Байланысты: Тіл ғылымымен жапсарлас ғылымдар және олардың классификациясы
Ғылым атаулының бәрі даму барысында тіл білімде басқа көптеген ғылымдармен байланысты. Ол ең алдымен қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Себебі тіл білімі тілді қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуы мен бірге дамитын қоғадық құбылыс ретінде қарастырады. Тіл білімі тілдің шығуы мен жасаллуы, дамуын зерттегенде тарих ғылымының деректерін пайдаланады. Ал тарих ғылымы халық тарихын, қоғам тарихын зерттеу барысында тіл білімінің деректері мен жетістіктерін пайдаланады. Содай –ақ тіл білімі археологиямен де, этнографиямен де байланысты. Себебі тіл – талай заманның жемісі, қазіргі тілдің элементтері өте ерте заманда жасалған. Ал архиология болса, ол халықтардың ежелгі кездегі тұрмысы мен әдет – ғұрыпын зерттейді. Содықтан архиология мен этнографияның деректері тіл тарихына қатысты мәселелердізерттеуде, айқындауда өте құнды материал ретінде қызмет ете алады.
Тіл ойлау мен тығыз байланысты. Осыған орай, тіл білімінің ойлау категориялары мен ойлаудың заңдары туралы ғылым – логикамен, ойлау процестері және олардың тілде көрінуі туралы ғылым – психологиямен байланысты. Тіл білімі философиямен де тығыз байланысты.
Тіл білімі қоғамдық ғылымдармен де байланысты. Тілдің дыбыстық жағын тіл білімінің фонетика саласы, физиканың акустика саласы қарастырады. Сөйлеу процесі дыбыстардың атау және тіл дыбыстарын қабылдау мен тікелей байланысты. Ал бұл процесті дыбыстардың арикуляциясы /сөйлеу мүшелері арқылы тіл дыбыстарының жасалуы/ жағынан және сөйлеуді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан физиология зерттейді. Тілдің күрмелу себептерін медицина ғылымының мамандары, атап айтқанда психиаторлар, дефектологтар, логопедтер зерттейді. Электронды машинамен аударма жасаудың, информация теориясының және кибернетиканың бірсыпыры мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы лингвистика мен математика ғылымдарының байланысын тудырып отыр.