Орналасқан жеріне (анатомиялық сипаттамасына) қарай:
1)Сыртқы геморрой- кеңейген көктамырлар тарақша сызық деңгейінде, яғни тік ішектің кілегей қабатының терімен шектесу аймағында орналасқан
2)Ішкі геморрой – кеңейген көктамырлар қысқыш(сфинктер) деңгейінен жоғары орналасады.
4.Қайталамалы (рецидивті)
Кеңейген вена түйіндерінің сыртқа түсу дәрежесіне қарай:
Кеңейген вена түйіндерінің сыртқа түсу дәрежесіне қарай:
а) 1 дәрежелі – түйіндер тек үлкен дәретте (дефекация акті) сыртқа қарай шығып, соңынан өздігінен, еш қосымша көмексіз, орнына қайта түседі.
б) 2 дәрежелі – дәреттен соң немесе ауыр физикалық күш түсуден сыртқа шыққан түйіндер өздігінен орнына түспейді,сондықтан оларды қосымша қимылмен (қолмен) орнына түсіру қажеттілігі туады.
с) 3 дәрежелі – түйіндер ауру адам тік тұрғанда, жүргенде немесе кішігірім физикалық ауыртпалық түскеннің өзінде шығып, қайта орнына түспейді.
1-саты-Қан кету, ыңғайсыздық (дискомфорт), Геморрой түйіндері анальдық өзектен тыс шықпайды. 2-саты-Қан кету,түйіндердің тік ішектен тыс шығуы,қышыма,кілегей бөлінділер, Геморрой түйіндері шыққанмен олар орнына өзбеті түседі. 3- саты- Қан кету,түйіндердің тік ішектен тыс шығуы,қышыма,кілегей бөлінділер. Сыртқа шыққан геморрой түйіндерін орнына түсіру саусақпне орындалады. 4- саты - Қан кету,түйіндердің тік ішектен тыс шығуы,қышыма,кілегей бөлінділер,ауру сезімі,сфинктер қызметінің бұзылуы. Геморрой түйіндерінің тұрақты шығуы,оларды орнына түсіру мүмкіншілігінің жойылуы.