің

санасындағы

өзіндік 

болмысын 

танытатын

дүниетанымдық көзқарастары  оның тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиеті

туындыларын оқытуға кедергі келтірмей ме деген сауал туындайды.

Өйткені кеңес дәуіріндегі коммунистік ұранның қазіргі «Алла, Адам, Иман,

Ұлтым,  Халқым,

Қазағым,  Атамекенім,  Ата-бабам»  деп  жырланатын

ұғымдармен бітіспес алшақтығы айқын емес пе?

Неліктен


қаламгерлер 

тарихи 


тұлғаларды 

көптеп 


жазып,

қазіргі


қазақстандық азаматтың бейнесі әдеби жанрларда неліктен аз суреттеледі? Жас

ақындар мен жас жазушылардың «жастық шағы» әлі неше жасқа дейін ұзаруы

мүмкін? Әдебиетіміздің көрнекті өкілдерінің шоғырлы  жұлдыздары қашан

танымал болады?

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқытудың тәрбиелік  негіздері

осындай  сандаған  сұрақтардың шешімін  анықтауы  керек.  Ең алдымен,

әдебиетті  оқыту  барысында  «субъект–субъектілік» қарым-қатынастың басты

дидактикалық талап болуын назарда ұстау керек.

Қазақ  әдебиетінің  «Тәуелсіздік  жылдарындағы әдебиет»  деген  маңызды

тарауы 1991 жылдан бері әлі де бір арнаға тоғыстырмай, сала-саласымен даму

барысы  туралы  жүйелі  зерттеген  еңбектер  көбеймей,  оны  оқыту әдістемесінің

мүлде дерлік қолға алынбай келе жатқандығы – ойландыратын мәселе.

Әдебиет – өнер  болғандықтан,  диалогтік әдіс  негізгі  орында  болатыны

белгілі.  Бір  көркем  шығармаға  түрлі  көзқарастың болуын  мүмкін  ететін  және

өзіндік  таным  тұғырын қалыптастыруды  міндет  ететін  диалог әдісі қазіргі

әдебиет сабақтарының басты әдістерінің бірі болуы тиіс.

Оқушының рухани-адамгершілік  тәрбиесін  жалпыадамзаттық, тәуелсіз

қазақстандық, ерікті  жеке  тұлғалық бағытта қалыптастырып  дамыту үшін  осы

мақсатқа  лайық іріктелініп  сұрыпталған  білім  мазмұнын  меңгерту  барысы

әдебиет сабағының тәрбиелік барлық әлеуетін потенциалын танытады.

Қазақ халқының тарихында кеңестік және одан бұрынғы ресейлік патшалық

отаршылдық

саясаттың  қазақтың  ұлттық,

тарихи,  патриоттық

санасын,

адамгершілік  туралы құндылықтарын  тұмандатып,  бүркемелеп,  мемлекеттік

деңгейдегі  болмысының

дұрыс


қалыптаспауына  барын  салып  баққаны

белгілі.Ұлттық  құндылықтарымыздың белі  бүгілсе  де,  тізе  бүкпегенін  1986

жылғы  желтоқсандағы қазақ жастарының намысы  мен  ерліктері  айқын



25

көрсеткені  белгілі.  Оны қазақ  әдебиетінің  ұлттық сананы қалыптастырып,

тәрбиелеудегі қуаттылығы деп түсіну керек.

Қазақ  әдебиетінің тәрбиелік әлеуетінде  болашақ  Қазақстанның іргетасын

сенімді қалыптастыратын тілдік-идеялық қуат болуы міндетті болып табылады.

Сондай  сенімді  іргетас  ретінде  партиоттық тәрбие,  Отанды  сүю,  жеке  бастың

қамын  емес,  ең алдымен  елдің амандығын,  тұтастығын  ойлауға  тәрбиелеу

алынады.


Қазақстан  Республикасының көпұлтты  болмысын  біртұтас  елдік  болмысқа

айналдыруға қазақ  әдебиеті  мүдделі,  ол құндылықтарды  тек қазақ мектебінде

ғана  емес, қазақ  әдебиетін  оқытатын қазақстандық барлық мектептерде

меңгертуге  мұғалімдер  мен әдіскерлер өздерінің  ғылыми  және әдістемелік,

тәрбиеші ретіндегі күш-қуатын жұмсауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет