драматургия, сын салаларының өзара тығыз байланыстылығын сақтау
бағытында оқыту ұстанымы;
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін пән тарихы мен теориясына
байланысты негізгі ұғымдарды меңгерту бағытында оқыту ұстанымы;
Тәуелсіздік
жылдарындағы
қазақ
әдебиетін
жаңа
оқыту
технологияларын кең арнада қолдана отырып оқыту ұстанымы.
Тәуелсіздік жылдарындағы
қазақ әдебиетін оқыту мазмұны
қазақ
әдебиетін мектепте оқыту бағдарламасымен анықталады. Ол бағдарлама
мұғалімдердің Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінен білім берудің
жетекші құралы болып табылады.
Осы ретте әдіскерлер шешуі тиіс маңызды мәселе бой көтереді. Ол – қазақ
әдебиетінен берілетін білім мазмұнын түбегейлі жаңа Тұжырымдамалық
негізде қайта жүйелеу. Осы кезге дейін мұндай маңызды мәселе шешімін
таппай келе жатыр.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін, оның ішкі қалыптасу үрдістері
мен даму үдерістері тәуелсіздік идеясына қалай негізделгендігі де жеткілікті
деңгейде зерттелмей келеді. Бұл мәселенің алдағы уақытта қарастырылуы тиіс.
7
Дидактиканың үлкен саласы – білім мазмұнын іріктеу мен сұрыптау.
Сондықтан, қазақ әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы жинақталып келе
жатқан қазынасын меңгерту, сұрыптау, мектеп бағдарламасына енгізу, талдау –
әдіскерлік шеберлікті, мол тәжірибені қажет етеді.
Бұл мәселені әдебиеттануші ғалымдардың өздері де баса атап көрсеткені
белгілі. «Әрине, жаңа кезең көркем кітабының бәрі бірдей қалам ұшына іліккен
жоқ. Кейбір татымды туынды әртүрлі себеппен назарға түспей қалды да.
Түспей қалуының бір себебі, әдебиет тарихы баспа жүзін көрген шығарманың
құнын айырмай, шетінен тықпалай беруді көтермейді. Қазір не көп – қағаз
топаны көп.
Проза әлеміне де, өлең өлкесіне де кіруге лайықсыз, әдебиетпен үш қайнаса
сорпасы қосылмайтын шалажансар шимайлардың бүгіндері қаптап кеткені
жасырын емес. Қара нөпірім басылым арасынан ауыз тұшырлық кісі
қызығарлық дүниені айырып алудың өзі бірталай жұмыс.
Дәмі жоқ,
татуы жоқ сүреңсіздіктің насихатталуы бос
әурешілдік.
Сондықтан кітапта бүгінгі тәуелсіздік әдебиетінің әжетке жарайтыны, жілігі
татиды дегендері ғана іріктеліп талданды» [5].
Мемлекет білім беру орындарына
өзіне керекті азамат тұлғасын
қалыптастыруға тапсырыс береді. Пәннің оқу бағдарламасы мемлекеттің сол
тапсырысына сүйене отырып қажетті білім мазмұнын сұрыптайды. Осы
бағдарлама
негізінде
іріктелген
әдеби
туындыларды
оқыту
арқылы
оқушылардың
саналы азаматтық
тұлғасы мен эстетикалық
талғамын
қалыптастырып
дамыту
–
қазақ
әдебиетін
оқыту
әдіскерлері мен
мұғалімдерінің басты міндеті.
Әдебиеттанушы ғалымдардың «қазақ халқының тарихындағы ең бақытты
дәуірден, маңдайы жарқырап, тәуелсіздік туын желбіретіп, мерейі үстем
болған және елімізді демократиялық жолға түсірген 1991 жылдың 16
желтоқсанынан басталған»[5] деп анықтаған тәуелсіздік жылдарындағы қазақ
әдебиетін мектепте оқыту осындай биік пафосты, қазақ халқының терең де
нәзік әрі шиыршық атқан иірімдері мол көркем қазынасын меңгерту деген
жоғары рухтағы әдістемелік тіректен тұруы тиіс.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің проза, поэзия, драматургия,
сын салаларынан берілетін білім мазмұнын анықтау және оны оқыту әдістемесі
бойынша алда тұрған екі міндет бар:
біріншіден, қазақ әдебиетінің 1991 жылдан бергі кезеңде дүниеге келген
озық идеялық және эстетикалық құндылығы мен тілдік-танымдық қуаты зор
көркем
туындыларды
сұрыптау;
сол
арқылы
оқушыларға
Тәуелсіз
Қазақстанның айқын бейнесі мен болмысын таныту, тәуелсіздік мазмұндағы
әдебиетте таңбаланған қазақтық әлеуметтік мәдени кодтарды меңгерту;
екіншіден, тәуелсіздік мазмұнындағы қазақ әдебиетін меңгерту арқылы
оқушыларға көркем
әдеби талдаудың
жаңа тұжырымдамасын,
әдеби
шығармаларды талдаудың жаңа ұғымдық аппараттарын қалыптастыру.
Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті туындылары сол кездегі негізгі әдіс –
социалистиік реализм әдісі арқылы талданып келгені белгілі. «Жағымды» және
8
«жағымсыз» кейіпкерлердің оппозициялық талдануы арқылы кеңес заманының
геройы туындап шығатын әдіс сол кездегі ең тиімді әдіс болып саналды. Ал
қазіргі барынша шынайы, мүмкіндігінше өмірдің өзі алға қойып отырған
тұрмыс күрмеулерінен шыға алатындай амал-тәсілдердің мектептегі қазақ
әдебиетін оқыту әдістемесіне кешеуілдеп келуі – әдіскерлер тарапынан уақыт
оздырып алып жатқаны айқын да ашынарлық жағдай.
Қазіргі
қазақ
әдеби
туындылары мен оқырман арасында кеңес
дәуіріндегідей авторитарлық пікір орын алмауы керек.
Сондықтан оқушының оқырман ретіндегі өзіндік көзқарасы, білім алушы
субъект ретіндегі өзіндік ізденіс арқылы білім алу әдістері, жеке тұлға ретіндегі
дүниетанымдық ұстанымдары қалыптасуына және олардың адамгершілік,
патриоттық, эстетикалық тұрғыдан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін
ардақ тұтатын болмысына лайық болуын қамтамасыз ету –
қазақ әдебиетін
оқыту әдістемесі әдіскерлері мен ғалымдардың парызы болып табылады.
Бұл ретте әдебиет теориясы бойынша меңгертілетін ғылыми аппараттар –
терминдердің де жүйесі айқындалуы керек. Өйткені «социалистік реализм»
әдісі арқылы талданып келген М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын ендігі
ретте
қалай талдау керек? Бұл жерде М.Қаратаевтан бастап барлық
ғалымдардың талдауына сүйенетін болсақ, Тәуелсіз Қазақстан тарихында жаңа
қырынан танылып жатқан Құнанбай, Шәкәрім т.б. бейнелері оқушыларға қалай
меңгертілгені дұрыс?
Осы мәселелердің іргесінен орын алып, «Қазақ әдебиетінің» жалпы
жүйесінен орын алып, бірақ толықтай жаңа болмыста қалыптасып келе жатқан
тәуелсіздік
жылдарындағы
қазақ
әдебиетін
оқытудағы
әдебиеттану
терминологиясын мектепте меңгертуде де жаңашыл әдістемелік ізденістер
орын алуы керек.
Тәуелсіздік
жылдарындағы
қазақ
әдебиетін
шолу
түрінде
өту
көзделгендіктен, мұғалімнің өз бетімен оқушыларға кең арналы білім беруіне
қазіргі ақпараттық мүмкіндіктер мол екенін атап көрсеткіміз келеді.
Сондықтан оқу бағдарламасында аталып көрсетілген авторлармен
шектелмей, кеңірек білім мазмұнын беруге ұмтылыс жасау ләзім.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің ПРОЗАСЫ бойынша лайықты
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, көркем шығармаларды оқушыларға таныстыру
және өз бетімен оқып-білуге ұсыну керек.
Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім»,
Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», М.Мағауиннің «Мен», «Жармақ», «Сары
қазақ», Д.Досжанның «Ақ Орда», «Құм кітап», Қ.Ысқақовтың «Ақсу –
жер
жаннаты», Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Ә.Таразидің «Жаза», «Қара
жұлдызға сапар», Т.Әбдіковтің «Парасат майданы», С.Сматайдың «Жарлығап
батыр», Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Қ.Исабаевтың «Шоң би», Б.Мұқайдың
«Өмірзая»,
О.Сәрсенбайдың
«Шеңбер»,
К.Сегізбайдың
«Беласқан»,
Б.Нұржекеұлының «Әйелдің жолы жіңішке», С.Жүнісовтің “Аманай мен
Заманай”, Ә.Нұршайықовтың “Жазушы мен оның достары”, М. Шаханов, Ш.
Айтматовтың «Құз басындағы аңшының зары»,Қ.Ысқақтың “Ақсу туралы
аңыз”, С.Мұратбековтің “Ай туар алдында”, Д.Исабековтің “Ай-Петри
9
ақиқаты”,Ә.Сарайдың
“Еділ-Жайық”,
О.Сәрсенбайдың
“Шеңбер”,Т.Сәу-
кетайдың «Ай қараңғысы», Т.Зәкенұлының «Көк бөрілердің көз жасы»,
Ж.Ахмедидің «Шырғалаң», Ұ.Доспамбетидің «Қызыл жолбарыс», А.Алтайдың
«Алтай новелласы»,
Ә.Асқардың «Өр Алтай, мен
қайтейін биігіңді»,
С.Елубайдың «Мінажат», «Жалған дүние», Т.Нұрмағамбетовтің «Айқай», С.
Досановтың
төрт томдық «Жиырмасыншы
ғасыр», Ж.Шаштайұлының
«Жаңғырық», Т.Мамасейіттің «Таңжарық», Қ.Жиенбайдың «Ән салуға әлі
ерте», Мир Шайырдың «О, данышпан дүние», Ж.Әлмашұлының «Күлкі мен көз
жасы», Д.Батырдың «Жарсыз өткен ғұмыр», Ә.Ыбырайымұлының «Ұяластар»,
Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар», «Мен сізді сағынып жүрмін» атты
романдары, Ө. Кәріпұлының «Серілер мен перілер», Ө.Ахметтің «Адасқан
ғасыр», Н.Қапалбекұлының «Таудан түскен тұман», Д.Әшімханұлының
«Самырсын сазы»,
Қ.Түменбайдың «Қобыздың
мұңы», С.Оспановтың
«Сопының ғұмыры», Н.Ораздың «Биіктегі сұлулық», Н.Қамидың «Көк қақпа»,
А.Кемелбайдың «Қоңыр қаз», Т.Шапайдың «Айна сарай»атты әңгіме-повестері
т.б. туындылар – қазақ әдебиетінің проза саласында 1991 жылдан осыған
дейінгі жылдар ішінде үлкен биіктерге қол жеткізіп келе жатқанын, «қазақ
әдеиетінде даму жоқ» деген жалған сөздердің әдейі осындай теріс пікір
қалыптастыру мақсатында айтылып жүргенін көрнекі дәлелдейтін дерек болып
табылады.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің ПОЭЗИЯ саласы бойынша
оқушыларға бағдарлама бойынша және өз бетімен оқуға мына ақындардың
шығармалары ұсынылады.
А.Бөкеновтің «Салбуырын», Н.Оразалиннің «Құрайлайдың салқыны»,
«Ғасырмен
қоштасу»,
Е.Шаймерденұлының
«Жүректегі
жазулар»,
Е.Раушановтың «Ғайша-Бибі»
,
«Қара бауыр қасқалдақ», М.Айтхожинаның
«Жапырақ
сілкінген кеш», Т.Тұяқбаевтың «Жан дауысы», Б.Үсеновтің
«Табиғат терезесі», С.Нұржановтың «Аруана», Г.Шамшиеваның «Қаракөз
дәурен», Т.Әбдікәкімовтың «Ақшам хаттары», Г.Өмірзақованың «Жапырақ-
ғұмыр», С.Сейітовтің «Серпер», Ә.Қайранның «Мазасыз әлем», Х.Ерғалидың
«Сонеттер»,
Ә.Сәрсенбайұлының
«Ғасыр
мен
ғасыр
беттессе»,
Қ.Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат», Қ.Бұғыбаеваның «Қоштасқым
келмейді», Қ.Мырза-Әлидің «Заман-ай», «Алаштың арманы», К.Салықовтың
«Сәбит
аға»,
«Түркістанға
тағзым»,
М.Шахановтың
«Жазагер жады
космоформуласы», «Жаңа
қазақтар», «Компьютер басты жарты адам»,
Н.Айтұлының «Рухымның падишасы», «Бәйтерек», Ұ.Есдәлетұлының «Киіз
кітап»,
О.Асқардың
«Орбұлақ»,
Д.Әбіловтің
«Жолаушы
өмір»,
А.Бақтыгерееваның «Ақ шағала», Р.Ниязбек Н.Мәукенұлының «Бойтұмар»,
А.Шәріповтің «Құбыла», Қ.Исаның «Керімсал», Г.Салықбаеваның «Жан»,
А.Әлімғазыұлының «Жаралы Желтоқсан», Ө.Нұрғалиевтің «Афина мектебі»,
А.Егеубайдың «Аламан», К.Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян», Иран-
Ғайыптың «Жыр әлемі», «Қорқыттың көрі», Ж.Бөдешұлының «Жұлдызға
орнын ай бермес», М.Ақдәулетұлының «Дәруішнама», А.Әлімнің «Ай нұры
алақанымда», М.Райымбекұлының «Ай-Нұр», Қ. Сариннің «Арманымның
бейнесі»жыр жинақтары, «Ер намысы – ел намысы» т.б. ақындардың
10
шығармалары мен жинақтары жарық көріп, С.Адай, Ж.Сәрсек, Т.Толқынқызы,
М.Шоқан,
Б.Сарыбай,
А.Елгезек,
Н.Бердалы,
Е.Жеңісұлы,
Е.Жүніс,
Т.Таңжарық, Ы.Дәбей, Б.Әлқожа, Н. Сарша, А.Сейтақ, С.Есжан, Т.Мықи т.б.
сияқты жас ақындар легі көбейді.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің ДРАМАТУРГИЯ саласы
бойынша оқушыларға өз бетімен мына шығармалар ұсынылады.
Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан», Ә.Таразидің «Ақын, Періште. Махаббат»,
С.Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелер», М.Байсеркеновтің «Абылай
ханның ақырғы күндері», Р. Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан», Шахмардан
Құсайыновтың
«Томирис»,
И.Оразбаевтың
«Шыңғыс
хан»,
Т.Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той», Қ.Ысқақовтың «Қыл көпір», «Жан
қимақ», Қ.Ысқақ пен Ә.Таразидің «Алатау сынды алыбым», И.Сапарбайдың
«Сыған серенадасы», С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар», «Ғашықсыз
ғасыр»,
«Ең
әдемі
келіншек»,
Ә.Ақпанбетұлының
«Дүние-думан»,
Д.Амантайдың «Сәлеметсіз бе, қоңыр мұң», С.Сматаев пен Т.Теменовтің
«Көгілдір такси», А.Жағанованың «Жан алқым», Н.Әбутәлиевтің «Өттің,
дүние», А.Бекбосыновтың «Соңғы сезім», Д.Исабековтың «Актриса», «Тор»,
«Ескерткіш», Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланы», Б.Мұқайдың «Сергелдең
болған серілер», «Өмірзая» т.б. драмалық
шығармалары
–
тәуелсіздік
жылдарында қазақ әдебиетінің қорына қосылған рухани қазына деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |