Прагмалингвистиканың пәні (гр.pragma-қимыл, қатынас) нақты коммуникация үрдісінде тілдің субстанциялық және функционалдық қасиеттерін, яғни нақты бір ситуация кезіндегі нақты индивидтердің вербалды және вербалды емес қатынас құралдарын қолданып, пікір алмасуды зерттеу болып табылады. Яғни адам өз ойын оқырманға қалай жеткізеді, қатынас құралдарын қалай қолданады және тағы сол сияқты мәселелерді зерттейді. Прагмалингвистика өткен ғасырдың 70-ші жылдарында пайда болған тіл білімінің жас, жаңа саласы. Алғаш Ч. Моррис еңбегінде сөз болған прагматика мәселелеріне Ю. С. Степанов, А ван Дейк, Г. Г. Матвеева, О. С. Москальская сынды ғалымдар еңбектерін арнап, прагматика теориясын дамытуға азды-көпті үлестерін қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |