Тіл дамыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері



Дата15.03.2023
өлшемі21,58 Kb.
#172612
Байланысты:
Тіл дамыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері


Тіл дамыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері.

Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.


Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі , оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті,мазмұны бар.


Әдістеменің басты міндеті – балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс – тәсілдерін жинақтау, жасау.
Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тұжырымда бекітілгендей мектеп алды даярлықта білім алу тіл дамыту ана тіліндегі ауызша сөздің дағдыларын, сөздік этикетін бойына сіңіру.
Бағдарлама бойынша 2 тілді оқу міндетті.
Тіл дамыту әдістемесі барлық әдістемелер сияқты мына негізгі сұрақтарға жауап береді:
- Немен оқытамыз?
- Қалай оқытамыз?
- Неліктен тура осылай оқыту керек?

Е.И.Тихеева көрсеткендей, бұл ана тілі оның кедергісіз, жан – жақты дамуы тәрбиенің негізі болып табылады.


Тіл дамыту әдістемесі барлық педагогикалық ғылым сияқты жалпы ғылымға енеді.
Оның методологиялық негізі тіл және ойлауға үйрену болып табылады.
Тіл – басты қарым – қатынас құралы болып табылады. Ойлау – тіл сияқты қалыптасып дамиды. Адамдардың еңбек әрекеті барысында дамиды, қоршаған адамдар мен тұрмысының көрінісі болып табылады.
Тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысты, әсіресе тіл туралы ғылымдармен: тіл білімі (тіл білімдері бөлімі – фонетика, орфоэпия, лексикология, грамматика, морфология, синтаксис): психолингвистика.
Тіл функциялары туралы білім, тіл білімі және психологияда жасалған.
Әдістеменің басты тараулары:
- байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру
- сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
- балалардың ауызекі сөзінде сөз қорының және грамматикалық дағдыларының дамуы
- балаларды сауатты оқуға дайындау
- балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.

Тіл дамыту әдістемесі барлық мазмұны іс – жүзінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге арналған.


Тіл дамыту әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері.
Ғылыми зерттеу – осы аймақта жаңа теория және іс – тәжірибе енгізу.
Зерттеу:
Тарихи жайлар. Өткеннің қорытындыларын осы кезеңде тексеру және бағалау.
2) Тәжірибелік – балабақшада педагогикалық тәжірибе жүргізу.
3) Тәрбиешінің озық тәжірибесін талдап қорыту.
4) Тәрбиешілермен балалармен әңгіме.
5) Құжаттармен танысу.

Мектеп алды даярлықтың мақсаты мен талабы – ақыл – ой дамыту, тіл дамыту және ана тілін таным, оқу және ойлау іс - әрекетінің негізі болып табылады.


Мектепке дейінгі балаларды оқытудағы тіл дамыту мақсаттары:

1) Әр жас топтарында тіл дамыту бағдарламаға сай орындалуынқадағалау және қамтамасыз ету.


2) Балаларды оқыту мен тәрбиелеуді дұрыс жолға қою.
3) Қызметкерлерге бағыт беру жәнебақылау жасау.
4) Жағдай жасау (медициналық, гигиеналық, профилакториялық).
5) тіл дамыту бойынша озық тәжірибелерді жинақтап қорыту.
Педагогикалық жаңа инновациялық техниканы енгізу, педагогикалық өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.
6) Мамандардың дәреже деңгейіне және білім жетілдіруіне сай квалификациясын көтеру.
7) Балабақша мен отбасы арасында өзара педагогикалық білімді насихаттайтын жұмыстар ұйымдастыру. Ата–аналарды жалпы жиналыстарда оқу – тәрбие процестерімен таныстыру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет