Тіл ғылымымен жапсарлас ғылымдар және олардың классификациясы



бет1/5
Дата05.10.2022
өлшемі0,73 Mb.
#151754
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Тіл ғылымымен жапсарлас ғылымдар және олардың классификациясы

Тіл ғылымымен жапсарлас ғылымдар және олардың классификациясы

Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары .Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі — дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі — тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.

Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары:

Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары:

  • физиология,
  • физика,
  • математика,
  • география,
  • кибернетикамен байланысты.

Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.

Тіл білімінің теориялық мәні – тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады.

Тіл білімі немесе лингвистика -/француз тілінің латынша -«тіл»/сөзі бойынша жасалған термин : тіл туралы туралы ғылым дегенді білдіреді/. Тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысуы, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы, әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және граматикалық құрылысы болады.

Тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында сөздік құрамы лексикология саласында қарастырылады. Тіл білімінің осы салалары өз ішінде бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы.Фонетика саласы:

  • а) сипаттамалы фонетика:
  • б) салыстырмалы – тарихи фонетика:
  • в) экспериментальды фонетика және т/б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет