алатындығымен танылады.
12
бейнесі танылады. Сомдалып тұрған әдеби бейненің болмысындағы ерекше
тілдік суреттеу құралдары анықталып, тілтаным арқылы көркем-эстетикалық
талғамы қалыптастырылады.
«Әдіс» –
әдебиет сабақтарындағы мұғалім мен оқушының бірігіп
атқаратын оқу-танымдық іс-әрекеті. Сабақ тақырыбына лайық дұрыс таңдалған
әдіс арқылы оқушы жаңа блім мазмұнын игереді, жаңа білік-дағдыларға ие
болады,
қабілеті жетілдіріліп, белгілі бір дүниетанымдық
көзқарасы
қалптасады.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістерінің жіктемесін
тануда сюжеттік-композициялық талдау, бейне, стильдік талдау, шығарманың
тарихи талдануы, шығарманы жазушының шығармашылық қызметі аясында
және басқа жазушылар шығармашылығымен салыстыра қарастыру сияқты тағы
басқа әдіс-тәсілдер алдынғы орында тұратыны белгілі.
Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын сапалы әдістер осы әдістің кішкене
құраушы
элементтері болып табылатын амал-тәсілдердің
алгоритмдік
қолданысы арқылы жүзеге асырылып қолданылады. Тәуелсіздік жылдарындағы
қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын әдістерді былайша жіктеуге болады:
эвристикалық әдіс;
ізденіс әдісі;
репродуктивтік әдіс;
продуктивтік әдіс;
шығармашылық әдіс.
Эвристикалық әдіс –орта мектеп оқушыларына «Тәуелсіздік жылдарындағы
қазақ әдебиеті» саласын меңгерту барысындағы негізгі әдістің бірі болуы дұрыс
болады. Өйткені бұл тақырыптағы қазақ әдебиеті –
оқушылардың осыған
дейінгі меңгерген әдеби білімінің кеңейтілген, жоғарылаған, ғасырлар бойғы
ата-бабаның мұрат етіп аңсаған арманының жүзеге асырылған кезеңінің
бейнесін сомдаған әдебиет.
Эвристикалық әдіс арқылы көркем әдеби шығармаларды танып-талдау
барысында оқушылардың
сезімдік көркемдік
қабылдауы санада терең
иірімдерге бойлай түседі-дағы, олардың интеллектуалдық дамуы қарқындай
түседі.
Осы ретте
Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романын таныстыруда
эвристикалық әдісті қолданудың беретін пайдасы мол екенін көрсетейік.
«Соңғы парыз» романын ғалымдар идеялық-көркемдік өрісі кең шығарма
деп бағалайды. Бұл дилогияда «Адам-Қоғам-Табиғат» өрістерінің өзара
алмасып отыратын керемет байланысы мен қатынасы гармониялық тізбек пен
желіде суреттелген. Ә.Нұрпейісовтің роман-дилогияда оқырманына жеткіземін
деген мақсатын анықтау үшін мұғалім мынадай проблемалық-эвристикалық
сұрақтарды алдын ала оқушыларға таратып береді:
Достарыңызбен бөлісу: