Мақсаты: мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;
-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;
-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.
Көшет
Көктем шығысымен Айжан аулаға гүл егіп, ағаш отырғызды. Күнде су құйып тұрды. Бір күні ол әжесімен ауылға кетті. Таңертең гүлге, ағашқа су құю керек екені есіне түсті. Гүлдер солып калатын шығар деп уайымдаумен болды. Ұзақ жата алмай, төрт-бес күннен соң үйіне келді. Келсе гүлі де, көшеттері де жайқалып өсіп қалыпты. Сөйтсе, апасы су құйып, күтіп жүріпті. Оны көрген Айжан қатты қуанды.
(62 сөз)
Жоспар:
1.Айжанның көшеттері.
2.Ол ауылға кетті.
З.Көшеттерін уайымдауы.
4.Айгүл неге қуанды?
№4
Мақсаты:мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;
-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;
-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.
Қараторғай
Мамыр айының бас кезі. Үйдің төбесіне шықтым. Көктемде келген қараторғайлар мені айналып шырылдап ұша бастады. Кішілеу қараторғай тобығымды сүйкей ұшып өтті. Қанатты достарға не болғанын білейін деп төмен қарадым. Көкшіл жасыл түстес жұмыртқа жатыр. Ол қараторғайдың жұмыртқасы екен. Өте сүйкімді осы қараторғайлар біздің үйге үйір. Олар бақшамыздағы зиянды құрттарды жейді. Ал балапандары құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Сондықтан қараторғайлар бар жердің ағаштары әдемі болып өседі.
(63 сөз)
С.Ақатаевтан
Жоспар:
1.Мамыр айы.
2.Көктемде қараторғайлар келді.
3.Олардың пайдасы.
Шығармалар
№1.
Тақырыбы: «Менің ауылым»
Жоспар:
I.Ауылымның кешкі көрінісі.
Тірек сөздер: қас қарайды, қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі, қой келді, сиырлар сүйкеніп.
II.Ауылымның адамдары.
Тірек сөздер: қарапайым, ақжарқын, тыным таппай еңбек етеді, туған жердің түлектері.
III.Әркімге өз мекені ыстық.
Тірек сөздер:
а) Адам баласы ешқашан кіндік қаны тамған жерін ұмытпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |