Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайларының күрделенуі, моральдық-экологиялық қоғамның қалыптасуына көзқарастарға қайшы келетін идеялар мен құндылықтарды тарататын бұқаралық ақпарат құралдарының әсері «тәукел тобындағы балалар» мәселесін ұшықтырды.
«Тәукел тобындағы балалар» бұл кейбір жағымсыз факторлардың әсерінен қиын жағдайға тап болған балалар. Балалардың толық дамуы үшін қолайлы және тұрақты жағдайлардың болмауына байланысты олар «тәукел» тобындағы балалар санын толтырады. Балалардың даму үдерісіне әсер ететін факторлар: олардың жас және дербес ерекшеліктері, қолайсыз әлеуметтік орта, әлеуметтік және педагогикалық немқұрайлылық, сонымен қатар физикалық немесе психикалық кемшіліктер және т.о.с. факторлар.
«Тәуекел тобындағы» балалар - бұл мұғалімдер, тәрбиешілер, ата аналар және басқа мамандар ерекше назар аударуды қажет ететін балалар санаты. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың «тәуекел топқа» түсетін оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін, отбасындағы жағдайын, басқалармен қарым қатынасқа түсу механизмі және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының құқықтық аспектілері мен алдын-алу мәселелерін зерттеген ғалымдар көп: А.С. Белкин, Ю.В. Гербеев, Л.М. Зюбин, К.Е. Игошева, Н.И. Кобец, Г.А. Уманов, С. З. Зиманов, Г.С. Сапарғалиев, М.Т. Баймаханов, Ш.Б. Жанманбалаева және т.б.
Қазақстан Республикасының заңнамасы баланың ата-анасының қамқорлығында және жауапкершілігінде, махаббат, моральдық және материалдық қауіпсіздік жағдайында өсуі керек деп нақты көрсетілген. Бәрімізге мәлім, егер бұл ереже толығымен орындалса, онда қоғамда «тәукел тобындағы» балалардың мәселесі болмас еді. Елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың шиеленісуі, тұтастай алғанда экологиялық ахуалдың күрт нашарлауы және басқа да көптеген факторлар біздің қоғамымызды «тәуекел тобындағы» балалар санының өсуіне алып келді. Бұл жұмыстың өзектілігі екі жақты қамтиды: бір жағынан, қазіргі ғылымдағы «тәуекел тобындағы» балалар мәселесі тақырыбына үлкен қызығушылық бар, екінші жағынан, оның әлі де жеткіліксіз зерттелмегендігіне байланысты. Сондықтан, «тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс мәселесін зерттеу қажет екеніне күмән болмайды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: психологиялық-педагогикалық жұмыс.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: «тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың әдістері мен формалары.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты: «тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың әдістері мен формаларын анықтау.
Зерттеу болжамы: егер жалпы білім беретін мектепте «тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың тиімді әдістер мен формалар пайдаланса, сонда психологиялық-педагогикалық жұмыстың нәтижесі сапалы болады.
Зерттеу мақсаты мен болжамға сәйкес зерттеудің келесі міндеттері анықталды:
1) «Тәуекел топ», «тәуекел тобындағы» балалар ұғымдар түсінігінің мәні.
2) «Тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың құрылымы мен мазмұны.
3) Шет елдердің «тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс тәжірибесі.
4) Отбасы - қоғамның негізгі әлеуметтік институты және психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жұмыс.
5) Өскемен қаласының № 16 З. Ахметов атындағы орта мектеп «тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмысының практикалық аспектілерін зерттеу
6) Эксперименттік зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері және зерттеу әдістемелердің сипаттамасы мен барысы.
Қойылған міндеттердің шешімі және болжамды зерттеу үшін келесі зерттеу әдістері пайдаланды: ғылыми әдебиеттерді талдау; анализ және синтез; модельдеу; байқау; әңгімелесу; құжаттарды зерттеу; сауалнама; психодиагностикалық зерттеу әдістемелері: Э.Г. Эйдемиллер мен О.В. Черемисин жасаған «Отбасылық социограмма» атты тесті; Ч.Д. Спилбергер және Ю.Л. Ханинның мазасыздықты зерттеу сынағы.
Зерттеудің эксперименттік базасы: Өскемен қаласы №16 З. Ахметов атындағы орта мектеп.
Зерттеуге қатысқандар – 6 оқушы.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
- алғашқы кезеңде (2021ж.) мәселенің теориялық және практикалық тұрғыдан зерттелу деңгейі қарастырылды, алға қойылған мақсатқа жету жолында нақты зерттеу бағдарламасы жасалынды;
- екінші кезеңде (2021-2022ж.ж.) зерттеудің пәні, нысаны, міндеттері нақтыланып, эксперименттік жұмыстың нәтижелілігі бақылау кезеңінде тексерістен өтіп, зерттеу мәселесі бойынша эмпирикалық материал жинақталды;
- қорытынды кезеңде (2022ж.) эксперименттік жұмыстың нәтижелері математикалық-статистикалық әдістер аркылы өңделіп, зерттеу жұмысының болжамы дәлелденгені анықталды; жалпы қорытындылар жасалды. Диплом жұмысы талаптарға сәйкес безендірілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және тіркемелерден тұрады.
1 «Тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс мәселесі бойынша теориялық негіздер
1.1 «Тәуекел топ» және «Тәуекел тобындағы» балалар ұғымдарының мәні
Қазіргі уақытта ғылым мен практикада «тәуекел топ» және «тәуекел тобындағы» балалар ұғымдары бірдей түсіндірілмейді. Ғылыми әдебиеттерді талдау көрсеткендей, бұл ұғым пәнаралық сипатқа ие. Көп жағдайда олар қоғам үшін қауіпті және өздерінің өмірін, денсаулығын және даму мүмкіндіктерін жоғалту қаупі бар дегенді білдіреді. «Тәуекел топ» және «Тәуекел тобындағы» балалар мәселесімен әлеуметтанушылар, заңгерлер, дәрігерлер, педагогтар мен психологтар айналысады.
Дипломдық жұмыстың бірінші міндеті: «тәуекел топ» деген ұғымның мазмұнын анықтау. Әдебиетті талдай келе келесі түсінікке келдік: «тәуекел топ» деген ұғым ең алдымен медицина және әлеметтану салаларында пайдаланған екен, сондықтан, ұғым пәнаралық сипаттқа ие.
Жалпы «тәуекел» сөзі бір нәрсенің болуы немесе болмауы, әдетте, жағымсыз және қалаусыз болу мүмкіндігін білдіреді.
«Тәуекел топ» – бұл медициналық-әлеуметтанулық термин, белгілі бір медициналық, әлеуметтік жағдайларға немесе қоршаған орта әсерлеріне тап болатын осал халық өкілдеріне арналған термин. Мысалы, медицинада «тәуекел топ» дәстүрлі түрде адамдардың кәсіби қызметінің сипатына байланысты мүмкін болатын аурулардың, жарақаттардың және денсаулықтың басқа да бұзылуларының, сонымен қатар, олардың өмірінің әлеуметтік жағдайлары, мінез-құлық ерекшеліктері теріс өзгеруі деп анықталады [1, б. 89].
Атап айтқанда, дәстүрлі түрде, мысалы, жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтыру, есірткіге тәуелділікті дамыту, психоздарды дамыту, жүктілік кезінде түсік түсіру ықтималдығы, жүрек-тамыр жүйесі аурулары және т.б. үшін тәуекел топтары дәстүрлі түрде ерекшеленеді. Өз кезегінде, нашақорлар қан арқылы берілетін инфекцияларды (гепатит және т.б.) жұқтыру қауіпіне ұшырайды.
Әлеуметтануда «тәуекел тобы» - қоғамның осал мүшелері немесе белгілі бір медициналық немесе әлеуметтік жағдайлардан зардап шегуі мүмкіндігі бар әлеуметтік топтар, сондай-ақ қылмыстық немесе құқық бұзушылық әрекеттерді жасау ықтималдығы жоғары адамдарды жатқызады [2, б. 118].
Белгілі әлеуметтанушы И.С. Кон «тәуекел тобындағы» балаларды девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе мораль жағынан жалпы қабылданған қалыптарының ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады [3, б. 179].
Заң саласында «Тәуекел тобындағы» балалар - бұл өз өмірінің белгілі бір жағдайларына байланысты басқа санаттарға қарағанда қоғам мен оның қылмыстық топтары тарапынан жағымсыз сыртқы әсерлерге ұшырайтын, кәмелетке толмағандардың нашар бейімделген балалар санаты [4, б. 11].
Күнделікті өмірде жалпы тіршілік жағдайында ауызекі сөйлеуде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында «тәуекел топ» ұғымы көбінесе белгілі бір түрдегі кез келген әсерге бейім халық топтарына қатысты қолданылады: тонау, көшеде ұрып-соғу, жұмыс орнында зорлық-зомбылыққа ұшырау және т.б.
Педагогикалық тәжірибеде «тәуекел тобындағы балалар» ұғымы қарастырылады, оған дәстүрлі түрде дисфункционалды отбасынан шыққан балалар, девиантты мінез-құлықтағы балалар, оқу және дамуында ақауы бар оқушылар, сондай-ақ созылмалы аурулары мен мүгедектігі бар балалар кіреді.
Психологияда, педагогикада, әлеуметтік педагогикада «тәуекел тобындағы» балалардың бұл категориясына оқуда, психикалық дамуда, әлеуметтік бейімделуде, үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынаста, жалпы әлеуметтенуде қиындықтарға тап болған балалар жатады. Сондай-ақ, мысалы, психологтар «тәуекел тобындағы отбасылар» ұғымын да қарастырады.
Л.Я. Олиференко, Л.А. Рыбакова және тағы басқа ғалымдардың пікірінше, балалар «тәуекел тобына» туылғандықтан емес, көбінесе әртүрлі қауіп факторларының әсерінен пайда болады. Осы факторлардың ішінде келесі негізгі топтарды бөліп көрсетуге болады:
- биологиялық-медициналық (денсаулық, тұқым қуалаушылық және туа біткен қасиеттер, психикалық және физикалық дамудағы бұзылулар, құрсақішілік даму жарақаттары және т.б.);
- әлеуметтік-экономикалық (отбасының материалдық мәселелері, отбасындағы қолайсыз психологиялық климат, ата-ананың әдепсіз бейне өмірі, қоғамда өмір сүре алмау және т.б.);
- психологиялық (өзінен бас тарту, невротикалық реакциялар, эмоционалдық тұрақсыздық, құрдастар мен ересектер арасында қарым-қатынас және өзара әрекеттесу қиындықтары т.б.);
- педагогикалық (балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері, психикалық даму қарқыны оқыту кезде есепке алмауы, сондықтан бағдарламалар мазмұнының сәйкессіздігі пайда болады; оқуға деген қызығушылықтың болмауы, оң тәжірибені қабылдамауы, оқушы деген бейнесіне сәйкес келмеу және т.б.) [5, б. 207].
Дәл осы факторлардың әсерінен балалар тәуекелге ұшырайды. Әдетте бұл балалардың келесі санаттары бөлінеді:
- айқын клиникалық-патологиялық белгілері жоқ, бірақ жалпы дамуында ақауы бар балалар;
- әртүрлі жағдайларға байланысты ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- дисфункционалды, әлеуметтік жағынан қолайсыз отбасынан шыққан балалар;
- әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек пен қолдауды қажет ететін отбасы балалары;
- әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық дезадаптация көріністері бар балалар [6, б. 153].
Тұлғаның даму үдерісі қоршаған әлеуметтік кеңістікке байланысты, оның субъектілері отбасы, мектеп, құрдастар, баланың өзі және т.б. болады. Әлеуметтік кеңістіктегі тұлғаны қалыптасуы жағымды да, жағымсыз да көп бағытты әсерлеріне байланысты. Адамгершілікке толы, позитивті бағыттағы әлеуметтік орта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына оң әсер етеді. Дегенмен, мектептегі педагог-психолог, әлеуметтік педагог, мұғалімдер, тәрбие жөніндегі мамандар, ювеналдық полиция өкілдері, яғни кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, дәрігерлер ж.т.б. балалармен жұмыс істейтін мамандар көбінесе әлеуметтік кеңістігі қолайсыз балалармен айналысады. Осыдан мінез-құлықтағы ауытқулар туындайды. Осы ауытқулардың кейбір себептеріне тоқталайық:
- денсаулық жағдайындағы нормадан тыс ауытқулар: физикалық және немесе психикалық денсаулығының мүмкіндігі шектеулі; физикалық дамуы жасына сәйкес келмеуі; өсудің тежелуі; мінездің акцентуациясы;
- тұлғааралық қатынастар саласындағы бұзушылықтар, яғни сыныпта қабылданбаған, назардан тыс қалған, сынып ұжымында оқшауланған, құрбандық жағдайда жиі болады, топта құрдастары бас тартады, жанжал, шеттетілген, отбасында бақылаусыз қалған;
- мұғалімдердің қателіктері, яғни педагогикалық өкілеттіктен асып кету; баланы жеке ынталандырудан айыру; оқушының жеке басын қорлау ретінде жазалау; талаптардың сәйкес келмеуі; оқушының мінез-құлық ерекшеліктерін есепке алмауы; оқушының ата-анасы мен мұғалім арасындағы немесе оқушы мен мұғалімнің арасындағы қайшылықтар және т.б.;
- отбасындағы тәрбие қателері, яғни «еркелеткен балалық шақ», «қиян-кескі балалық шақ», «жалғыз балалық шақ», «немқұрайлы балалық шақ»; ата-аналардың негізгі психологиялық-педагогикалық білімнің жоқтығы; жасөспірімді физикалық үй жұмысына қатыстырмауы; отбасындағы жанжалдар және т.б.;
- әлеуметтік себептер, қоғамдағы, микроқоғамдағы қайшылықтар;
- травмалық жағдайлар, яғни ата-ананың ажырасуы; жақындарының қайтыс болуы; тұрғылықты жерін өзгерту және т.б.
Көбінесе жоғарыда аталған себептердің салдарынан жасөспірімдер заңға қайшы келеді. Кәмелетке толмағандардың заңсыз мінез-құлқы мына себептерге негізделген: еліктеу, импульсивтілік және ситуациялық сипаттағы мотивтерге сүйену, өзі туралы жалған ой бекіту, топтық мінез-құлыққа сену. Мұндай балалар қолайлы әлеуметтік даму жағдайларынан айырылған, бұл әртүрлі келеңсіз психологиялық және әлеуметтік салдарға әкеледі. Мұндай балаға, бір жағынан, қиын өмір немесе өзі тап болған әлеуметтік қауіпті жағдайды өзгертуге бағытталған көмек қажет, ал екінші жағынан, өзінің әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық мәселелері мен қиындықтарын бірте-бірте меңгеру үшін барынша бағыт бағдар беру керек. «Тәукел тобындағы» балалар өздерінің әлеуметтенуін түзетуі керек. Осы орайда психолог-педагогтың мақсаты: оларды қоғамға бейімдеу, мінез-құлқының нормадан тыс шықпауын қадағалау.
Зерттеуші С.А.Беличева балалардың тәуекелге ұшырауының негізгі себептерін осы балалардың өміріндегі келесі жағдайлар байланыстырады:
- ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де маскүнемдікке салынған;
- ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де қоғамға жат мінез-құлқы бар, яғни еңбектен бас тарту, қайыршылық, ұрлық, жезөкшелік және т.б.;
- ата-аналардың пәтерде қылмыстық және әлеуметтік іс-әрекетке арналған ұйымдар ұйымдастыруы;
- өз балаларын ата-аналары сексуалдық зорлық-зомбылық тарту, сыбайлас сексуалдық құлдық сату;
- ата-анасының біреуін ішімдік ішіп жүрген достары немесе басқа ата-анасы балалардың көзінше өлтіру;
- ата-анасының бірі бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан; ата-анасының біреуін маскүнемдіктен, психикалық аурудан емдеу; балаға зорлық-зомбылық көрсету, яғни төбелес, ауыр жарақатқа әкелетін ұрып-соғу, аштық және т.б.;
- кішкентай балаларды тамақсыз және сусыз жалғыз қалдыру;
- баспанасының жоқтығы, ата-анасымен бірге күн көріссіз қыдыруы және тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
- үйден қашу, құрдастарымен қақтығыстар және т.б. [7, б. 60].
Мұндай балалардың өмір сүру жағдайын талдау тәуекел факторы ретінде қызмет еткен бір негізгі себепті бөліп көрсету мүмкін еместігін көрсетеді. Сарапшылар көбінесе баланың денсаулығына және оның өміріне тікелей қауіп төндіретін отбасыларда балалардың өмір сүруін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін көптеген қолайсыз жағдайлардың жиынтығын тіркейді. Бұл себептер мен жағдайлар негізінде балалардың мінез-құлқында да, жеке дамуында да айтарлықтай тұрақты ауытқулар пайда болады. Олардың кең мағынада әлеуметтенуі бұзылады: гигиеналық дағдылардың болмауы; дастархан басында өзін ұстай алмау; бейтаныс ортаға, жаңа жағдайларға бейімделе алмау; гиперсексуализм; жыныстық бағытының бұзылуы; ұрлық; алдау; адам өмірінің құндылығын жоғалту; қатыгездік; агрессивтілік; енбекке деген қызығушылықты жоғалту; жалқаулық; құндылық бағдарларының болмауы; қоғамда қабылданған мораль мен этиканы бұзу; руханияттың болмауы; білімге деген құлшынысын жоғалту; жаман әдеттер, яғни ішімдік, нашақорлық, темекі шегу, балағат сөздер т.б. басым болуы.
Сонымен, зерттеу саласына байланысты «Тәуекел тобындағы балалар» деген ұғымның көптеген анықтамалары және пайда болу себептері мен фактолары бар екеніне көз жеткіздік.
Ғылыми әдебиетті зерттеу негізінде біз «тәуекел тобындағы» балалардың пайда болу факторларын бір кешенге келтіріп, схема түрінде көрсеттік. «Тәуекел тобындағы» балалардың пайда болу факторлары 1-суретте берілген.
Биологиялық-медициналық факторлар медициналық
Әлеуметтік-экономикалық факторлар медициналық
Педагогикалық
факторлар медициналық
Психологиялық факторлар медициналық
Сурет 1 «Тәуекел тобындағы» балалардың пайда болу факторлары
Суретте көрсетілгендей, «Тәуекел тобындағы» балалардың пайда болу факторларын бір кешені ретінде қарастыру керек. Факторлар бір-бірімен байланысты, мысалы, баспанасының жоқтығы әлеуметтік-экономикалық факторының бірі, ал оның салдарынан: білімге деген құлшынысын жоғалту педагогикалық факторға тіреледі, мазасыздық және агрессивтілік мінез құлық психологиялық фактордың белгісі. Осыдан, бір топтағы факторлар басқа топтағы факторларға тәулді болып келеді.
Қазақстандық ғалымдар С.З. Зиманов, Г.С. Сапаргалиев, М.Т. Баймаханов және т.б. әр түрлі өлшемдер арқылы «тәуекел топтағы» оқушыларды 4 топқа бөліп көрсетеді.
Бірінші топ – физиологиялық өлшемдер:
1. Ішкі ағзаларының созылмалы ауруы бар.
2. Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің мәселелері бар.
3. Жиі және ұзақ ауыра береді.
4. Психоневропотологта есепте тұрады.
5. Ауыр дәрігерлік отаны басынан өткізген.
6. Стресс алған.
Екінші топ – әлеуметтік өлшемдер:
1. Асоциалды отбасында тұрады (балаға дұрыс көңіл бөлмеу немесе агрессиялық қатынас).
2. Отбасы құрылымының бұзылуы (толық емес, тек формалды түрде толық, яғни бала тәрбиесімен ата-анасының біреуі ғана айналысады, өгей әке, өгей ананың пайда болуы және т.б.).
3. Аз қамтылған отбасында тұрады.
4. Ата-анасы ішімдік ішеді немесе есірткі қолданады.
5. Босқындар, оралмандар отбасынан (бейімделу және тіл меңгеру мәселелері).
6. Тұрғылықты жерін, мектепті, сыныбын ауыстырудағы бейімделу мәселелері.
7. Өз бетімен үйден кету.
Үшінші топ – педагогикалық өлшемдер:
1. Оқу үлгерімі нашар.
2. Сабақты себепсіз көп босатады.
3. Жекелеген кейбір пәндерді себепсіз босатады.
4. Оқу үлгерімі және білім сапасы түсіп кеткен.
5. Тәрбие іс-шараларға қарсы тұрады немесе қабылдамайды.
6. Мектепішілік есепте тұратындар (кәмелетке толмағандарды мектепішілік және қалалық есепке қою туралы шешім тек қана педагогикалық кеңестің шешімімен қабылданады).
Төртінші топ – психологиялық өлшемдер:
1. Эмоционалды-еріктік сферасында бұзылыстар бар, яғни өзін-өзі ұстай алмау, дөрекілік, өтірік айтады, көргенсіз, эмоционалды ұшқалақ, қорқақтық, ызақор, шектен шыққан мінез-құлық, өшпенділік, қаскөйлік, ашуланшақтық, агрессиялықтың және қаталдықтың жиі көрініс беруі, бұзақылық, тұйықтану және өзімен-өзі болып кету.
2. Пайдакүнемдік пиғылдағы әрекеттер жасау, яғни материалдық пайда табу үшін жасалған ұсақ құқық бұзушылық істер, яғни ұрлық, алып-сатарлық, алдап кету.
3. Құрбыларымен қарым-қатынас мәселелері, яғни жағдайсыз, референттік топпен қабылдамауы, тұйықтық, балалар ұжымынан шеттеп қалу, құрбыластарымен жиі болатын ұрыс-керістер, төбелестер, асоциалды сипаттағы формалды емес ұйымдарға қатысу.
4. Ата-анасымен өзара қарым-қатынастағы қиындықтар, яғни отбасылық тәрбиелеудің жағдайсыз тұрпаты: либералдық немесе индифференттік стильдер, баладан алшақ кету, ажырасу, ата-аналармен жиі жанжалдасу және қақтығыстар және т.б.
5. Психобелсенді заттарды қолдану, яғни токсикомания, ішкілікке, нашақорлыққа бейімділік, соның ішінде құрамында психобелсенді заттар бар дәрілерді қабылдау.
«Тәуекел тобындағы» балалар ұғымының мәнін толық ашу үшін «тәуекел тобындағы» балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін қарастырамыз.
Ғалымдар тәуекел тобына жататын балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сипаттады. Жалпы алғанда, олар балалардың психикалық дамуының баяу қарқыны, интеллектуалдық дамуының төмен деңгейі, эмоционалдық сферасы мен қиялының нашарлығы, бейімделушілік, өзін-өзі реттеу дағдылары мен дұрыс мінез-құлқының болмауы, оқуда артта қалу, құрдастарымен қақтығыстарға түсу және т.б. Атап айту керек, ғалымдар «тәуекел тобындағы» балалардың әр жас кезеңіне жеке тоқталды.
Педагогикалық-психологиялық әдебиетті зерттеп, біз «тәуекел тобындағы» балалардың жас кезеңділігіне қарай психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін қарастырдық (1-кесте).
Кесте 1
«Тәуекел тобындағы» балалардың жас кезеңділігіне қарай психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
№
|
жас кезеңділігі
|
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
|
1
|
мектеп жасына дейінгі кезең
|
когнитивтік белсенділіктің төмендігі, сөйлеу дамуының артта қалуы, ақыл-ой дамуының тежелуі, коммуникативті дағдылардың болмауы; құрдастарымен қарым-қатынастағы қақтығыстары, өз тәжірибесін басқа адамдармен бөліспеуі; эмоционалдық көріністердің аздығы; ересектердің оң баға бермеуіне қызығушылықтың болмауы, өз бетімен қаңдай да бір іс-шараны орындауды білмеу
|
2
|
бастауыш мектеп шағындағы кезең
|
интеллектуалдық сферасының дамуында ауытқуы бар; оқу материалын меңгеру қиынға соғады, олардың ойлауы дамуы артта қалады, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі басқару қабілеті дамымаған. Оқуға деген ынтасы нашар. Рөлдік ойындарды ойнауды білмейді, олар кішкентай балаларға тән қарапайым манипуляциялық ойындарды ұнатады
|
3
|
жеткіншектік кезең
|
басқа адамдармен қарым-қатынастағы қиындықтары бар; сезімнің үстірттігі, тәуелділігі, басқалардың қалауы бойынша өмір сүру әдеті байқалады. Өзін-өзі тану және объективті түрінде өзін бағалауы қалыптаспаған; оқу материалын меңгеруде қиындықтар бар, өрескел бұзушылықтарды көрсетеді, яғни тәртіпсіздік, қаңғыбастық, ұрлық жасау. Оларда мазасыздық пен агрессивтіліктің жоғары деңгейі болады. Қызығушылықтары шектеулі: үйден көшеге шығу немесе қашу, суицидтік мінез-құлық көрсету
|
4
|
жасөспірімдік кезең
|
адамдармен тіл табыса алмау, үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас орнатудағы қиындықтары бар, адамдарды шеттету және сенімсіздік; басқаларды түсінуге, оларды қабылдауға, олардың тілектері мен сезімдеріне ғана сенуге мүмкіндік бермейтін сезімдердің дамуындағы бұзушылықтар; әлеуметтік нормалар мен ережелерді түсінуді қиындататын әлеуметтік интеллект деңгейінің төмендігі, өз іс-әрекеті үшін нашар дамыған жауапкершілік сезімі, өз-өзіне сенімсіздік, өзін-өзі төмен бағалау; ерік сферасының қалыптаспауы, мақсаттылықтың болмауы; аддиктивті мінез-құлыққа бейімділік: темекі шегу, алкоголь, жеңіл есірткі, улы және дәрілік заттар және т.б. бір немесе бірнеше психоактивті заттарды пайдалану; мінезі жасырын, басқалармен өзін аша алмайды
|
Сонымен, дипломдық зерттеудің «Тәуекел топ» және «Тәуекел тобындағы» балалар ұғымдарының мәнін ашу деген бірінші міндетін шештік, яғни бір анықтаманы басшылыққа алдық, «тәуекел тобындағы» балалардың пайда болу факторы мен себептерін анықтадық және олардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сипаттадық.
1.2 «Тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың құрылымы және мазмұны
Мектепте педагог-психолог, әлеуметтік педагогпен бірлесе әртүрлі санаттағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық және педагогикалық-психологиялық жұмыс атқарады. Сондықтан, зерттеу жұмыстың келесі міндеті: «тәуекел тобындағы» балалармен және олардың отбасымен психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ерекшеліктерін анықтау. Психология саласындағы энциклопедиялық сөздікте ерекшеліктер - басқалардан ерекшеленетін тән қасиеттер деп анықталады [8, б. 363].
«Тәуекел тобындағы» балалармен және олардың отбасымен психологиялық-педагогикалық жұмыстың мақсаты, міндеттері мен мазмұны, құрылымы мен принциптеріне тоқталайық.
«Тәуекел тобындағы» балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс дегеніміз бұл оқыту мен тәрбиелеудің бейімделген жүйесі, оның мазмұны, әдістері мен ұйымдастырушылық формалары оқыту мен тәрбиелеуде мәселелері бар балалар үшін қолайлы білім беру және тәрбиелік орта құру.
Психологиялық-педагогикалық жұмыстың негізгі мақсаты - баланың дамуына және әлеуметтендіруіне тиімді жағдай жасау, жанұя мен мектептің арасындағы байланыс пен әріптестік қатынасты жүргізіп отыру. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық-педагогикалық, психологиялық және өмірлік-практикалық міндеттерді орындау қажет. Аталған міндеттер 2-кесте көрсетілген. Әлбетте, бұл міндеттер педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекші басқада мемлекеттік мекемелер, спорт ұйымдары мен кітапханалар ұйымдарының, балаларды қорғаушы және оларға қамқоршы ұйымдардың, бірлестіктердің т.б. көмегін іске асырылады.
«Тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен психологиялық-педагогикалық жұмысының құрылымына келесі бағыттар кіреді:
- құқықтық, яғни құқықтық білім жүйесін таныстыру мен насихаттау;
- әлеуметтік-тұрмыстық, яғни ҚР-ның заңнамасына сәйкес материалдық көмек көрсету (ақшалай, патронат, жәрдемақы және жеңілдіктер, тұрмыстағы көмек);
- психологиялық, яғни қиын өмірлік жағдайда болған балалар мен отбасына психологиялық көмек беру мен қолдау;
- педагогикалық, яғни оқытуда кездесетін қиындықтарды шешуге кеңес және көмек беру;
- мәдени, яғни оқушылардың бос уақытты мәдениетті түрде ұйымдастыру мен өткізу;
- медициналық, яғни қажетті жағдайда медициналық көмек ұйымдастыру.
Кесте 2
«Тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен психологиялық-педагогикалық жұмыстың міндеттері
Ұйымдастырушылық-педагогикалық міндеттер
|
Балалардың қызығушылығы мен қажеттілігін зерттеу; сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру;
білім беру және тәрбиелік орта құру; ата-аналар, балалардың бос уақытты ұйымдастыру мүмкіншілігін айқындау
|
Психологиялық-педагогикалық міндеттер
|
Балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
сабаққа деген үлгерімді жақсарту; тиімді әлеуметтендіруге жағдай жасау; шығармашылық қабілеттерді және қарым-қатынас іскерлігін дамыту
|
Өмірлік-практикалық міндеттер
|
Балаларды өмірлік жағдайаттарды дұрыс қабылауға үйрету; заң тұрғысынан негізделген материалдық көмек көрсету; оқушылардың бос уақытты мәдениетті түрде өткізу және демалысын ұйымдастыру; бала мен ата аналар арасында қарым қатынасты жақсарту үшін ықпал ету
|
Губайдуллинаның Г.Н. «Әлеуметтік-педагогикалық технологиялар» атты оқу құралында «тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен жүргізетін психологиялық-педагогикалық жұмыс келесі қызмет түрлерін қамтиды деп жазып көрсеткен:
- психологиялық-педагогикалық диагностика өткізу;
- психологиялық-педагогикалық алдын-алу;
- психологиялық-педагогикалық оңалту;
- психологиялық-педагогикалық түзету;
- психологиялық-педагогикалық кеңес беру;
- психологиялық-педагогикалық терапия;
- психологиялық-педагогикалық қолдау [9, б. 37].
Психологиялық-педагогикалық жұмыс түрлеріне жеке тоқталайық.
Психологиялық-педагогикалық диагностика бұл психологиялық-педагогикалық факторлардың тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, экологиялық және әлеуметтанулық факторлардың «тәукел тобындағы» балаға және оның отбасына әсері туралы ақпарат жиналатын арнайы ұйымдастырылған үдеріс.
Психологиялық-педагогикалық алдын-алу тұлғаның дамуында белгілі бір ауытқуларды тудыратын себептерді, қолайсыз жағдайлар мен факторларды алдын-алу жұмысы.
Психологиялық-педагогикалық оңалту баланың құқықтарын, мәртебесін, денсаулығын, құқықтық қабілетін қалпына келтіруге бағытталған өзара байланысты әрекеттердің кешенді өтетін жұмыс.
Психологиялық-педагогикалық түзету баланың нақты ауытқуларымен жұмыс істеуді қамтиды және ең алдымен баланың өзіне бағытталған.
Психологиялық-педагогикалық кеңес беру – балаға немесе ата-анасына қиын өмірлік жағдайдан шығудың жолын табуға көмек беруге бағытталған үдеріс. Осының ішінде ерекше отбасылық кеңес беру орын алады. Отбасылық кеңес беру туындайтын отбасылық мәселелерің алдын-алуға және ата-аналардың педагогикалық мәдениетін негіздерін қалыптастыруға бағытталған үдеріс.
Психологиялық-педагогикалық терапия – баланың білім алу, тәрбиелік және әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуін жеңілдету және оған әртүрлі психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік мәселелер мен қақтығыстарды шешуге көмектесу үдерісі.
Психологиялық-педагогикалық қолдау бұл белгілі бір педагогикалық ресурстармен, әлеуметтік институттардың мүмкіндіктерімен, қоғамның негізін құрайтын әлеуметтік қатынастармен таныстыру арқылы созылмалы қиын әлеуметтік жағдайларға тап болған баланы әлеуметтендіру мәселелерін шешу үшін субъективті-объективті және субъективті ұзақ мерзімді өзара әрекеттесу үдерісі.
Осылайша, «тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен психологиялық-педагогикалық жұмыс бір жүйе болып саналады және өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. «Тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен психологиялық-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері 3-кестеде келтірілген.
«Тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен жүргізетін психологиялық-педагогикалық жұмыс келесі принциптерге негізделінеді:
- жүйелілік принципі «тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларының психологиялық-педагогикалық мәселелерін кешенді түрінде анықтау және психологиялық-педагогикалық жұмысында қол жетімді әдістер мен формаларын пайдалануды көздейді;
- баланың оң қасиеттеріне сүйену принципі балаға өз күшін белсендіруді және жағдайдың оң нәтижесіне сенуді білдіреді;
- даралау принципі әр баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеруді талап етеді;
- психологиялық-педагогикалық жұмыс өмірмен байланысты принципі әлеуметтік орта, адамдардың іс-әрекеті, түрлі мәдени құндылықтармен қарым-қатынасты қалыптастыруды көздейді;
-психологиялық-педагогикалық жұмыстың біртұтастық және сабақтастық принципі мектеп, отбасы, қоғам және мәдени-демалыс мекемелерінің тәрбиелік ықпалының жүйелілігін білдіреді.
Кесте 3
«Тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен психологиялық-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері
Психологиялық-педагогикалық жұмыстың параметрлері
|
«Тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен психологиялық-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы
|
Нысаны
|
психолог-педагогтың іс-әрекетінің мақсатты реттілігі болып табылатын психологиялық-педагогикалық үдеріс, бұл үдерісте баланы әлеуметтік дамуда нақты мақсатқа оңтайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді (дамуды түзету); білім беру саласында (білім алу, тәрбиелеу, қайта оқыту, түзету); баланың өзін-өзі сынауға және бағалауға жағдай жасау
|
Пәні
|
нақты «тәуекел тобындағы» балаға бағытталған
|
Қажеттілігі
|
жеке балаға немесе оның отбасына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде пайда болады
|
Мерзімі
|
психологиялық-педагогикалық мәселе шешілетін уақытпен шектеледі
|
Түрлері
|
психологиялық-педагогикалық диагностика өткізу; психологиялық-педагогикалық алдын-алу; психологиялық-педагогикалық оңалту; психологиялық-педагогикалық түзету; психологиялық-педагогикалық кеңес беру; психологиялық-педагогикалық терапия; психологиялық-педагогикалық қолдау
|
«Тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен жүргізетін психологиялық-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктерін қарастыра отырып, сол ерекшеліктерді сулба ретінде көрсетуге тырыстық. «Тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен жүргізетін психологиялық-педагогикалық жұмыс жүйесі модель ретінде ұсынылып, 2-суретте көрсетілген.
Суретті талдай келе, келесі қорытынды жасауға болады: «тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен жүргізетін психологиялық-педагогикалық жұмыс жүйесі мақсат, міндеттер мен принциптерге негізделенеді. Сол міндеттер мен принциптер психологиялық-педагогикалық жұмыстың бағыттары мен қызмет түрлерін анықтайды. Осы орайда, «тәуекел тобындағы» балалар және олардың отбасыларымен жүргізетін психологиялық-педагогикалық жұмыстың сапалы нәтижесі нақты анықталған мақсат пен міндеттер, принциптер мен бағыттар, қызмет түрлеріне тәуелді болып келеді деп санауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |