Қызығушылықты ояту:
7 мин.
|
Ой шақыру
Бүгінгі кездесуіміздің мақсатын анықтап алайық.
Тақтаға тыңдаушылар қойған мақсатты жазамыз
«Ой қозғау» тәсілін пайдалану
Сабағымызды бастамас бұрын сіздерге сұрақтар ұсынамын.
1. Сіз шаштаразға барғанда қандай мақсат қоясыз, қандай міндеттерді орындайсыз?
2. Қонақ шақырғанда қандай мақсат қойып оған жету үшін қандай әрекеттер жасайсыз
3.Дүкен аралағанда қандай мақсат қойып,оған қалай жетесіз?
Тыңдаушылардың пікірлерін тыңдау
Енді сіздер сабаққа мақсат қою туралы білімдеріңіз қай деңгейде екенін тақтаға, стикерлерге аттарыңызды жазып іле қойыңыздар
Сабаққа мақсат қою бойынша ұғымдарын бағамдау үшін, тақтаға стикерлермен деңгейін көрсетеді.
|
Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлай отырып, сұрақтарға ия, жоқ деген жауаптар ұсынады. Топ ортасынан біреуі топ пікірлерін ортаға салады.
Ия – жасыл түс.
Жоқ – қызыл түс.
|
Мағынаны тану:
1-тапсырма
20 мин.
|
Бүгінгі коучинг тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижесі айтылады.
Мақсатты қалай қоямыз? Мақсат қою алгоритмін көрсету
Стронг "Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім" деген болатын. Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Сондықтан жаңашыл идеяларды танудан және тәжірибе жасаудан жалықпағанымыз абзал. Осы орайда, мұғалімнің жұмысы дұрыс мақсат қоюдан басталатынын айтқым келеді. Мақсат дегеніміз не, ол не үшін қажет? Көптеген ғалымдардың берген анықтамалары бойынша мақсат дегеніміз:
болашақ нәтижені суреттеу
неге қол жеткізу керектігінің бейнесі
· белгілі бір анықталған күш-қайрат жұмсалатын және ұйымдастырылған
іс әрекет талап етілетін күтілетін нәтижелер жиынтығы
· бұл индивидумның өз күштерімен қол
жеткізе алатын келешектегі шындықты суреттеуі
Мақсат қандай болуы керек?
SMART мақсаттар мен міндеттер SMART – оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауда қолданылатын, 1981 жылы Джордж Доран енгізген ұғым. Автордың айтуынша, SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған. «Smart» сөзін ағылшын тілінен қазақшалағанда ақылды деген мағынаны білдіреді. Алайда, біз әңгіме жасағалы отырған жағдайдағы SMART ол сөз емес. Ол – 1954 жылы Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.
Specific – арнайы, нақты;
Measurable – өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;
Attainable – қолжетімділік;
Realistic – шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;
Timed – белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.
1. Specific.
Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз» деген мақсат айқын емес. Ал,ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қанша уақыт (сағат,тәулік, ай,жыл немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек.
2. Мақсат өлшенетін болу керек. Мысалы, «Жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.
3. Мақсат қолдан келерлік болу керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, негізгі мектепті тәмәмдап, «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат – қолдан келмейтін нәрсе.
4. Мақсат шынайы болу керек. Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, елуге келгеннен соң, «Мен космонавт (турист емес) болам» деген мақсат – бұл жаста қол жетпейтін жағдай.
5. Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек. Мақсат қоюды қарапайым өмірден алынған мысалмен түсіндіріп көрелік. Сыртта аяз, үйдің іші салқын болса, мен «Отынмен үйді жылытуым керек» деген мақсат қоямын. Осы қойылған мақсат дұрыс па? Жоқ, себебі мақсат нақты емес, немен жылытуым керек екенін білмеймін. Ал SMART бойынша жүйелесек:
Мақсат: Ағашпен үйді жылыту.
Міндет:
1.Ағашты кесу. 2.Үйге әкелу. 3.Отты тұтату, жағу.
Нәтиже:Үй жылынды.
Міне, осылайша біз мақсат қойған кезде оның SMART мақсат бойынша сипаттарына жауап берсек, жұмысымыз да соғұрлым нәтижелі болмақ.
1 –тапсырма.Топтық жұмыс . "Мақсатты тұжырымдау. Сабақтарға SMART мақсат қою"
Арнайы берілген сабақ шаблондарына сабақтың мақсаты мен оған жету әрекетерін жазады
Тақтадан смарт нысанасы көрсетіледі, парақшаларда таратылып беріледі. Енді қойылған мақсаттарын смартқа салады.
|
Топта талқылайды, постер жасап, ортада өз жұмыстарын қорғайды.
|