The geography of civilizations: «Өркениеттер географиясы:Қазақ интелегенциясының Қызметін кеңістік талдау, ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басына дейін»


Екінші тақырыпша «Қазақ интелегенцияларының қызметіне шолу» деп аталады



бет2/3
Дата09.01.2022
өлшемі41,36 Kb.
#110540
1   2   3
Байланысты:
Бексұлтан Айжамал Ерсултанқызы

Екінші тақырыпша «Қазақ интелегенцияларының қызметіне шолу» деп аталады

Бұл бөлімде алдымен интелегенция сөзіне түсініктеме беріп өткен. Мақала былай келтірілген: «Интелегенция деп тек білімді адамды атамаймыз. Керісінше, қоғамға деген сыни көзқарасы және оны өзінің идеалына жақындатуға деген ұмтылысы бар білімді адамдар».

Одан әрі жыраулар мен зар-заман ақындарын атап өтіп, олар дамуыдың балама жолын көрсете алмағандағын атап өткен.

ХІХ ғасырдың ортасында кейбір қазақтар орыс тілінде білім ала бастады. Дәл осы топтан алғашқы заманауи қазақ интелегенциясы пайда болды дейді. Олардың арасында белгілі ғалым Шоқан Уәлиханов, белгілі педагог Ыбырай Алтынсарин және "Дала Уәләяты газеті" (Дала генерал-губернаторының газеті) газетінде жұмыс істеген кейбір зиялы қауым өкілдері болды.

Интелегенция өкілдерінің қазақ қоғамы үшін ислам мен татар тілінің әсеріне алаңдағандығы айтылған. Олар қазақ тілі мен дәстүрлерін мақтан тұтқан. Және кеңес үкіметінің қазақ халқына қауіп төндірер идеологиясына қатты алаңдаушылық білдірген. Бұл алаңдаушылық олардың ұлттық сана-сезімін күшейткен.

ХХ ғасырдың басында орыс және мұсылман білім беру жүйелерінің таралуымен зиялы қауым күшейіп, әлеуметтік, мәдени және саяси қозғалыстарды ұйымдастыруға жеткілікті күшті әлеуметтік топқа айналған.

Революциядан кейін олар өздерінің газеттерін ("Серке", "Казак" және т.б.) және журналдарын ("Айқап" және т. б.) шығарып, көптеген кітаптар жаза бастағандығы айтылған.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының идеяларынан біз ХІХ ғасырдың әртүрлі зиялылары идеяларының таңдаулы үйлесімін таба аламыз. Мысалы: М.Дулатов өзінің әйгілі өлеңдер жинағында " Оян, Казак! (Проснись, казах!) (Уфа, 1910) деп ұлтының сана-сезімін оятуға барынша күш салған.

Интелегенция өкілдері дамыған өркениеттерден көп нәрсені үйренуге шақырды және жас зиялыларды қарапайым адамдардың игілігі үшін жұмыс істеуге шақырған.Уәлихановтан бастап барлық интелегенция өкілдері білімнің маңыздылығына және халыққа деген адалдыққа сенген. Әлихан Бөкейханов орыс мәдениетін белсенді зерттеуді, сондай-ақ Қазақ әдет-ғұрыптарын сақтауды жақтағандығы баяндалған.

Үшінші тақырыпша «ҚАЗАҚ ИНТЕЛЕГЕНЦИЯЛАРЫНЫҢ ӨМІРБАЯНДАРЫН ТАЛДАУ» деп аталады.

Бұл бөлімде тек 1917 жылға дейін қызметте көзге түскен қазақ интелегенциялары ғана енгізілген. Осы себептен де 1918-1919 жылдары жанданып, 1920 жылдары Қазақстан мен Түркістанда басшылық қызметтер атқарған интелегенция өкілдері (мысалы, Смағұл Сәдуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Ораз Жандосов, Сейітқали Меңгдешев) енгізілмеген.

Бұл бөлімде туған жерлеріне және жүздеріне қарай қазақ территориясынан шыққан интелегенция өкілдерін есепке алған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет