Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі


Коммуникативті-прагматикалық лингвистика



бет33/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Коммуникативті-прагматикалық лингвистика нақты адамдардың ақпарат алмасу үрдісінде тіл бірліктері мен ережелерінің өзара әрекеттесуін шынайы қарым-қатынас кезіндегі барлық факторларды есепке ала отырып зерттейді. Ондай факторларға, біріншіден, интенция (айтушының әлде-бір коммуникативтік-мәнді мағынаны айту пиғылы, мақсаты) және коммуниканттардың мінез-құлқы, олардың бір-біріне көзқарасы, екіншіден, сөйлеу мазмұны мен формасы, ал үшіншіден, вербалды және вербалды емес тәсілдерді пайдалану т.б. жатады. 

Осы мәселелер жиынтығын шешу үшін жеке сөйлем аясын кеңейтіп, болмыстың кеңірек фрагменттерін қамтып көрсететін дискурс және мәтін түріндегі бірыңғай құрылымын қарастыру керек.  Осыған байланысты прагмалингвистиканың келесі екі аспектісін бөліп шығару жөн: дискурс теориясы (дискурсология) және мәтін теориясы (текстология). Жалпы және жеке (индивидуалды), үрдіс және нәтиже, субстанционалды және функционалды сияқты ұғымдардың түсініктемесін осы аспектілерден іздеу керек. Басқа сөзбен айтқанда, прагмалингвистика – адамдардың қарым-қатынас әрекетін зерттейтін ғылым.

Прагмалингвистикалық зерттеулердің мақсаттары:

1) Дискурсты, оның түрлерін қатынас мақсатына қарай және оның нақты бір коммуникация үрдісінде вербалды/вербалды емес қатынастармен жүзеге асырылуын зерттеу;

2) Мәтінді, оның түрлерін және мәтін ішіндегі байланыстарын зерттеу.

Прагмалингвистика – адамның коммуникативтік қызметін екі түрде: ауызша (дискурс) және жазбаша (мәтін) түрде зерттейді.  Олардың айырмашылықтарын танымдық ғылым негізінде үрдіс пен үрдістің нәтижесін салыстыра зерттеуден көруге болады. Бұл айырмашылықтар төмендегі сызбада берілген:

Дискурс

Мәтін

1. Дыбыстық формада сөйлеу немесе сөзді айту үрдісі.
2. Нақты бір ситуация кезінде вербалды және вербалды емес құралдарды қолдана айтылған дайындықсыз сөйлеу.
3. Коммуниканттар арасындағы тікелей қатынас.
4. Сөздің, сөйлеудің айтылу мезгілі мен қабылдау мезгілі бір уақытта өтеді. 

5.Сөйлеудің рөлдері ауысып отыратын айтушысы мен тыңдаушысы бар. Оны екіжақты дискурс дейміз.



1. Графикалық формада берілген сөйлеу нәтижесі.
2. Өңделген сөйлеу.

3. Коммуниканттар арсында тікелей қатынастың болмауы.

4. Сөздің, сөйлеудің айтылу мезгілі мен қабылдау мезгілі әр түрлі уақытта, кезеңде өтеді.
5. Толық емес коммуникативтік жағдайдағы бір ғана автор.


Сызбадан төмендегідей қорытынды жасауға болады:

1) Дискурс – сөзді айту үрдісі және дайындықсыз сөйлеу;

2) Мәтін – өңделген сөйлеу;

3) Дискурстың кез келген түрінде (монолог немесе диалог) қатынасқа түсуші адамдар арасында тікелей қарым-қатынас болуы керек. Ал мәліметті мәтін арқылы бергенде бұл сиқты тікелей қатынас болмайды

4) Дискурс кезінде сөздің, сөйлеудің айтылу мезгілі мен қабылдау мезгілі бір уақытта өтеді. Ал мәтінді жазу мен оқу бір мезгілде жүзеге аспайды. Олардың арасы алшақ болады, мысалы біз бірнеше ғасыр бұрын жазылған мәтінді оқи аламыз

5) Екі жақты дискурс кезінде (әңгіме, пікірсайыс) екі автор кезек кезек сөйлеседі, ал мәтінде автор біреу ғана болады. 

Сөздің, сөйлеудің осы екі түрінде әртүрлі тәжірибе жатыр: ауызша сөйлеу (дискурс) тәжірибесі негізінен диалог түрінде іске асса, жазбаша сөйлеу тәжірибесі монолог ретінде жүзеге асады

  «Құзіреттілік» терминін  алғаш  рет  Фердинанд  Де Соссюр  өз еңбектерінде адамның тек  тілді үйрету мағынасында  ғылыми  тұжырымдама жасаған болатын . Құзіреттілік терминін ғылымға алғаш рет Н. Хомский енгізген. Оны адамның белгілі бір іс-əрекетті орындауға қабілеттілігін көрсету үшін қолданды. Тіл меңгеруде құзіреттіліктің негізгі үш түрі айқындалған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет