Тіл біліміне кіріспе



бет21/69
Дата17.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#75329
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
Байланысты:
ввя лекции

6.Екпін тәсілі. Сөз екпіні тиянақсыз, яғни жылжымалы болса, ол да грамматикалық тәсіл ретінде қызмет атқарады. Екпін бір басқа буынға жылжыса, әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіреді. Мысалы: окна - жекеше, ілік септік (им.пад.), көпше, атау тұлғада; руки, ноги - руки, ноги дегендер де сондай.

Интонация тәсілі. Екпін сөзге қатысты болса, интонация — фразаға, сөйлемге қатысты болады. Интонациясына қарап, фраза сөйлем сұрау мәнінде ме, жоқ, байымдау, хабарлау немесе көтеріңкі (лепті) мәнінде ме? - дегенді білуге болады.

Мысалы: (зачет) тапсырдын ғой (байымдау, тұжырымдау).



Сынақты тапсырдың ғой (сұрау)? Кейде сөз тіркесі мен сөйлем де осылай ажыратылады. Мысалы: Ол студент (сөз тіркесі). Ол - студент (сөйлем).

Тілде ой екпіні (логикалық екпін) деген болады. Сөйлемдегі ой екпінінің түсуіне байланысты оның мән-мағынасы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: - Сен кітапты әкелдің бе? Ой екпініне байланысты жауап та әр түрлі болады: 1) — Иә, мен әкелдім,



2) Иә, кітапты (әкелдім). 3) Иә, әкелдім (кітапты). 4) Жоқ, әкелмедім (кітапты).

Сонымен, грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілдері алуан түрлі екен. Олар екі топқа бөлінеді: 1) синтетикалық тәсілдер (аффиксация, ішкі флексия, екпін, қосарлану), 2) аналитикалық тәсілдер (көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, интонация).

Синтетикалық тәсіл сөз ішінде болады, ал аналитикалық тәсіл сөздің сыртында болады.

Синтетикалық тәсілдер жиі қолданылатын тілдерді – синтетикалық тілдер, аналитикалық тәсілдер жиі қолданылатын - аналитикалық тілдер деп айтады. Синтетикалық тілдердің қатарына үндіеуропа, славян, түркі, маңғол тілдері жатады. Ал аналитикалық тілдерге ағылшын, болғар, дат, грек, француз тілдері енеді. Дегенмен, бұлардың көпшілігіне бұл екі тәсілдің екеуі де жат емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет