17
проблемалық жағдаяттың күрмеуін шешу жолын болжам ретінде ұсыну;
шешім жолының сабақтасқан алгоритмдерін анықтау;
ұсынған шешім жолын тексеру.
Проблемалық жағдаят дегеніміз не? Психологиялық тұрғыдан анықтайтын
болсақ – адамның интеллектуалдық қиналысының психикалық жағдайы. Ол
қиналыстың туындайтын себептері болады:
аталмыш жағдаятқа қатысты алғанда, адам өзінің алған білімінің
жеткіліксіз екенін сезінеді;
екінші жағынан, қалыптасқан іс-әрекетінің де осы жағдаятты шешуге
дәрменсіз екенін түсінеді;
тұйықтан шығу үшін жаңа білім қорын іздейді;
күрмеуді шешуге қажетті күш пен іс-әрекет түрлерін үйрену керектігін
түсінеді.
Бір мәселе бар, ол – проблемалық жағдаятты шешу үшін жаңа білім мен іс-
әрекет қана керек деп түсінбеу керек, ең бастысы – проблемалық жағдаятты
ДӘЛ, АЙҚЫН анықтай білу екендігін түсіну керек.
Көмескі анықталған проблемалық жағдаяттың шешімі де дұрыс болмайды.
Дұрыс айқындалған мәселе – дұрыс шешімнің тең жартысы.
Жинақтай айтатын болсақ, продуктивтік әдістердің проблемалық жағдаятты
шешуге ұмтылдыратын, құлшындыратын, қалыптастыратын қуатты қырлары
бар, олар:
проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың логикалық
ойлауы бірізділікпен қалыптасады;
оқушыны өз бетімен білім іздеуге ынталандырады;
оқу материалын меңгертуде оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудың
ең тиімді тұстары болып саналады.
Продуктивтік әдісті қолданудың бір жолын С.Досановтың «Жиырмасыншы
ғасыр» атты романын талдау арқылы көрсетуге болады деп ойлаймыз.
С.Досановтың «Жиырмасыншы ғасыр» атты төрт томдық романында бір
ғасырдың көркем шежіресі төрт ұрпақтың тағдыры арқылы көркем берілген.
Бірінші кітапта отаршыл патшалық орыстық саясаттың қазаққа әкелген
қайғы-қасіреті суреттелген.
Екінші кітапта Столыпин реформасынан кейін Қазақстан мен Ресей ара-
сындағы күрделі қарым-қатынас, Қазан төңкерісі, аштық, сұрапыл отыз жетінші
жыл оқиғалары суреттеледі.
Үшінші кітапта жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжылдықтарында қазақ
елі бастан кешкен оқиғалар суреттеледі.
Төртінші кітапта тәуелсіздік жылдары суреттеліп, қиындықтарды еңсерген
қазақ халқының жарқын болашқақа қол созған болмысы суреттеледі.
ХХ ғасырдың жүз жылында адамзаттың дамуы мыңжылдықтарды аттап
өткендей деңгейге көтерілді. Осының барлығы оқушыларға «Қазақ халқы үшін
ХХ ғасыр қандай ғасыр?» деген проблемалы сұрақты қойғызу одан әрі өз
бетімен ізденуге түрткі болады.
18
Осы романдағы бір үзіндіні алып, сондағы проблемалық жағдаяттың
шиеленіскен тұсын қарастырайық.
«Құдайға шүкір, Нұрдәулеттің жағдайы жаман емес. Әкесі Бабаханға он
мың жылқы бітіп еді, Нұрдәулет оны жиырма мыңға жеткізді. Әкесі орта
жүз Арғын ішіндегі өз руы Қараманға ғана қожалық етіп еді, бұл өздеріне ең
жақын ру Төлекті де қоса билеп отыр.
Әкесі екі әйел алып еді, бұл төртеуін алды. Әкесі берісі Ұлытау, әрісі
Қарқаралыда болғанын мақтан етеді. Бұл кең байтақ қазақ даласының төрт
бұрышын кезгенін місе тұтпай, тым алыс Қырым асып, Кавказ басып, ту
сонау Меккеге де барды, Түркия, Сирия деген елді бұл өңірде өзге түгіл он мың
жылқы айдаған, жал мен жая шайнаған өз әкесі Бабахан да көрген жоқ.
Енді міне Бағдатқа барып келе жатыр. Дүниені шайқап жүр. Ұлы даланың
сауырлы бір өңірін билеген атақты бай. Бай ғана емес, би. Орынбор мен
Омбының,
Мәскеу
мен
Петербордың
шенеуніктерімен,
қазақтың
зиялыларымен ой жарыстырып, пікір таластырған білімпаз!»
Достарыңызбен бөлісу: