Атауы
ГР-1,8
|
ГР-2,5
|
ГР-3,4
|
ГР-4,3
|
ГР-6,0
|
Қармау ені, м
|
1,8
|
2,5
|
3,4
|
4,3
|
6,0
|
Өңдеу тереңдігі, см
|
25,0…45,0
|
25,0…50,0
|
25,0…65,0
|
25,0…65,0
|
25,0…65,0
|
Жұмыс жылдамдығы, км/сағ.
|
8,0…12,0
|
8,0…12,0
|
8,0…12,0
|
8,0…12,0
|
8,0…12,0
|
Транспорттық жылдамдығы, км/сағ.
|
30,0
|
30,0
|
30,0
|
30,0
|
30,0
|
Жұмыс өнімділігі, га/сағ.
|
1,3…2,0
|
2,0…2,7
|
2,7…3,5
|
3,5…4,5
|
5,0…6,0
|
Салмағы, кг
|
480,0
|
720,0
|
950,0
|
1290,0
|
5500,0
|
Тіркелетін тракторлардың қуаты, а.к.
|
90…120
|
130…180
|
160…220
|
260…340
|
380…450
|
11-суретте терең қопсытқыштың тізбектік жүрісі және топырақтың қатты қабатының бұзылуы көрсетілген. Суреттің сол жағында топырақтың қатты табанында өсіп тұрған және қатты табаны бұзылған жерде өсіп тұрған мақта қозалары бейнеленген.
11-сурет – Терең қопсытқыштың іс әрекетінің тізбегі
Терең қопсыту технологиясы жүргізілген егістегі мақтаның дамуы және өнімділігі
Ауыл шаруашылығында барлық ғылыми зерттеулердің соңғы нәтижесі ауылшаруашылық дақылдарынан, соның ішінде шитті мақтадан да технологиялық сапалы жоғары өнім алу болып есептеледі.
Зерттеулерде мақта қозасының өсуіне, дамуына және өнімділігіне тікелей әсер ететін негізгі мәселелер мұқият зерттелді.
Өскін алынғаннан жиын-терімге дейін әр айдың бірінші жұлдызында қоза өсімдіктерінің өсуі мен дамуының фенологиялық бақылау жұмыстары жүргізілді (12,13,14-суреттер).
Достарыңызбен бөлісу: |