3.3. Жартылайавтоматтар Жартылайавтомат-машиналар циклдық және циклды емес болып бөлінеді.
Циклдік автоматтардың қолданылып келе жатқанына 100 жылдан астам уақыт болды. Олар өзінің аталуын жұмыс орындауының басты біліктің айналу санымен тікелей байланысқанына сәйкес алды. Осыған дейін машинаның өңделетін материалды қысқышының, тоқтатқышының автоматты тоқтауы, жіпті қиуы, материалды кесуі маханикалық жүйемен автоматты орындалатын. Бұл жағдай машинаның автоматты циклын өзгертуге мүмкіндік бермеді. Қазіргі, заманауи жартылайавтоматтар сандық басқару жүйесімен қамтамасыз етілген. Немесе басты біліктің орналасу жағдайымен жартылай шикізат бекітілген жылжытқыш арасындағы байланыс электрондық құрылыммен орындалады. Осының арқасында жартылай автоматтардың жұмыс кезеңін бағдарламаның көмегімен орындау мүмкін болды.
Циклдік жартылай автоматтар келесі түрлерге бөлінеді:
1) ілгек орындаушы жартылай автоматтар;
2) бекіткіш орындағыш жартылайавтоматтар;
3) фурнитура тігу жартылай автоматтары.
Ілгек орындайтын жартылайавтоматтар екіге бөлінеді. Оның біріншісі қайықты инетепшіммен тура ілгек жасайды. Мұндай ілгектер жұмыс киімінде, ішкиімдерде қолданылады. Екіншісі қос ілмекті инешаншыммен тігеді, көбінесе ілмекте көз тесік орындалады, әрине, кейде тура ілмекте жасалынады.
Мұндай ілмектер сырт киімде, джинсте қолданылады. Кей жағдайда мұндай ілмектің екінші басы сына пішінді немесе тура бекіткішті болады. Кейбір жоғары сапалы бұйымдарда бекіткіш жасалмауы да мүмкін. Бұл жағдайда бекіткіш бөлек жартылайавтоматпен орындалынады.
Мұндай машинамен этикетканы да тігуге болады. Бекіткіштер шаншу саны, пішіні бойынша түрлі болады. Бекіткіштер қайықты инешаншыммен орындалады. Мұндай жартылайавтоматтармен шалбарда, белдемшеде, джинсте белдік ұстағышты тігуге болады.
Фурнитураны тігіуге арналған жартылайавтоматтар түймені, ілмекті, көбінесе, біржіпті ілмекті инешаншыммен тігеді. Түйме тігуге қойылатын талап жоғары болғанда қайықтық инешаншымда қолданылады.
Циклдік емес жартылайавтоматтар басты біліктің айналу санына және тігу құралына қарағанда жартылай фабрикаттың ораласуына берік байланысы болмайды. Тігімнің пішініне, тігісті орындау айрықшылығына байланысты циклдік емес жартылай автоматтар келесі топтарға бөлінеді:
1. түзу сызықты тігімді өңделетін бөлшектің шетіне шығарып тігетін;
2. түзу сызықты тігімді бөлшектің шетіне шығармай тігетін;
3. тігімді түзуден сәл ауытқый орындайтын;
4. бөлшектің күрделі жиекгімен тігіс орындатын;
5. күрделі жиекпен бөлшекты сырып тігетін;
6. кезкелген берілген жиекпен байланысыз тігетін.
Құрылысы бойынша циклсіз жартылайавтоматтар екіге бөлінеді:
1) Тігісті орындайтын бастиек тұрақты орналасқан, берілген жиекпен өңделетін бөлшек бекітілген кассета қозғалады;
2) Кассета қозғалмайды, ал тігуші бастиек қозғалысқа келеді.