|
-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
|
бет | 2/101 | Дата | 06.12.2023 | өлшемі | 0,98 Mb. | | #195288 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары (4)2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
мәтінді саналы оқуды;
шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей оқуды;
мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуды;
мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуы мен аяқталуын табуды;
көлемі 150 – 200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша тыңдау мен әңгімелеуді;
мәтіннің азат жолдарынан басталатын бөліктеріндегі ойды анықтау және оған атауын қоюды;
мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді табуды;
тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап беруді;
ертегілерді түрлеріне қарай топтауды;
халық ауыз әдебиетінің шағын жанрларын (жұмбақ, жаңылтпаш, қаламақ, сұрамақ, санамақ) ажыратуды;
өлеңнің басты ерекшеліктерін (ұйқасқа құралады, шумақтан тұрады және т.б.);
өлеңді мысалдан, әңгімеден ажыратуды;
оқулықпен жұмыс атқаруды (мәтін, сұрақ–тапсырмалар берілген беттерді көрсету және т.б.);
шығарманың авторы мен тақырыбын атауды.
2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
сурет бойынша диалог құруды;
тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;
ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;
сызба бойынша өлең құрастыруды;
өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;
мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;
халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;
2-3 өлеңді жатқа айтуды;
мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);
2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|