Әдебиетті оқыту барысында оқушыларды экологиялық тәрбиелеу. Біздің
қоғамымызда да дүние жүзінде болып жатқан қоғамдық-әлеуметтік үдерістер
бел алып отыр. Оның ішінде, атап айтқанда, адамдардың өзін қоршаған ортаға,
өзінің ана тіліне, өзінің рухани-адамгершілік дүниесіне салғырттықпен қарау,
оларды сақтау мен қорғау туралы білімі мен біліктерінің жеткіліксіздігі күннен-
күнге өсіп келеді.
Осымен
байланысты,
экологиялық
тәрбиенің
қоршаған
ортаның
экологиясы, ана тілінің экологиясы, адамның рухани-адамгершілік жан-
дүниесінің
экологиясы
деген мәселелері
әдебиетті оқытумен,
әсіресе,
байланысты болуы керек.
Эстетикалық тәрбиелеу мәселелері.Оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу –
оларды шындық болмысқа деген эстетикалық қарым-қатынасты, көзқарасты
мақсатты түрде қалыптастыру жүйесі екендігі белгілі.
Әдебиетті оқыту барысында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің өзегі –
оқушының жеке тұлғасы және оның табиғи туа бітті болмысындағы қабілеттер
мен шығармашылық әлеуеттердің жүзеге асырылуына арналған тәрбие
жұмыстар жүйесі.
Әдебиет – өнердің бір түрі ретінде оқушының жеке тұлғасын эстетикалық
тәрбиелудің қуатты құралы болып табылады. Әдеби шығармалар оқушыға тек
білім мазмұнын меңгертіп қана қоймайды, сонымен бірге оқушының сол
эстетикалық әлемде өзінің ой-пікірін, танымын, талғамын жүзеге асыратын
қабілеттер мен білік-дағдыларды қалыптастырып, дамытуға арналады.
Әдеби шығармалар оқушының сұлулыққа, мейірімділік пен адамгершілікке,
әділдікке деген ұмтылысы, құштарлығын нақты әдеби шығармадағы өмірлікке
жақын келетін суреттемелерді меңгерту арқылы оятады.
Тәуелсіз еліміздегі ұлттық құндылықтар мен салт-сананың қайта жаңғыруы
барысында әдебиеттің аса қуатты рухани байытқыш мүмкіндігін қолдан
шығарып алмай, мұғалім барынша мол-мол етіп пайдалана алуы керек.
Ақын-жазушыларымыздың еркін елде шығармашылықпен жазылған әдеби
шығармаларының өз оқырманына, оның ішінде жасөсіпірімдерге беретін
26
тәрбиелік күші көркем туындының әр сөйлемінен, әрбір сөзі мен сөз тіркесінен
көрініп тұратыны анық.
Мұғалім өз оқушыларын сол биік пафосты сезімді тани білуге, қазақ тіл
мәдениетінің тамаша маржандарын тани және қолдануға баулуы керек.
Прозалық шығарманың тәрбиелік әлеуетін танытуда көркем туындының
тақырыбын, идеясы мен ондағы негізгі проблеманы айқындап алудың маңызы
зор.
Оқушыларды
тәуелсіздік
жылдарында
дүниеге
келген
прозалық
шығармаларды саналылықпен талдап оқуға дағдыландыру үшін, оқушылардың
«тәуелсіздік» идеясын қастерлі де аса қасиетті ұғым екендігін түсініп, осы
түсінікпен өмір сүруге қалыптастыру үшін және оларға көркем мәтінді талдау
білік-дағдыларын меңгеруі үшін мұғалім көп жұмыс жасауы тиіс. Олардың
ішінде мынадай маңызды амал-тәсілдерді атап көрсету керек.
Біріншіден, оқушыларға көркем мәтінді талдау үшін аса керекті құрал және
тірек білім болып табылатын
әдебиеттану теориясынан, терминдерден
толыққанды мағлұмат беру керек.
Екіншіден, осы тірек білімдерін көркем мәтінді талдау барысында қолдану
тәсілдерін үйрету керек.
Үшіншіден,оқушыларға көркем прозалық
мәтінді
өз бетімен
талдау
жолдарын байыппен меңгерту керек.
Төртіншіден, сабақ үстінде сыныптағы оқушылардың жеке басының дамуы
мен психологиялық ерекшеліктерін аса мән бере отырып көркем мәтінді талдау
тапсырмаларын орындату керек.
Р. Отарбаевтың «Біздің ауылдың амазонкалары» атты жинағына енген (2012
ж.) «Мона Лиза» әңгімесі бойынша мұғалім ерекше интеграциялық сабақ та
өткізе алады, болмаса арнайы тәрбие сағатын да өткізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |