Тәуелсіздік кезеңіндегі әҢгімелер: идеялық- тақырыптық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата14.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#185465
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
- [#898323]-1643723

Тәуелсіздік Кезеңіндегі Әңгімелер: Идеялық-Тақырыптық Ерекшеліктері
 
73 
алты айналып, жетім бұрышты жеті айналғанда өздеріне лайық 
пәтер таба алмай сандалған жас отаудың күйі бейнеленген. 
Ал, ажырасу мәселесі бүгінгі күннің дертіне айналып 
келеді. Қазақтың “әдебиет халықты тәрбиелеуі керек” деген 
қалам ұстағандары осы мәселені барынша көтеруге тырысып 
келеді. Бұл әсіресе жас жазушы Қанат Тілеуханның әңгімелерінде 
көп байқалады. Оның “Қайтқан қыз” әңгімесі қазақтың «жиен ел 
болмайды» деген сөзін бүгінгі қазақтың дертіне айналдырған. 
Осы жазушының “Медаль” атты әңгімесінде бүгінгі қоғам 
тағы бір қырынан көрінеді. Қазақтың марапатқа қызығушылығы, 
бір-бірінен асып кетсем, асып түссем деген көреалмаушылығы 
қашаннан-ақ көтеріліп келе жатқан тақырып. Бірақ, бүгінгі 
Тәуелсіз Қазақстан ол тіптен жаңа сипат алды. 
Қ.Әбілқайырдың “Қағаз қаласы” атты әңгімесіндегі 
әлеуметтік сатира айқын. Автор қазақ қоғамын шырмауықтай 
шырмап алған баспана дерті жайын бейнелеген. Жастар үшін бүл 
үлкен кедергіге айналды. Өзіне-өзі сенбеу, келешегіне күмәндану 
содан басталады. Әңгіме бірінші жақтан баяндалады. 
Баспанасыздық зарын тартқан қазақ ұлттық болмысына тиетін 
зиян мен зардапты шегіне жеткізе суреттейді. Бұл пәтер неге 
аспанда? Риторикалық сауал емес, пәлсапалық нышан. Бұл 
тақырыптық жағынан Қ.Мүбарактың “Пәтер” атты әңгімесімен 
үндес. Екеуі де жер бетіндегі пәтер емес, көктегі пәтерді яғни, 
қиялда ғана, тіршілікте болмайтын байлықты көксейді. Ел болу 
үшін мұндай әлеуметтік теңсіздіктің жегі құрттай зияндығын 
ашады. Яғни, шығармада бүгінгі әлеуметтік шындық, қазақ 
тағдырындағы шешуін күткен түйінді мәселе – баспана мәселесі 
негіз болады. 
Ұзақ жылдар бойына халқымыздың ғасырлар бойы 
қалыптасқан рухани құндылықтарын көлеңкелеуге жүргізілген 
саясат талай жанды тура жолдан тайдырды. Бұл әсіресе 
жаһандану үрдісі белең алған замандағы діни еркіндіктің 
ушығуында тіпті күрделі мәселеге айналды. Мира Шүйіншәлиева 
“Адасқан ару” әңгімесінде осы жайтты кейіпкерінің жан-
жүрегінен өткізіп, бүгінгі күннің аса өзекті мәселесін қозғауда да 
Мира өзіндік өрнек танытқан. Ата-анасы ғана емес, бүкіл ауыл-
аймағы болашағынан мол үміт күткен, қатарының алды боп
түрлі тілді меңгеріп, шетел асып дәрежесі асқан арманы асқақ 
арудың білім-ғылымы жайына қалып, бөлек бір болмысқа 
айналуы арқылы бұл мәселенің қаншалықты қасіретті екендігіне 
сендіре алған. Халықтың маңдайалды ұл-қызы осындай халге 


TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Б. Көрегенова, Г. Ж. Болатова 
74
жетсе, басқаның халі қандай болмақ дейтін үрейлі сауал 
тудырып, жаныңды түршіктіреді (Қазіргі қазақ әдебиеті, 2017: 
119). 
Мәдина Омарованың “Жұмбақ” өзі пародия деген атау 
берген бұл әңгіме қысқа әрі ой туғызарлықтай жазылған. 
Шығарма түнгі он екілер шамасында соғылған қоңыраудан 
басталады. Бір естігінде ішімдікке удай мас адамның дауысына 
ұқсайтын дауыс иесі “-Сәлем! Біз... Біз бүгін көлік апатында 
ұшырадық” деп хабар жеткізеді. Бізі- Берік, Бақыт және белгісіз 
кейіпкер. Оқиғаның мән-жайын жете түсіне алмаған оның ойына 
“Көлік апатынан аман қалып па? ” деген суық сұрақ қана келді. 
Суық сұраққа суық жауап “Бәріміз аман емеспіз”. Телефон 
тұтқасын қойған соң жалма-жан орнынан тұрып жедел жәрдемге, 
құтқару қызметіне қоңырау шалады. Қаладан шыққаннан кейінгі 
көпірдің маңына такси ұстап өзі де жетеді. Шығарма оқиғасы бір 
сағаттық уақыт екендігін жазады. Десе де көлік апатынан үшеуі 
де қайтыс болып кетіпті. Ең қызығы, өлген уақыты - бүгін 
таңертен. Шығарма тақырыбы осы жерден ашылады. бір сағат 
бұрын өзі телефонмен тілдескен жанның таңертең қайтыс болып 
кеткендігі қалай? Сонда қалай болғаны деген ой жанталасып туа 
берді. Тек бұл шығармасы ғана емес, Мадина Омарованың 
барлық шығармасы дерлік осындай сарында жазылған қызығы 
көп туындылар. 
Мәдина Омарованың “Қадір түні” атты жинағына жарты 
беттен аспайтын эссе-этюдтары, әдебиеттану ғылымында 
қалыптаскан теориялық қағидаға қисыны келіңкіремейтін 
әңгімелері енген. Шағын мәтіндердегі автор мақсат тұткан идея 
екі ауыз сөзбен шешіліп жатады. Қаламгердің тек өзіне тән жазу 
өрнегі, бейнелеу дағдысы оның дүниені танудағы тосын танымын 
танытады. Өмірдің өзінен ойып алған бір ғана сәттік суреттер 
кейіпкер тағдырындағы ұзак жылғы шердің шешуші сәтіндей 
сезіледі. Аша іздеген бала деген әңгімесінде аты жоқ ағасы мен 
жеңгесі, аты аталмайтын анасы, өзінің де есімі белгісіз кейіпкер 
баланың тағдыры бір ғана жиырма тенге іздеy аясында 
баяндалады. Барлық бір әулеттің тағдыры, бүгінгі ауылдағы ана 
мен қаладағы бала отбасында кездесетін кәдімгі көпшілікке аян 
тағдырлар, тіршіліктер сөз болады. Бүгінгі өмірдің еш 
жасандылығы жоқ шындығы, шынайы өмірі осы азғантай 
абзацтарга сыйып кеткен. “Қысқа жазу- таланттылықтың белгісі” 
деген А.П. Чеховтың атақты сөзін еске алсақ, шынында да бір 
повестке жүк боларлық сюжеттің селін сығымдап бірер сезбен 
қайыру, әрі өте делділікпен, кәсіби шеберлікпен берілуі 


 
Тәуелсіздік Кезеңіндегі Әңгімелер: Идеялық-Тақырыптық Ерекшеліктері
 
75 
куантарлық дүние. Бүгінгі таңдағы уақыты жоқ, ынтасы бар 
оқырмандардың талабы мен заман талабына сай ықшам да қысқа 
жазудың жетік жолын тапкан қаламгердің даралығын танытады. 
Тәсілі кұрғақ баяндап отырып-ақ жаныңды жауратар ауыр 
жағдайды, сүйек сырқыратар сезімді сыйлайды. Мадина Омарова 
дәстүрлі ұлттық ойлау, жазу машығынан мүлдем ажырап кетпесе 
де бүгінгі дәуiр мен адамның тынысын, тіршілігін, табиғатын 
танытарлық шығармалар жаза алды. Мадина Омарованың 
шығармаларын қазақ әдебиетіндегі готикалық прозаның басы деп 
айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет