Тігін машиналарын шығаратын өндіріс саласы жылдам дамитын өндірістер қатарына жатады. Осыған орай тігін өндірісі үшін жоғары өнімді жабдықтардың пайда болуы заңды жағдай


Технологиялық жабдықтардың жалпы сипаттамасы



бет3/6
Дата05.10.2022
өлшемі69,38 Kb.
#151807
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ?ûëûì æ?íå á³ë³ì ìèíèñòðë³ã³

2. Технологиялық жабдықтардың жалпы сипаттамасы
Тігін өндірісінің жабдықтары орындайтын технологиялық операцияларына, алуан түрлеріне, машиналардың құрылымына және оларды басқару принциптеріне байланысты, номенклатурасы бойынша түрлері өте көп болып келеді.
Тігін бұйымдарын өндіру технологиялық үдерістері, оларды орындауға қажетті жабдықтардың конструкцияларын және құрылымдарын анықтайды. үдерістердің қажеттігіне, оларды орындау тәсілдеріне және де өңделетін бұйымның пішініне, формасына, мөлшерлеріне, сапасына байланысты өнім шығынын азайтатын жабдықтардың көптеген түрлері жасалуда.
Тігін өндірісінде құрылысы және физико–механикалық қасиеттері әртүрлі материалдарды өңдеу қажетті. Өңделінетін материалдардың созылымталдығы, тығыздығы, балқу температурасы, бетінің жағдайы тігін жабдықтарының жұмыс құралдары мен механизмдеріне айрықша талаптар қояды.
Ілмек тұрғызғыш құралдардың көмегімен орындалатын инешаншым,өңделетін материалдың созылымталдығына сай болуы қажет. Егер инешаншымның созылымталдығы материалдікінен аз болса, онда тігістегі жіптер үзіледі. Инешаншымдағы жіптердің орналасу құрлысының айрықшылығына байланысты ілмекті инешаншымның созымталдығы қайықты инешаншымға қарағанда жоғары болады. Қолданылған ілмекөрім түріне байланысты барлық тігін машиналары екі көлемді топтарға бөледі. Олар: қайықтықты (қайықты инешаншым тұрғызатындар) және ілмекті ишешаншымды (ілмекті ілмек өрім тұрғызатындар) машиналар.
Егер барлық жіппен біріктіру жұмыстарын 100% - деп қарайтын болсақ, онда оның 76% - қайықтық инешаншым, 9% - біржіпті ілмекті инешаншыммен,2% - екіжіпті ілмекті инешаншым, 5% - жиекторлау инешаншым, 8% - бір мезетте жиегін торлап, екі жіпті ілмектеу інешаншым болады екен.
Тігін өнеркәсібінің жабдықтарын қолдану аймағына байланысты: дайындау – пішу өндірісінің жабдықтары; тігу жабдықтары және ылғалды жылумен өңдеу жабдықтары топтарына бөлуге болады.
Бұйым бөлшектерін, жаймаларды цехтер арасында, цех ішінде жұмыс орындарына тасымалдауға арналған жабдықтар тасымал жабдықтары болады.
Цехтердегі технологиялық операцияларды орындауға арналған жабдықтар технологиялық жабдықтар болады. Олардың қатарында: қоймалардағы –заттарды сақтау; пішу цехіндегі – лекалдарды даярлау, маталардан төсемдер жасау және пішу; тігін цехіндегі – тігін машин аларын; әрлеу өндірісіндегі – үтіктер, баспақтар, әртүрлі булағыштарды және де басқаларды қарастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет