3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей, шапшаң, мәнерлеп және сөз екпінін дұрыс қойып оқуды;
нұсқауға сәйкес мәтінді теріп оқуды;
мысалдағы үгіт–насихат, өсиет сөз айтылған жолдарды тауып оқуды;
көлемі қысқа мәтіндердегі оқиға мен іс-әрекетке өз көзқарасын білдіре әңгімелеуді;
көлемі 200–250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеуді;
мәтінге түрліше жоспар құруды;
мәтін мазмұнын өз сөзімен, толық әңгімелеуді;
мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоюды және оны дәлелдеуді;
оқиға желісін ажыратуды, оқиғаға өзінің көзқарасы мен пікірін білдіруді;
шығармадағы негізгі ойды табуды;
шығарма кейіпкерлеріне сипаттама, олардың іс-әрекеттеріне баға беруді;
мәтін авторын немесе авторы арқылы шығарманы атауды.
Оқушылар меңгеруі қажет:
ауыз әдебиеті үлгілерін жазба әдебиеттен ажырата алуды;
сызба бойынша өлең құрастыруды;
өзі байқаған, көрген іс-әрекет, оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;
мәтін кейіпкерлеріне, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;
халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айтуды; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;
мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);
3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуды; екінші жартыжылдықта – 60-65 сөз оқуды меңгеруі қажет.
4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Достарыңызбен бөлісу: |