Төртінші тақырыпша «ҚОРЫТЫНДЫ: ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ МЕН БІРЛІГІНІҢ ДИАЛЕКТИКАСЫ» деп аталады.
Қорытындыда көптеген интелегенциялардың Орта жүзден, әсіресе Арғын тайпасынан шыққандығын айтқан.
Семей, Ақмола және Торғай облысының кейбір аудандарындағы зиялылар орыстармен, әсіресе Сібір зиялыларымен өз байланыстарын басқаларға қарағанда көбірек бағалаған. Батыс пен Оңтүстіктің зиялылары, яғни Орал және Сырдария облыстары мен Торғай облысының кейбір аудандары татарлар мен өзбектермен тығыз байланысты болды және исламға көбірек бағдарланғаны туралы айтылған.
Кітаптың соңында Мұса Шорманов, Мұхаммед-Салық Бабажанов, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шаңгерей Бөкеев, Бақтыкерей Құлманов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Бақытжан Қаратаев, Дінмұхаммед Сұлтанғазин, Мәмбетәлі Сердалин, Барлыбек Сыртанов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Мұхаммеджан Сералин, Ахмет Байтұрсынов, Ғұмар Қараш және т.б интелегенция өкілдерінің өмірбаяндары туралы қысқаша мәлімет берген.
Достарыңызбен бөлісу: |