Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі



бет5/9
Дата08.02.2022
өлшемі47,41 Kb.
#117432
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
тиісті үлгі

2 -тарау. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
16. Білім алушылар, педагогтар, білім алушылардың заңды өкілдері білім беру процесінің субъектілері болып табылады.
17. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білім беретін үлгілік оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымдары береді.
18. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе басқа да кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдар жатады.
Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа "Білім туралы" Заңның 51-бабында көзделген адамдарға рұқсат етілмейді.
19. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
20. Білім беру ұйымдарының педагогтары "Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.
21. Білім беру ұйымдары оқу процесін "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген), "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
22. Бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен машықтарын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, коммуникативтік дағдылардың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
23. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталған.
Үлгілік оқу бағдарламасы білім алушылардың бейіналды даярлығын қамтиды.
24. Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, дифференциациялау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленген.
25. Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие процесі үлгілік оқу бағдарламаларына және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Орта білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспарының үлгілік оқу жоспаларына және МЖМБС-на сәйкес қамтамасыз етеді.
26. Білім беру ұйымдарында қосымша білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары іске асырылады.
27. Білім беру ұйымдарында оқыту процесі үлгілік оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу жұмыс кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.
28. Меншік нысандарына қарамастан, барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің МЖМБС-на сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етеді.
29. Білім беру ұйымдары үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік компоненттерінің сағаттарын мектептен тыс (мәдениет мекемелерінде, спорт ғимараттарында, әскери объектілерде, зерттеу зертханаларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, табиғатта) өткізеді.
30. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі МЖМБС, санитариялық қағидалардың, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру саласындағы денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
31. Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген).
32. Білім беру ұйымындағы сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.
33. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.
Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.
34. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын білім алушылардың игеруін бақылау мақсатында білім беру ұйымдары "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады.
35. Білім беру ұйымдары бір күндегі ең жоғары оқу жүктемесін белгілеуде, өздерінің жарғыларында айқындалатын оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін таңдауда дербес болады.
36. Барлық білім беру ұйымдары, меншік нысанына қарамастан, білім алушылардың бойында патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты қарым-қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде тамақтандыру объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолымен теңгерімді дұрыс тамақтануды және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
37. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген) сәйкес оқу жайларымен бірге алаңы бар материалдық активтердің меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару, немесе жалға алу құқығына тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, жарақтандыру нормаларына сәйкес жабдықтар мен жиһаздардың, бастауыш білім беру деңгейі үшін жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың; компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен қамтылудың, оқу зертханалардың, спорт залдардың, медициналық пункттердің, асхана немесе буфеттің), ғимараттардың (оқу корпустарының) болуы, сондай-ақ орта білім беру ұйымының жайларында және (немесе) оған іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы қажет.
38. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді және ұлттық білім беру деректер қорындағы деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
39. Білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
40. Білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
41. Білім беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады. Педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестер және педагогтік әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары болып табылады.


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына 3-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет