Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет12/46
Дата22.04.2020
өлшемі1,57 Mb.
#64185
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Проблемалық сұрақ: Қазақтың байлары – қазақты дамытушылар болды

ма, елді кері кетірушілер болды ма?

Мұғалім  оқушылармен  бірге  мәтінді  оқи  отырып,  осы  сұраққа  жауапты

біртіндеп  тауып  алады.  Нұрдәулет – бай,  іскер қазақтың бейнесін  де  таныта

алады. Нұрдәулет – көзі ашық, ағартушылық бағытты қолдайтын азамат ретінде

де  таныла  алады.  Нұрдәулет – Ахмет  Байтұрсынұлына  конституциялық-

демократиялық партия құруға қаржылай  көмек  көрсеткен  меценат  ретінде  де

танылады т.с.с.

Осындай  талдаулардағы  проблемалық жағдаятты  шешу  жолы  арқылы

мұғалім

қазақ


байларының

жағымсыз  кейіпкер  ретіндегі  суреттелуін

біржақтылық яғни,  «советтік  тапсырыс»  болғандығын  романнан үзінділер

келтіре отырып, айқын дәлелдер арқылы түсіндіре алады.



Шығармашылық  әдістер –

әдебиетті оқыту  барысында  шығармашылық

тапсырмаларды  орындата  отырып,  оқушылардың креативтік қабілеттерін

дамытуға арналған әдіс түрлері. Шығармашылық тапсырмаларды жүйелілікпен,

жеке  тұлғаны қалыптастыру  бағытында  бірізділікпен қолдану  арқылы  мұғалім

оқушылардың танымдық, саналылық, жасампаздық,  қайта  жаңғыртушылық

қабілеттерін дамытуды кешенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Әдеби шығармаларды оқыту барысында мұғалім шығармашылық әдістердің

мынадай түрлерін қолдануына болады.

Бейнелі  суреттеме әдісі. Бұл әдісті қолдану  арқылы  мұғалім  оқушыға

сөздің суреттеу құдыретін таныту мүмкіндігі үлкен.

Мысалы, Н.Айтұлының өлеңінен үзінді келтірейік.

Қазақты тағдыр қанша тентіретті,

Батырлар ат үстінде жортып өтті.

«Бөкенбай жазығы» деп атайды жұрт,

Кіші жүз қолы жатқан кең түбекті.

Тауы тұр одан бері «Жағалбайлы»,




19

Тарихын іздемеген таба алмайды.

Жаманның бар мен жоғы кімге керек,

Жақсының басқан ізі жоғалмайды …

Осы өлеңдегі  белгіленген  сөздер  мен  сөйлемдердің мағынасын  түсініп,

оқушыларға  сурет  түрінде  салу  тапсырылады.  Бұл – оқушылардың тұйықтан

сәтті  шығу  жолын  іздеп  табуына  дағдыландыратын  шығармашылық амал.

Оқушылар  белгіленген  сөздердің ауыспалы  мағынада қолданылғанын  түсініп,

бірақ сурет  етіп  салғанда  тура  мағынасында  сала  берсе,  онда,  олардың

тұйықтан шығу амал-тәсілдерін тапқаны болып саналады.



Гиперболизациялау әдісі. Мұғалім көркем шығармадан бір нысанды немесе

кейіпкерді  оқушылармен  біріге  отырып  таңдап  алады-дағы,  оның  қасиеттерін,

сын-сыпатын  алдымен  тым үлкейтуді,  сосын өте  кішірейтуді  тапсырады.  Жас

ақын Қ.Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңін талдау үлгісін келтірейік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет