5. Сөздердің орын тәртібі. Бұл да - грамматикалық тәсілдердің бірі. Сөз түрлендіруші формалар жоқ немесе аз тілдерде сездердің, орын тәртібінің мәні айрықша. Ағылшын тілі мен қытай тіліңде сөздердің орын тәртібі - грамматикалық тәсілдердің ішіндегі басты тәсілдердің бірі. Мысалы: the Fathers loves son - әке сүй бала (әке баласын сүйеді). Мұндағы сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырсақ, сөйлем мүлде басқаша мағынаға ие болады. Мәселен, сөз баяндауыштың алдында тұрса - бастауыш, баяндауыштан соң тұрса — толықтауыш деген сияқты.
Міне, сөздердің орын тәртібі — грамматикалық мағына атқарады дегеніміз осы. Орыс тілінде де дәл осындай: Мать \ (бастауыш) любит (баяндауыш) дочь (толықтауыш). Дочь любит мать.
Сөздердің орын тәртібі түркі тілдерінде кейде анықтауыш пен анықталғыш сөздің жігін ажыратуға көмектеседі. Мысалы: сағат қалта - сағат салатын қалта, ал қалта сағат - қалтаға салатын сағат. Бұдан арыға бармайды, барса (инверсия) тек стильдік қызмет атқарады. Мысалы: Тарт қолыңды Шешенстаннан! Мұндайда сөйлем мүшелерінің табиғаты өзгермейді.
Француз тілінде септеу (склонение) жоқ. Сондықтан онда сөздердің орын тәртібі ең басты грамматикалық тәсіл ретінде қолданылады. Мысалы: Henri apple Alfert — Анри шақыр(ады) Альберт (ті). Болмаса керісінше.
Достарыңызбен бөлісу: |