Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары



бет24/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
29. Шығарманы оқыту
Көркем шығарманы оқыту – халқымыздың көркем тарихын оқыту. Ендеше, адам баласына берілетін рухани байлық әр халықтың ұлттық әдет-салты, дүниетанымы шыққан түп тамырында жататыны белгілі.
Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде көркем шығармадан тәлім алуға, шәкірттің оқырмандық қызығушылығын қалыптастыруға жол салу қажет. Көркем шығарманы оқып үйренуге қызығушылығын қалыптастыра білу – бұл тәрбиеші-мұғалімнің басты міндеті болуы тиіс.
Көркем шығарманы оқытуда ескертетін жайт – көркем шығарманың білім беру заңдылықтарын сақтау міндеті. Әсіресе, әдеби білім тұжырымдамасы, бағдарлама, оқулық, қосымша оқулық шеңберінде болуы тиіс. Белгілі бір әдебиетті оқыған кезінде көркем шығарманымен жұмыс істеу кезеңдері белгілі бір жүйемен жүзеге асырылады
1.Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Балаға көркем туындыны оқытпай, әдебиеттен білім беру мүмкін нәрсе емес. Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері, туынды оқушы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме, соны білу – мұғалім үшін маңызды мәселе.
2.Түсіндірмелі оқу, әсіресе, күрделі шығармаларды оқу кезінде тиімді болады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Бірақ екеуі бір-бірімен тығыз байланыста іске асып отырады. Мысалы, көркем туындыны түгелдей сыныпта оқуға уақыт жетіспейді, сондықтан мұғалім қалауы бойынша ең негізгі, маңызды бөлімдер сыныпта оқытылып, қалған бөлімдері үй тапсырмасы ретінде беріледі. 
3. Ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы кейде мұғалім әр оқушыға әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар бере отырып та тексереді.
а) өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату, не сол эпизодтың мазмұнының тезисін жасату;
ә) негізгі кейіпкерлерді жинақтату;
б) жазбаша викторина жүргізу.
в) сынақ үлгісіндегі ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру;
г) бүкіл сыныпқа ортақ тапсырма – көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндап беру;
Көркем туындыны оқуды ұйымдастыру, әрі бақылау жасауда баланы жалықтырмау, қажытпау керек. Ол үшін мұғалім қызықты, тиімді жолдар ізденгені дұрыс.
Айталық, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген нәфрәтлі, ғибратлы, ақын-мизам сияқты сөздер кездеседі. Нәфрәтлі – сөзін үлгілі, өнеге, ақын мизам- сөзін таразы, өлшеуіш деген ұғындырған абзал. «Қансонарда бүркінші шығады аңға» деген өлеңінде мына тәрізді түсініксіз сөздер ұшырайды: ғанибет, аңдағанда. Ғанибет – қызық, тамаша, көңіл көтеру мағынасында қолданылады да, ал аңдағанда болса, ол сөз түлкінің ізіне түсушілердің жүріс бағыты мағынасында жұмсалған деп бағдарланған.
Сөздердің синонимін табу жолымен түсіндіру; Мәселен, келбет сөзінің мағынасын ашу қиынға соғады. Себебі конкрет-абстракт сөз аралығын айыра алмау жағдаяттары кездеседі. Сондықтан бұл сөздерді дәл түсіндіру үшін сапалық сын есімдерге жалғап, тіркестіре отырып мағынасын анықтаған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет