Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы – 4 сағат. Мақсаты



бет2/3
Дата21.11.2022
өлшемі0,78 Mb.
#159138
1   2   3
Байланысты:
2.7 ТӨЖ

Сабақтың тақырыбы

Отпен ойнама

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға оттың пайдасы мен зияны туралы түсіндіру. Оқушылардың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру
Отпен ойнамауға, үлкеннің тілін алуға тәрбиелеу.

Бағалау критерийі

Отты қолданудың қауіпсіздік ережелерін туралы біледі;

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау.Табиғатқа қамқорлық,сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру.


Сабақтыңбарысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтіңәрекеті

Оқушыныңәрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой қозғау

Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Отты.
Ал, балалар, оттың қандай пайдасы бар?
Отпен тамақ істейміз, үйімізді жылытамыз.
Ал, енді оттың зияны туралы не білеміз?
От қатты лаулап жанса, өрт болуы мүмкін. Өрттің кесірінен қаншама адамдар үйінен, тіпті өмірінен айырылып қалуы мүмкін.
«От - дос, от – жау» сөзінің мағынасын сұрау.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану
Отты қалай қолдану керектігі туралы ақпараттармен танысу
Жұмбақ
Бір нәрсе төрт бұрышты білесіз бе?
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Ішінде жансыз шоқпар тығулы тұр,
Қажетін кешке жақын білесіз де. (сіріңке)

Жаурағанды күлдірер,


Аяғы жоқты жүргізер.
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (от)

Үй үстінде ақ аю билейді. (түтін)


Ситуациялар шешу. (көрініс түрінде көрсету)
- Бақдәулеттің ата – анасы жұмыста болатын. Ол үйде жалғыз қалды. Бір кезде оған досы Қаршыға келді.
- Бақдәулет не істеп отырсың?
- Сабақ қарап отырмын.
- Сабақты қайтесің, одан да екеуіміз ойнайық.
- Жарайды.
Екеуі ойнауға кіріседі. Бір кезде Қаршыға қалтасына қолын салып, сіріңкені алып шығып:
Бақдәулет, мынаны қара, менде сіріңке бар. Қане, сіріңкемен от жағып көрейік.Қызық болатын шығар? Екеуі от жағуға кірісті. Содан от қатты жанған кезде екеуі шошып, үйден қаша жөнелді.
Ал, балалар, айтыңдаршы
Бақдәулет пен Қаршығаның істегені дұрыс па?
Балалар пікірі тыңдалады.
Екінші ситуацияны мұғалім оқып береді.
Жағдаяттық сұрақтар.
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің?
4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің?
5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің.Мұндай жағдайда не істер едің?
4) Өртке байланысты ережелермен таныстыру.
Сіріңке балаға ойыншық емес.
Үйде үлкендер болмаса, электр жабдықтарын қоспа.
Сіріңкені қалтаға салып жүргенді әдет қылма.
Үйде өрт болған жағдайда, әке – шешеңе немесе көршіңе хабарлас.
Өрт сөндіруге қарсы «101» телефонына қоңырау шалу керек.

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.


Дескриптор:
От туралы ақпаратпен танысады;
Оттың қауіпсіздік ережесін анықтайды;
Отты тиімді қолдану ережесін сипаттайды;
өзгерістерін жіктейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет