Тәуелсіздік күніне арналған сценарий



бет4/6
Дата05.12.2023
өлшемі79 Kb.
#195237
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тәуелсіздік сцен

Ән- Қазақстан
Соңы
Мақсаты: Еліміздің тарихы болып келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру.
Тәуелсіздің келу тарихы мен қырандары туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Өз елінің өшпес даңқы шыққан тарихы мен ата-баба сат дәстүрінің ұлт нышаны болып саналатыны туралы ұғым қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Отансүйгіштікке, ұлттық қазына мен мұраларды қадірлеп,қастерлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Тәуелсіздік тарихы туралы біледі. Патриоттық тәрбие қалыптасады. Ұлтжанды боуға тырысады.
Ресурстар: Акт,Слайд, аудиожазба,видеокөрсетілім
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұраты- азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен. Бірге: Құттықтаймыз!
Әнұран ойнатылады
2-жүргізуші: Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 28 жыл толып отыр.
Кіріспе сөз. «Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп егемендікті аңсаған, сол үшін қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.


Мұғалім сөзі: Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
«Желтоқсан әні» А. Ақыпбекұлы. Мәнерлеп оқу. Қуанышова К.
Интерактивті тақтада: Слайд таныстыру. «Желтоқсан кезеңдері» Таныстыру.
Қайраттың ақтық сөзі: Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бесте басым бар.
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар!
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!!!
Хош аман бол артымда,
Ағайын, туған-азамат
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым саған аманат!
Алаңға шығып, өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды.
Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Қайрат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет