Тіл біліміне кіріспе



бет23/69
Дата17.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#75329
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69
Байланысты:
ввя лекции

Сөздің синтетикалық формалары. Сөздің синтетикалық формалары аффиксация арқылы және ішкі флексия (дыбыстардың алмасуы) аркылы жасалады. Мысалы, стол - столы, ағыл. table (үстел) — tables (үстелдер). Бұл сөздердің көпше формалары аффикстер арқылы жасалып тұр. Аффиксация тәсілінің префиксация, инфиксация, суффиксация деген түрлері бар. Бұлар сөздің қай жерінен қосылатындығымен ерекшеленеді.

Қазақ тілінде сөздің формаларын жасайтындар — жалғаулар (көптік, тәуелдік, септік, жіктік). Мысалы: әке+лер+ің+нің дос+ы+мын. Жалғаулардың кейбіреулері сөз тудырушы қызмет те атқарады. Мысалы: бос+қа, теб+е+ген, жүр+е+сі+нен, еге+у, жайы+мен т.б.

Сөздің синтетикалық формалары ішкі флексия аркылы да жасалады. Мысалы: ағыл. man (ер, еркек) — men (ерлер, еркектер), gast (қонақ) — gaste (қонактар). Соңғы сөз әрі ішкі флексия, әрі аффиксация арқылы жасалған.

2) Сөздің аналитикалық формалары. Сөздердің аналитикалық формасы дербес (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Мысалы: келе жатыр. Бұл — екі сөздің тіркесі емес, форма емес, бір сөздің күрделі (аналитикалык) формасы; біртұтас грамматикалық бірлік. Кел дегенде лексикалық мағына бар, келе жатыр дегенде бұл жерде дербес лексикалық мағына жоқ. Ол алдыңғы толық мағыналы дербес сөзге тіркесіп, оған осы шақта мағына үстеп тұр. Бұл жағынан жатыр көмекші етістігінің кызметі келеді, келмек, келіпті, келген дегендердегі -е+ді, -мек, -іп+ті, -ген аффикстерінің қызметтерімен бірдей. Бұл аффикстердің қызметтері де - шақтық мағына туғызу. Орыс тіліндегі будет работать (келер шақ) деген де — аналитикалық форма. Ол сөзді работать — работал (өткен шақ) - работает (осы шақ) дегендермен салыстырсақ, бұл айтқанымыз дәлелдене түседі.

Көмекші сөз өзінің грамматикалық табиғаты мен қызметі жағынан сөз түрлендіруші (форма тудырушы) морфемаға барабар қызмет атқарады. Ал аналитикалық конструкцияның формасы атауыш сөздің (бір сөздің) формасы болып саналады. Аналитикалық конструкция лексикалық жағынан да, грамматикалық жағынан да ажыратылмайды. Өйткені келе жатыр дегендегі осы шақтық мағына мен буду работать дегендегі келер шақтық мағына жатыр, буду көмекші етістіктерімен емес, олардың кел, работать деген атауыш сөздермен тіркесуі арқылы беріледі. Яғни грамматикалық мағына олардың тұтасқан тіркесі арқылы пайда болады және олар даяр түрған үлгі бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Сондықган да оларды тұрақты тіркестердің қатарына жатқызуға болмайды (олар аналитикалық формалар).

Аналитикалық конструкция - даяр тұрған аналитикалық (яғни даяр тұрған элемент) арқылы жасалады. Ол аналитикалық формант - көмекші сөз. Яғни дербес сөз даяр тұрған көмекші сөзді қабылдайды. Сөйтіп, аналитикалық форма жасалынады. Сөздің аналитикалық формасы бір бүтін мағынаны білдіреді.



Қорыта айтқанда: Сөз әр түрлі формаларға ие. Ол формалар грамматикалық мағыналарды білдіреді. Сөз формаларының екі түрі бар: бірі - сөздердің синтетикалық формасы, екіншісі - сөздердің аналитикалық формасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет