Өзбекстан ғылым академиясы баспасынан 1960-63 жылдары «Түрки сөзләр Дивани» деген атпен 3 томдығы жарық көреді. Аударып баспаға дайындған Салих Муталлибов. Ескерткіштің индекс сөздігін әзірлеген Гани Абдуррахманов пен Салих Муталлибов 1967 жылы 4-ші том ретінде жариялайды. 1982-85 жылдары арасында ағылшын тіліне аударылып, Гарвард университетінде «Mahmud al-Kashgari Compendium of Turkic Dialects (Diwan Lugat at-Turk)» деген атпен жарық көреді.

Жәдігерді тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлетіп, баспаға дайындаған Асқар Егеубаев болды. 1997 жылы 1-2 томдарын, 1998 жылы 3-томын «Түрік Сөздігі» деген атпен жариялаған болатын.
Сондай-ақ 2004 жылы профессор Хүсейін Дүзгүн 1 томдық етіп парсы тіліне, Рамиз Ескер 2006 жылы әзірбайжан тіліне аударып бастырды.
Көріп отырғанымыздай түрік, қазақ, ұйғыр, өзбек, әзірбайжан, қытай, ағылшын және парсы тілдеріне аударылып жарияланған «Диуан Лұғат-ит-түріктің» аудармалары мыңдаған кандидаттық және докторлық диссертациялар мен іргелі зерттеу еңбектеріне әлі күнге арқау етіліп келеді.