Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 16 қарашасында шыққан №660 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға өзгерістер енгізілді. 11-сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу міндеттелді. Эссе жазу мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа формат болғандықтан, Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан көмекші құрал ретінде әдістемелік нұсқаулық әзірленді. Әдістемелік нұсқаулықта эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның шығармадан айырмашылығы жөнінде түсінік берілді. Сонымен қатар эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгілері ұсынылып, оларға талдау жасалды. Эссе талаптары және бағалау критерийлері халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, бірнеше дереккөздердегі мәліметтерді қарастырып, сараптап, талдап ұйғарылған қорытынды шешім бойынша құрастырылды.

Эссе мен шығарманың айырмашылығы Мектеп бағдарламасына сәйкес оқушылар әдебиет пәні бойынша шығарма жазуға дағдыланған, ұсынылған тақырыптарды таңдау, оларға жоспар құру, шығарма жазу барысында жоспарды негізге ала отырып, одан ауытқымау сияқты талаптарды игерген. Эссе мен шығарманың өзіндік ерекшеліктерін түсініп, бір-бірінен айқын ажырата алуы – аса маңызды қажеттілік. Екеуі де әдебиет пәні бойынша берілетін жазба жұмысы болғандықтан, оларды жазуға негіз болатын авторлар мен шығармалар да ортақ. Көркем әдебиеттің мақсаты – қоғам мен адам, халық пен жеке адам арасындағы әлеуметтік, психологиялық жанды байланыстарды табиғи суреттеу. Шығарма да, эссе де әдеби жанр, олардың қайнар көздері ортақ, тақырыптары ұқсас болғанмен, мақсаттары, құрылысы, бағыты, тілдік қолданысы, стилі әр түрлі.