Тәуелсіздік т ұғыры биікте


-бөлім – Ұлтазаттық күрестерден желтоқсан көтерілісіне дейін;  2-бөлім



бет3/4
Дата23.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#164142
1   2   3   4
Байланысты:
Тәуелсіздік туралы тәрбие сағаты
Тест.Химия.8-сынып
1-бөлім – Ұлтазаттық күрестерден желтоқсан көтерілісіне дейін;
 2-бөлім – Желтоқсан, қыздар, тағдырлар;
3-бөлім – Желтоқсандық қыздар естелігі елдіктің сырын шертеді;
4-бөлім – Қаһарман қыздар қайда жүр? деген тақырыптармен берілген. 
Тәуелсіздігімізді алған жылдан бері 26 жылдық тарихымызға көз жүгіртейік.
Жылдар сөйлейді сатысы:



1991 жылы 1 желтоқсан – Тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен (98,76%) жеңіске жетті.
1992 жыл – Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді. 
-1993 жыл – 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. 
- 1994 жыл – мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады. 
-1995 жыл – 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды. 
- 1996 жыл – 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті. 
- 1997 жыл – «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп аталды. 
- 1998 жыл – 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. 
-1999 жыл – 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 
- 2000 жыл - « Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.Түркістанға 1500 жыл толды. 
- 2001 жыл – 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды. 
- 2002 жыл – «Денсаулық жылы» жарияланды. 
- 2003-2005 жылдары - «Ауыл жылы» жарияланды. 
- 2004 жыл – «Қазақстан – Ресей» жылы болды. 
- 2005 жыл – Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. 
- 2006 жыл – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды. 
- 2007 жыл – «Қазақ тілін қолдау» жылы. 
- 2009 жыл – елімізде халық санағы ұйымдастырылды. 
- 1999 жылы Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді, 2010 жылы осы ұйымға төрағалық етіп, осы жылы Астанада Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізді. 
- 2011 жыл – қысқы АЗИАДА-мен басталды.
2012 жыл 15 қаңтар – күні өткен кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органы көп партиялы атанды. Парламентке «Нұр Отан» партиясынан бөлек, «Ақ жол» мен «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы» өтті.
2013 жыл «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.
2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев «Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» – деп атап өтті.
2015 жыл – Қазақ хандығының 550 жылдығы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы, деп Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз»
2016 жыл – Тәуелсіздікке 25 жыл
2017 жыл – ЭКСПО көрмесі өтті
2018 жыл - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық еткен жыл
2019 жыл -2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауы өтті 
2020 жыл – «Еріктілер жылы»
2021 жыл -Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етті.
2022 жыл – Балалар жылы

Топпен жұмыс.


1. Нұр әлем тобы-болашағымыз
2. Бәйтерек тобы-тарихымыз
3. Пирамида тобы-бүгінгіміз
3 топқа тапсырма. Ватманға сфера, бәйтерек және пирамиданың суретін жапсырады. Алдарына мәлімет және ұялы телефондары беріледі. Мәлімет бойынша және ұялы телефон арқылы өздері ассоциация және мағлұматтарды алады. Ізденістік жұмыс жасайды.

Оқушылар топпен жасаған жұмыстарын қорғайды.

І топ - Нұр әлем


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет