Қазақ әдебиетінің қорытынды аттестаттау емтиханында әдеби эссе жазады.
әдеби-талдау эссе
| |
әдеби-сыни эссе,
| |
әдеби-шығармашылық эссе
| |
әдеби-дәлелдеме
| |
әдеби-салыстырмалы эссе
| | Әдеби эссенің әр түрінің мақсаты, жазылу ерекшеліктері бар. Мақсат, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады. - Әдеби эссенің әр түрінің мақсаты, жазылу ерекшеліктері бар. Мақсат, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады.
- 1. «Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоцияларды автордың оқырманына жеткізу тәсілдерін талдап жаз». Әдеби-талдау эссе автордың тосын және қатыгез эмоцияларды жеткізу үшін қолданған тәсілдерін тауып, талдап жазылады.
- 2. «Мұхтар Әуезов «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоцияларды оқырманына қаншалықты әсерлі жеткізе алды?» Әдеби-сыни эссе автордың тіл шеберлігіне сыни бағасын бере отырып жазылады.
- 3. «Тосын және қатыгез эмоциялардың М.Әуезовтің «Көксерек» повесі және әлемдік әдеби туындылардағы көрінісі». Әдеби-синтез эсседе бірнеше туындылардағы тосын және қатыгез эмоциялардың берілуін талдай келе, өзіндік бағасын шығарады, көзқарасы тұрғысынан шығарылған бағасына талдау жүргізеді.
- 4. Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоциялар оқырман психологиясына кері әсер ете ме? Әдебидәлелдеме эсседе білім алушы өз позициясын /ұстанымын/ танытады. Позициясын аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Аргумент келтіруде Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесімен ғана шектелмей, неғұрлым өзге дереккөздерден аргументтер келтірген сайын, соғұрлым эссе бағасы жоғарылайды.
- 5. «Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі Құрмашсың. Жоғалып кеткен Көксеректі күтпеген сәтте кездестірдің. Көксерек саған қарсы шауып, сен жараландың. Осы сәттегі сезіміңді сипаттап жаз. Әдеби-шығармашылық эссе жазуда Құрмаш рөліне енеді, сезімін, жай-күйін сипаттап жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |