Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
Қазақстан Республикасының Әнұранын жатқа білуінен;
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, рәміздерін құрметтеуінен;
ел ішінен шыққан құрметті азаматтардың, халыққа танылған билер мен батырлардың өмірі мен даналық сөздерін білуде, жатқа айтуда, жазба жұмыстарында, олардың өмірінен үлгі алуынан;
қазақ және әлем классиктерінің шығармалары арқылы тарихи тұлғаларға құрметпен қарауда, өз туған жері, қоршаған ортаны сақтауға үйренуінен;
мәтін кейіпкерлеріне деген өз көзқарасын білдіруден;
адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеттілігі мен этикалық нормаларды сақтауынан көрінеді.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
бағдарлама көлемінде мәтінді мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп оқу дағдысынан;
мәтінмен жұмыс істеу (сұрақтарға жауап беру, суретпен жұмыс, шығарманың негізгі ойын түсіну, талдау, жоспар құру және т.б.) білігінен;
мәтін, сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыру білігінен;
көркем шығармаларды меңгеру, пайымдау, қарапайым талдау жасауынан;
шығарма авторлары туралы мәліметтер жинақтау білігінен;
шығармашылықпен мазмұндау, басты кейіпкерлерге сипаттама беру, әңгіме құрастыру білігінен;
ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу білуінен;
танымдық, шығармашылық жобаларды орындауынан көрінеді.
2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
сурет бойынша диалог құруды;
тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;
ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;
сызба бойынша өлең құрастыруды;
өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;
мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;
халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;
2-3 өлеңді жатқа айтуды;
мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);
2-сыныптың бірінші жартыжылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жартыжылдықта – 50-55 сөз оқуды.
Достарыңызбен бөлісу: |