Мемлекет – белгілі бір территориясы, шегарасы, рәміздері, ұлты бар жалпыхалықтық ұйым. Қоғамның барлық саласында болып жатқан құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керегін ешкім де дәл тауып айта алмас еді. Заңдардың бәрінің бастауы, негізі – Конституция. Конституция (лат. constitutio – құрылу, өкім деген мағынаны білдіреді) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің гегізгі заңы.
Конституцияның мәні мемлекеттің негізгі заңдылық мүдделеріне, халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен және құзіреттілігімен айқындалады. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етіледі. Қазақстан Республикасының конституциясында халық ұғымы барлық ұлтты түгел қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі.
Конституция құрылымы мен мазмұны
1-кесте
Бөлім
|
Мазмұны
|
Баптары
|
І
|
ҚР-ның жалпы ережелері
|
1-9 баптар
|
ІІ
|
Адам және азамат
|
10-39 баптар
|
ІІІ
|
Президент
|
40-48 баптар
|
IV
|
Парламент
|
49-63 баптар
|
V
|
Үкімет
|
64-70 баптар
|
VI
|
Конституциялық Кеңес
|
71-74 баптар
|
VII
|
Соттар мен сот төрелігі
|
75-84 баптар
|
VIIІ
|
Жергіліктің мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
|
85-89 баптар
|
ІХ
|
Қорытынды және өтпелі ережелер
|
90-98 баптар
|
І бөлімде Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген; президенттік басқару нысаны, құқықтық қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси алуандылық, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған.
ІІ бөлімде адам құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер қамтылған.
ІІІ бөлімде президенттің, ІV бөлімде парламенттің, V бөлімде үкімет құрамының жасақталуы, сайлау және тағайындау мерзімдері мен заңдары, өкілеттіктері, атқаратын қызметтері, түрлі саяси ахуалдағы әрекеттерінің бағыттары, өзге органдармен байланыстары, ел экономикасын дамыту бағытында атқаратын жұмыстары, ішкі-сыртқы саясатты айқындап жүргізуі т.б. баяндалған.
VІ бөлімде Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары, VІІ бөлімде соттор мен сот төрелігінің жасақталуы, атқаратын қызметінің мазмұны мен реттілігі туралы айтылған.
VІІІ бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері, ІХ бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.
Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан мемлекеттің, ал екінші жағынан қоғамның негізгі заңы болып саналады. Мұның өзі мемлекеттің биліктің қайнар көзі ретінде және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі халықтың мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық элементімен: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заң шығарушылық қызметімен, т.б. қоса баянды етеді. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қарым-қатынастарының негіздерін қалайды. Ол қоғамдық құрылыстың экономикалық, ұйымдық, рухани және жеке тұлғалық негіздерін де анықтайды. Мемлекет қана емес, оның институттары да конституцияның құқықтық ережелерін, идеяларын пайдаланады. Қоғамның құрамдас бөліктері де (бірлестіктер, ұйымдар) өз қызметтерін конституцияға негіздеп құруы тиіс. Жекелеген заңдар бір қоғамдық институттардың – саяси партиялардың, діни, мәдени бірлестіктердің т.б. құрылуы мен қызметтерінің бағыттарын анықтайды. Өздерінің мақсаттары мен әрекеттері арқылы конституциялық құрылысты зорлықпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға бағытталған қоғамдық ұйымдардың құрылуына және әрекет етуіне тыйым салатын конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей іске асырылады. Сондықтан құқық қорғау органдары конституция нормаларының бұзылу жағдайына қатысты шаралар қолданғанда конституцияны тікелей басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының конституциясының жоғары заңдық күші бар. Мұның мәні – мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен нормативтік актілер конституцияға қайшы келмейтін болуы тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік органның қандайы болса да – жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез келген лауазымды тұлға, барлық азамат, олардың бірлестіктері конституция қағидаларында сақталуы керек. Конституцияда оның ережелері, нормалары тікелей қолданылады деген нұсқау бар. Мұның мәні – әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдарға, әсіресе сотқа өтініш білдіргенде, конституцияны және оның нормаларын пайдалануға құқылы.
Пайдаланылған әдебиеттер
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K970002030_
https://abai.kz/post/15039
Достарыңызбен бөлісу: |