Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи еңбектерінің қазақ тіліне аударылып, қайта басылуы



бет2/9
Дата13.12.2021
өлшемі0,54 Mb.
#100022
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
12презентация
12презентация

Ұлттық ғылым тәуелсіздік алған 10 жыл ішінде түркітану бағытында біршама жетістіктерге жетті. Қазақ және өзге де түркі халықтарының этносы мен мемлекетігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), тарихи-мәдени және этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу түркі тілдес халықгар үшін, оның келешек ұрпағы үшін құнды қазына болып табылады.

Қазақстан мен Орталық Азия және Онтүстік Сібір жерлерін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың, орта шенінде "Түрік кағанаты" деген атпен өз алдына мемлекет қүрғаны тарихтан белгілі. Осы кағанаттың құрамына енген тайпалык, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет