Тіл біліміне кіріспе



бет48/69
Дата17.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#75329
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69
Байланысты:
ввя лекции
ввя лекции, Дуйсеналыы Аружаан., Презентация 6, psih obsh i dov, Әлеуметтанудың рөлі, ЛЕКЦИЯға 2, Еңбең түбі береке, Еңбең түбі береке, Еңбең түбі береке
4. Полисинтетикалық немесе инкорпоративті тип. Бұған палеоазиат (чукот, коряк, ительмен, эскимос, алеут, кет, нивх, юкагир) тілдері мен американдық үндістердің тілдері жатады.

Бұл типтің ерекшелігі: жоғарыда аталған үш түрлі типтегі тілдерде сөйлем арқылы белгілі болатын синтаксистік қатынастар бұл тілдерде бір сөзбен беріле алады. Мысалы "мен семіз бүғыларды ғана өлтіремін" деген сөйлемді чукот тілінде ты+ата+каа+нмы+ркын деген жалғыз сөзбен береді. Мұндағы тыбірінші жақтың көрсеткіші, ркын — етістіктің жұрнағы, ал басқалары есім (семіз, бүғы) және етістік (өлтір) түбірлер.

Бұл құрылымдық тип бойынша, бір сөз (негіз) екінші бір сөздің негізі мен қосымшасының (немесе префикс пен негіздің) арасына сыналанып, қыстырылып кіреді де, синтаксистік топ құрайды. Мақсаты - әлгі бірліктердің арасындағы синтаксистік қатынастарды білдіру. Мұндайда аффикстік морфема өзінің негізінен бөлініп калса да, бұрынғы қызметін атқара береді.



Қысқартып айтсақ, тілдердің типтерін анықтау - оның құрылысын айқындау болып шығады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ тіліне синтетикалық тәсіл (аффиксация, сыртқы флексия), қытай тіліне аналитикалық тәсіл (екпін, сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер, интонация) тән екен. Ал орыс тілінде екеуі де (ішкі флексия мен сыртқы флексия, екпін, көмекші сөздер, т.б.) бар. Яғни онда синтетикалық кұбылыс та (аффиксация), аналитикалық құбылыс та (көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі) кездесе береді.

Олай болса, грамматикалық құрылысына қарай тілдер негізінен 1) синтетикалық тілдер, 2) аналитикалық тілдер болып екіге бөлінеді екен. Синтетикалық тілдерде грамматикалық мағыналар сөздердің түрленуі арқылы беріледі, яғни сөздер ішкі, сыртқы флексияға ұштасып барып, бір-бірімен байланысады. Мұндай қасиет әсіресе литва, неміс, түркі, славян тілдеріне тән. Ал аналитикалық тілдерде грамматикалық мағыналар (синтаксистік қатынастар) сөздердің формалары арқылы емес, олардың орын тәртібі, интонация жене көмекші сөздер арқылы беріледі. Бұл қасиет әсіресе ағылшын, француз, болгар, дат, грек тілдеріне тән.

Әрине, бұлай бөліну шартты нәрсе. Өйткені бұл тілдердің көпшілігінде грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі әрі синтетикалық, әрі аналитикалық болып та келе береді. Рас, бір тілдерде синтетикалық тәсіл басым, екіншілерінде аналитикалық тәсіл басым. Қай тәсіл басым болса, әлгі тілді сол типке жатқызамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет