Тәуелсіздікті қалай дұрыс насихаттау керек?



Дата08.02.2022
өлшемі168,42 Kb.
#124505
Байланысты:
Че там брат

Тәуелсіздікті қалай дұрыс насихаттау керек?

Тәуелсіздік дегеніміз-менің ойымша ол қазіргі басымыздағы азаттық,бостандық. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен аспаннан түсіп берілген жоқ.Ерен еңбек,қантөгіс шайқастар,біреудің қол астында болу осы тәуелсіздікке алып келген жол.

Қазақ елінің тәуелсіздікті алған күн-16 желтоқсан. Біз бұл мерекені аса қатты тойлап үйренбегенбіз деп ойлаймын.Мысалыға алсақ,біз жаңа жылды дүркіретіп атап өтіп,ал Тәуелсіздік күнін жәй ғана демалыс күні ретінде санап кеттік.

Алайда,мен ойлайтыным,неге Тәуелсіздік күні Жаңа Жылдағыдай қуанышпен атап өтілмейді? Осы Тәуелсідікті насихаттау үшін бүкіл Қазақстан бойынша осы күнге орай көрмелер және т.б. көмегімен адамда қызығушылықты тудырамыз.

Адамдарды қызықтыра отырып,тәуелсіздіктің жай ғана мейрам емес,мақтан тұтатын және азаттық сыйлаған күн деп санауымыз керек. Осы тәуелсіздіксіз адам өзін емін еркін сезіне алмайды,өз ойын толық жеткізіп айта алмайды деп ойлаймын.

Қорытындылай келсек,тәуелсіздік адам өмірінде бір рөл ойнап тұрады.Тәуелсіздікті құрметтеу,дәріптеу,барлығына парыз.

Тыңдап,зейін салғандарыңызға рақмет! Сабақты дайындаған-Мэлс Аяжан,Шунан Алтынай,Леміс Айару,Жетыбай Ақниет.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет